СІЗДІҢ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСЫҢЫЗ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ? 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

СІЗДІҢ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСЫҢЫЗ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

Поиск

        ТӘЖІРИБЕ 3

Жайланып отырыңыз, тұрмаңыз, жатпаңыз, отырыңыз. Көзді жұмыңыз. Ойша көзіңізді кеуде тұсына қойып: «Менің ерім/менің әйелім» деп өзіңіздің жынысыңызға байланысты, ер адам әйелді, әйел, әрине, ер адамды айтыңыз.

Бұл кезде не көрдіңіз? Сипаттап жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеуде тұсыңызда жағымсыз сезім пайда болды ма? Бұл жүйкенің ширығуы деп аталады. 

Ол неге пайда болады? Бұл сезім қасыңызда көргіңіз келген еркек/ әйел сіздің саналы түсінігіңіздегі адаммен ішкі түйсіктегі адам сәйкес келмейді. Бұл өз қарым- қатынасын ашықтап алғысы келетін адамдардың 95% болады.

 Біздің санамыз бен ішкі түйсігіміз үйлесімде болуы үшін осы бейнемен, осы ширығумен әрі қарай жұмыс істейміз. Санамызда қалыптасқан үлгілі серіктесіміз ішкі түйсігімізге көшкенін керек.

1-тәжірибеде өз ойыңыздаңы серігіңізді сипаттап жаздыңыз. Санаңыздағы серігіңізден ішкі түйсігіңіз арқылы не алғаныңызды салыстырыңыз. Жүйкелік ширығу осыдан пайда болады.

Ішкі түйсігіңіз арқылы көрінген Сіздің жүйкеңізді ширықтырған бейнеден жолыңызда кездесіп жүрген әйелді немесе ер адамды таныдыңыз. Бейне анық болмауы мүмкін, әрқашан анық бола бермейді, бірақ Сіздің кеуіл күйіңізге әсер етті. Біздің болмысымызды жасайтын ішкі түйсігіміз, өмірімізде бар адамдарды тартып, өміріміздегі оқиғаларды жасайды. Сіздің ішкі түйсігіңізде не бар екенін білгіңіз келсе қоршаған ортадағы өмірге бір сәт тоқтап қараңыз. Біздің болмысымыз біздің ішкі түйсігіміздің проекциясы. Біз өз болмысымыздың қақ ортасында тұрмыз, ал ішкі түйсігіміздегі дүниелер кино құсап айналып жатыр.

Ішкі түйсігімізде нақты шындыққа сенетін миллиондаған тұрғылар бар. Бізге бір әлем бәрімізге ортақ сияқты көрінеді, ал шындығында әркім өз әлемінің қақ ортасында. Өз өміріңізді, өз қарымқатынасыңызды өзгертіп, өз өміріңізге махаббат ушін керегі – ішкі туйсігім болып табылатын жады дискісінің кейбір бөлшектерін алмастыру ғана. Сонда ғана өміріңізде тіпті басқа кино көрсетілетін болады.

Бұны біз өз бетімізбен, өзіміз жасай аламыз. Әдіс ішкі түйсіктегі біздің арманымызға, тілегімізге, мақсатымызға келмейтін тұрғыларды тауып, өзгертуге көмектеседі. Әдіс арқылы қандай да бір тұрғыны өзгертерде ішімізге тықпаймыз. Бұл өзі аффирмация әдісіне ұқсамайды. Біз жай махаббат деген түсінікті мысалы ауру деген түсініктен ажыратамыз. Егер осыған дейін махаббат ауру деген сөзбен қосарланып айтылып келсе, енді махаббат - ол жай махаббат, ал ауру- ол жай ауру. Енді бұл ұғымдар бір бірімен байланысы жоқ. Біз ауру жаман, ал махаббат жақсы демейміз, тек әр нәрсені өз орнына қоямыз. «Матрица» фильмы естеріңізде ме? «Нео» екенін бәріміз де түсінеміз, тек өзі ғана өз өмірін қалай көргісі келеді, солай өзгерте алады және өзі өз өмірін басқара алады.

Үйлесімділік принципіне бола адам тілегі ешқашан қарама қайшылықта болмайды. Ішкі түйсігіңізбен бір нәрсе қаласаңыз, ол міндетті түрде өмірде жүзеге асады. Басқа адам қаласа, ол да жүзеге асады. Бірақ Сізбен үйлесімділік жағдайында ғана.

Мысалы, екі адам бар. Бір адам ішкі түйсігімен біреудің ренжіткенін қалайды. Бұған оның маңызды себебі бар екенін білеміз. Мысалы бұл адам үшін махаббат бұл аяушылық. Егер оны аяса, сүйгені. Бұның тәжірибесінен осындай тұрғы пайда болды.

Екінші адам ренжіткенді қалайды. Өйткені ол өзін осылай еткенде ғана күшті көрінеді, күшін сезінеді. Қалай ойлайсыздар? Олар кездесе ме?

Әрине, әруақытта. Екеуі де ішкі түйсігімен біреуі ренжіткенді, біреуі ренжітуді қалап тұр. Және бұл үйлесімді жүзеге асуда. Қайсысы бірінші, қайсысы күштірек қалады деп айтуға келмейді. Олар бір мезгілде қалады. Бұл үйлесімділік принципі.

Ішкі түйсік үшін жақсы, жаман, дұрыс, дұрыс емес деген жоқ. Басқаша емес дәл солай болуы үшін ішкі түйсік өте маңызды қалауы бар. Міне, сондықтан кінәлаудың еш пайдасы жоқ. Ең бастысы біздер үшін маңыздысы біздің себептеріміз екенін естен шығармау керек. Басқа адамның себептерінде біздің еш шаруамыз жоқ, өйткені ол бізге еш көмектеспейді. Ал өзіміздікін өзгерте аламыз. Ол үшін оны үйрену керек.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.007 с.)