Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
БҰл Әдіс кімге жарамайды.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Дарья Трутнева «Өз өміріңе мінсіз қарым қатынасты қалай жіберуге болады» Менің тарихым……………………………………………………………………………............. 2 Мен кім үшін жазамын……………………………………………………………………….........5 Бұл әдіс кімге жарамайды................................................................................................................7 Мінсіз қарым-қатынас дегеніміз не...............................................................................................10 Тәжірбие 1........................................................................................................................................12 Маңызды екі сұрақ:неге және не үшін...........................................................................................17 Тәжірбие 2.........................................................................................................................................20 Саналылықпен ұғыну – айыпсыз жауапкершілік .........................................................................23 Ішкі түйсік деген не......................................................................................................................... 24 Ер адам бейнесі, айел адам бейнесі ...............................................................................................27 Тәжірбие 3 ........................................................................................................................................29 Сіздің қарым-қатынасыңыз қалай қалыптасады ..........................................................................32 Өз қарым-қатынасыңызды басқара аласыз ба ..............................................................................35 Өз тұрғыларын қалай көруге болады ...........................................................................................38 Тәжірбие 4 ........................................................................................................................................39 Қабылданбаған қасиеттер ...............................................................................................................41 Неліктен өзіндегі бар қаситетті қабылдау маңызды, негізгісі, ҚАЛАЙ ....................................43 Тәжірбие 5 ............................................................................................................................ ...........45 Сіздің қарым-қатынасыңызға қандай қабылданбаған қасиеттер әсер етеді ............................. 47 Тәжірбие 6 ....................................................................................................................................... 49 Өз серігіне ішкі түйсік арқылы қалай әсер етуге болады ........................................................... 51 «Озаттар» үшін немесе тұрмыс сұрақтары ................................................................................ .53 Ер дам және әйел адам дегеніміз не ............................................................................................. 57 Адамның өмірдегі басты екі орны ............................................................................................... 59 Тәжірбие 7 ...................................................................................................................................... 62 P.S. Ішкі түйсікпен жұмыс жасау әдістемесін қолданып жүргендер үшін, әрине, арнайы сыйлық дайындадым – бұл жеке менен өте ашық ақпарат. Бұл бар болғаны меніің әлем қалыптасуы туралы көзқарасым. Бірақ мен шын көңіліммен осыған сенемін Сонымен қош келдіңіз ................................................................................................................... 65 «Озаттар» үшін: тілектің жасандылығы туралы ......................................................................... 66 «Озаттар» үшін: сенім сұрақтары ................................................................................................ 69 «Озаттар» үшін: қайта қалыптастырудың екі жолы .................................................................. 72 Куш жігер және тілегіңе қол жектізу ........................................................................................... 75 «Озаттар» үшін: бала не үшін керек ............................................................................................. 77
МЕНІҢ ТАРИХЫМ Қайырлы күн, қымбатты достар! Міне екінші кітабымды да жазуға кірістім. Жасырмаймын, оны жазу оңайға түсіп тұрған жоқ. Неге? Бұған байланысты менің нақтылы күткенім бар. Бірінші кітапты өзім үшін, ал екінші кітапты – Сіздер үшін жазамын. Бұл бірінші себеп. Екінші себеп, өзіме сенуге қиын болып тұрса да, бүл тақырып өте күрделі болып шықты. Әрі қарай әңгімелемек болған әдісімді жүйелемес бұрын 24 жыл бойы бұл әлемде ең күрделі нәрсе ақша екеніне қатты сендім. Ал адам арасындағы қарым-қатынас және махаббатты екінші орынға қойдым. Бұған қарамастан тұрмысқа ерте шықтым, бұл махаббатқа байланысты емес, шығу керек болған соң шыққанымды соңынан түсіндім. Мені қарым-қатынас қызықтырған жоқ, сондықтан ол маған маңызы жоқ жай нәрсе болып көрінді. 24 жыл бойы өз материалдық мәселемді ғана шешу үшін болмысты басқарудың ұсақ-ұсақ бөлшектерін жинаумен болдым. Осы ізденіс арқылы ішкі түйсікпен жұмыс әдісін меңгеріп, ол маған, достарыма адам сенгісіз жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жауапты материалдық жағына байланысты іздесем де, бұл әдіспен жұмыс істеудің өзіндік жағымды жақтары мен сыйлықтары жетерлік екен. Біздің ішкі түйсігіміз өзімізге қарағанда бақыт көрсеткішінің барлық сыйпатының өзара байланысын қатты сезеді. Сіз тіпті бұл әдіспен жұмыс істеуді ақшаға байланысты бастасаңыз да, Сізде бақыттың төрт ауқымы да Сізбен байланысты екенін ұғасыз. Қаншалықты ерсі естілгенімен Сіз ақшамен бірге өз мәселелеріңізді шешесіз. Дәл осы жағдай менің басымнан өтті. Қарым-қатынас туралы мәселеге бас қатырған емеспін. Қарым-қатынас маған арналмаған дедім. Бірақ 4 айдан соң, өз ішкі түйсігіммен осы әдіспен жұмыс істей бастағаннан кейін өз арманымдағы адамды кездестірдім. Менің арманымдағы адам деп айтуға келе ме, келмей ме, өйткені ондай адам туралы ойлауға батылым да жетпес еді. Өмірімді мәнді ететін, қанымды тасытатын өзімнің нағыз махаббатымды тауып алдым. Үш күн ішінде бір біріміз үшін жаралғанымызды түсіндік. Ол да мені іздеді. Мені өз қиялымда құрастырушы едім деп айтудан жалықпайтын еді. Жалпы үйлесімділік заңы өз биігінде болды. Ол туралы біз кейінірек сөйлесеміз. Бұл қарым-қатысымызға 3 жылдан асты. Мүмкін сондықтан да шығар, мен бұл кітапты жазғым келді. Дәл сол ақшамен болған жағдай сияқты Сіздің ішкі түйсігіңізге жол ашатын тамаша мүмкіндіктермен бөліскім келеді. Махаббат мен үшін ең киелі нәрсе: неке көкте құрылады. Ол туралы әлі айтамын. Ал, қазір... МЕН КІМ ҮШІН ЖАЗАМЫН? Рас, бұл өте қызықты сұрақ. Бұл жолдардың арасынан өзіңізді тауып алу үшін барлық мәселені жауып қою керек болды. Әлде таба алмау үшін бе? Соңғы кезде әйел мен еркек туралы мәселе ушығып кетті. Біз мұны сеземіз. Әйел деген кім? Еркек деген кім? Әр жыныстың қандай қызметі және қандай құқы бар? Біз бір бірімізге бересіміз бар ма? Жалпы махаббат керек пе, әлде жанұя құрып, өзара сыйластық болса болды ма? Әйелдер мықты болуы керек пе? Әйел өзін дамыту керек пе? Әйел тұлға ма? Неге біз әлсіз еркектерді көп кездестіреміз? Неге еркектер өзін әлсіз сезінеді? Өзімізді дамыту мен махаббат арасында таңдау жасауға бола ма? Ең бастысы, өзіме қоятын сұрақ – осының бәріне қалай әсер етуге болады? Осы сұрақтар мазалайтын болса, қош келдіңіз. Ішкі түйсікпен жұмыс істеу әдісі бойынша менде түзу пазл қалыптасқан кезде, менің өмірімде қатты бірнәрсе пайда болды. Бұл қатты дүние - өзім 3 жыл бойы сүйеніп келе жатқан дүние. Бұл менің оқушыларым сүйенетін дүние, мені әлем жаратылысын анық түсінуге әкелген дүние. Біз қоршаған ортаға, болмысқа әсер етеміз. Біз оған ішкі түйсігіміз арқылы әсер етеміз. Менің болмысымдағы дүниенің барлығы менің ішкі түйсігімдегі тұрғы(тілектің) нәтижесі. Бұл сөзбен келісесіздер ме? Ия десеңдер ары қарай батыл оқи берулеріңізге болады. Өйткені біз ішкі түйсік, тұрғы туралы талдап қана қоймаймыз,өз болмысымызды қалай өзгертуге болатынын үйренеміз. Өз қарым-қытынасыңызға қалай әсер етуге болады? Өз арманыңыздағы қарым- қатынасты қалай жасауға болады? Тіпті өзіңіз армандауға батылыңыз жетпеген қарым-қатынасқа қалай қол жеткізуге болады. Қане талдап, түсінуге тырысайық. Егер мен дұрыс түсінсем, өз өміріңізде жақсы қарым-қатынасқа ие болу үшін бұл кітапты қолыңызға алдыңыз. Болмаса жақсы қарым-қатынасты өзіңіз жасау үшін, арқаңызда қанат пайда болғанын қаладыңыз. Менікі дұрыс па? Олай болса, ары қарай оқыңыз. Көбінесе адамдар арасында қарым-қатынасқа байланысты мәселе туындаса, алдымен кінәләй бастаймыз. Өзімізді. «Дұрыс адам емеспін». Серіктесімізді немесе жақын адамдарымызды. Басымызға түскен қиындыққа біреуді кінәлағаннан не түседі? Ештеңе. Ештеңе өзгермейді. Бәрі сол қалпында қалады. Адамды қайта тәрбиелеуге болмайды дегенді жиі естиміз. Ол қандай болса солай қабылдау керек. Адамның ішкі түйсігімен жұмыс істейтін әдіспен таныспаған адамдар осылай дейді. Оны осы кітаптан оқып аласыздар. 1.Ұрысысу, ол адам туралы ойлағанының бәрін айтып ақтарып салу, кіналау,өкпелеу, арандату; 2.Көну. Бәрін сол қалпында қабылдау. Ұрады - яғни сүйеді. Жоғарыдағы ең көп таралған қарым-қатынас туралы қарапайым пайымдаулар болып табылады. Ал мен тіпті қарым-қатынас туралы басқа пайымдаумен таныстырғым келеді. Ол саналылықпен ұғыну деп аталады. Саналылықпен ұғыну – бұл айыпсыз жауапкершілік. Сіз өз өміріңізге, өз қарым-қатынасыңызға, өміріңізде болып жатқандардың бәрі әлдебір себептермен ішкі түйсігіңіздің әсерінен екенін білгіңіз келсе, осы кітапты әрі қарай оқуды жалғастырыңыз. Бұл пайымдау өте күрделі болып көрінуі мүмкін. Шындығында ол қарапайым, қисынды, ең бастысы бұл жағдайда Сіз өз қарым-қатынасыңызды, әрі бүкіл өміріңізді қолыңызға алып басқара бастайсыз. Осы кітәпта баяндалған ұстанымдарды өзіңіз үшін қабылдасаңыз бұл өмірде бәрі өте түсінікті, өте қисынды екенін білесіз. Біліп қана қоймай өз қарым-қатынасыңыздағы ыңғайсыз жағдайлардың себептерін анықтайсыз, сол қарым-қатынастың бар жоқтығының себептерін ашып, оны өзгерте де аласыз. Сіз өз өміріңізді өзіңіз қалағандай жасай аласыз. Басқаша болуы мүмкін емес. Бірақ бірден ескертемін. Кінә, айып іздеуді үзілді кесілді тоқтату керек. Өзгеге жауапкершілікті арта салуға болмайды. Менің ерім маған сыйлық бермеді, ол ішкі түйсігім бойынша маған өте қажет. Себебін іздей бастаймыз, қайта қалыптастырамыз, міне, сыйлай бастады. Менің өз өмірінде осы ішкі түйсікпен жұмыс істеу әдісін қолданатын бір құрбым күйеуі өзіне миллион, Ягуар,машина сыйлағанын айтты. Кейбіреу ойлауы мүмкін, онда тұрған не бар деп. Кезінде оған ешкім ештеңе сыйламаған. Тіпті бұрынғы күйеуі алимент те төлемеген. Қандай керемет болды? Бұл кереметке ол жайбарақат қарайды. Ол ішкі түйсігіндегі неге еркектер оған Ягуар сыйламауы керек, неге олар ақша беруі маңызды емес дегеннің себебін анықтады. Солай. Ең бастысы, егер бізде бірнәрсе жоқ болса ішкі түйсігіміз арқылы оны қаламайтынымызды түсінуіміз керек. Одан да маңыздысы бізде бұлай болмағаны өте- өте маңызды. Бұл ойды қабылдасаңыз- біздің жолымыз бір. Әр адамның, әр әйелдің, сол сияқты әр еркектің ішкі түйсігінде өзіндік себептер болады. Ең қызығы оларды өзгертуге болады. Мысалы, ер адам қызға сыйлық жасамайды не ақшалай ештеңе бермейді, оған қамқор болмайды, қыз түпкі ішкі түйсіктен себеп іздейді. Егер ер адам қызға сыйлық жасаса, ол жүргіш болғаны. Рас. Ішкі түйсікке қандай да жолмен оны бұл сезінуден қорғау керек. Қыз өз таразысына сыйлық пен жүргіштікті салып ойланса, қалай ойлайсындар, қайсысын таңдар еді? Әрине, біріншісін. Қарым-қатынаста көбінесе көңіл-күйге салмақ саламыз. Сондықтан бізге саналылықпен ұғыну қиынға түсіп жатады. Бәрі өзімізге байланысты екенін түсінсек, қиын жағдайға мойын ұсынбай, басқа жолы да бар екенін түсінсек сонда бәрі өз қолымызда болады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.) |