Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Неліктен бар Қасиетті Қабылдау маҢызды, негізгісі Қалай Қабылдау.
Ішкі түйсікпен жұмыс істеу әдісі көмегімен қасиеттерді қабылдау қалай жүзеге асады? Біздің қасиеттерімізге қатысты, әйел/еркекке қатысты ішкі түйсігімізде түсінік қалыптасқан. Дәл осы жағымсыз қасиеттерге қатысты түсініктер бейәлеуметтік болып табылады. Сондықтан адамдар сол қасиеттерінен құтылғысы келеді. Тәжірибе көмегімен ішкі түйсігіміздегі түсінікті өзгерте алсақ, оның күшін табамыз. Сол жаман қасиеттен құтылуға жол бермейтін күшті табамыз. Ол күш құдіреті шексіз. Бұл не деген сөз? Ол деген win/win (жеңіс/жеңіс) жағдайын туғызады деген сөз. Яғни бұл күш Сізге және Сіздің айналаңыздағы адамдарға керек. Бұл қасиет қаншалықты жаман болып көрінгенмен, бұл күш онда бар.
Өзіңдегі барлық қасиетті қабылдау неге маңызды? Біріншіден, жағымсыз қасиеттер мен үнемі кінәлау адамның мол қуатынан айырады, ол қуатты пайдалы нәрсеге жұмсауға болады. Екіншіден, қасиетімізді қабылдамаған сәтте ішкі түйсігіміз үнемі өмір арқылы көрсетуге тырысады. Біз оны өзімізден ғана емес, айналадағы барлығынан көреміз. Нәтижесінде бұл бізді мазасыздандырады. Біз өзіміздегі бейжайлығымызды, мақсатсыздығымызды қабылдамасақ, айналадағы бар адам солай көрінеді. Бұл бізді мазасыздандырады. Бізді айналамыздағы адамдарды, өзімізді өзіміз мазасыздандырамыз. Жақсы ештеңе жоқ. Ішкі түйсік арқылы қасиетті қабылдап, оның бейнесін өзгертіп, күш тапса, келесі күні бұл қасиеттер жоқ болып кететіндей. Біз оны өзімізден көрмейміз, басқа адамнан да байқамаймыз. Қабылдаған қасиетіміз орнына қойылып және одан алған күш керек кезінде қолдана алатын күш ретінде сөреге қойылған. Бұл қасиетті алдағы уақытта қолдансаңыз да бәріне ең керекті, пайдалы болып қалады.
|