Озаттар» Үшін,  болмаса тҰрмыс сҰраҚтары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Озаттар» Үшін,  болмаса тҰрмыс сҰраҚтары.

Поиск

Қарым қатынас жөнінде айтып отырсақ та, әуелі тұрмысқа қатысты мәселелерге жауап тауып алайықшы. Мен бармын, Құдай бар, мен өз болмысымды басқара аламын, бұны Құдай қалай қабылдайды, бұл әлде шайтан азғыруы ма? 

Бұны біз неге жасаймыз? Кітап қатынас туралы ғой. Шындығында келешекте қиындыққа тап болмас үшін, өз арманыңағыдағы қарым қатынасты орнатуда қарсылыққа тап болмас үшін, бұл маңызды сұраққа жауап табу керек.

Егер жер бетіндегі бар адам бірдей болатын болса, сонда менің және басқа адамдардың тілегі - бір тілек болғаны ма?  

Неге барлық адам бірдей. Дүние қалай жаратылған, жалпы әлем, Құдай деген не – мен өз қабылдауымды айтқым келеді.

Басында бәрі болды, сонымен бірге ештеңе де болған жоқ – бос кеңістік. Мен дүние екі жақты деп айтқанмын. Бұл бір жағы. Құдай жағы. Құдай бәрі бола алды, сонымен бірге ештеңе де бола алмады. Неге? Өйткені ол өзімен кеңістікті (егер ол кеңістік деп атауға келсе) толтырады, және ол ештеңе болмай қалды, яғни ешқандай элементтер, молекулалар болған жоқ, тек бос кеңістік, ештеңе емес. Бұл дүниенің екі жақтылығы. Құдай екі жақты. Ол болды, уақыт болмады. Өйткені өзгеріс болмады. 

Негізінде уақыт жоқ, өзгерістер бар. Ал уақыт өзгерісті өлшейтін нәрсе. Өзгерістерді сағатпен, жылдармен, миллиондаған жылмен өлшейміз, негізінде уақыт жоқ, тек өзгерістер ғана болып тұрады. Бәрі болып және ештеңе болмаған кезде, ештеңе өзгерген жоқ, бәрі тұрақты, өзгермейтін болды. Құдай тағы бір екі жақтылықты жасағысы келді. «Мен бәрімін және ештеңе емеспін» деп шешті және оны екіге бөліп, денеге айналдырып, ішкі энергияны сыртқа құя бастады. Сөйтіп, дүние, ғалам пайда болды. Жарық пен көлеңке, күн мен түн, бәрі екіге бөліне бастады. Соның ішінде сана мен ішкі түйсік пайда болды. Өзгерістер басталды, өлшеуге болатын уақыт пайда болды. Бірақ уақыт шартты түсінік. Адам пайда болуымен бірге ақыл, қисынды ой пайда болды. Адамнан басқада ол жоқ. Ақылға аса мән береміз, бірақ оның біздің айналамызда болып жатқан оқиғалардың талдау құралы екенін біле бермейміз. Соның арқасында уақытты, қашықтықты, кез келген өзгерісті, бір шексіздіктен екінші шексіздікке шейін болып жатқан өзгерістерді – іштегі Құдайдың  сыртқа ақтарылуын өлшейді. Ақылдың, сананың пайда болуына байланысты адам өзін сезіне бастады: Мен бұл Менмін. Міне, Мен және ақыл бар, қисын бар. Ішкі түйсік – ішкі күш ойға алғанның бәрін жүзеге асыратын күш қалды. Ішкі түйсік – Құдай емес, жан емес, ол тек ойға алғанды іске айналдырушы құрал. Құдайдың алғашқы ойы – руханилықты іске айналдыру болды. Сондықтан рухани ол дұрыс, ал материалды бұл дұрыс емес деп айтады. Жамандық рухани дүниеден бөлек деп жатады, ол материя қалай пайда болғанын түсінбегеннен. Материя қайдан жаман болады, егер Құдайдың өзі материя болса. Тек материяланған Құдай. Әрқайсысымыздың ішімізде ол бар. Сондықтан да әрбір адам – МЕН, онда басында бар болған рух бар, ешқайда кеткен жоқ, күннен күнге материалданып жатыр. Ғалам кеңеюде. Материалданған ғалам пайда болғаннан бастап кеңейе бастады, шексіздікке дейін кеңейеді. Құдай өзі қалағанға шейін кеңейе береді. Ішкі дүниенің материалдануы деп аталатын ойын. Бұны біз қатты күйінде сезінеміз. Физикадан оқығанымыздай заттың бәрі атомнан, ал атомның 99%  бос кеңістіктен тұрады. Бұның бәрі құдай. Әрбір тас, әрбір ит, Сіз және мен, әрбір адам – Құдайдың жаратуы. Сол сияқты таулар, ормандар,өзендер, машиналар. Бұл ненің есебінен жаратылады? Мазасыздандырғыштың есебінен. Сіз бен біз үшін мазасыздандырғыш деген не? Бұл біздің саналы тілегіміз. Біз бір нәрсені қалаймыз және оны іске асырамыз. Бұны құдай ішімізде жүзеге асырады. Бізбен және біздің ішімізде болып жатқан Құдайдың ойға алғандарымен болып жатқан дүние. Біздің саналы мақсатымыз бен тілегіміз қасиетті, тілек оты іштен шығады, оны күнә деп қабылдау дұрыс емес. Құдайдың қолынан бәрі келетін болса, ол жамандық пен күнә жасай алмайды. Сондықтан мен де, серігім де – бұның бәрі Құдай, соның жаратқаны. Егер Құдай жоғары жетілген жаратылыс болса, ол бәрін жасай алады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)