З ТҰРҒЫҢДЫ ҚАЛАЙ КӨРУГЕ БОЛАДЫ? 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

З ТҰРҒЫҢДЫ ҚАЛАЙ КӨРУГЕ БОЛАДЫ?

Поиск

ӨЗ ТҰРҒЫҢДЫ ҚАЛАЙ КӨРУГЕ БОЛАДЫ?

«Не үшін?» деген сұраққа жауап беретін тәжірибені жасадық.

Егер бәрін дұрыс жасасаңыз, дәл қазір Сізде бар қарым қатынасты қалыптастыратын өз тұрғыңыздың аз бөлігін болса да таптыңыз. Болмаса қарым қатынас жоқтығын қалыптастырады. Әрине, бұл тұрғыны табудың ең қиын жолы, ең оңайы ішкі түйсік бойынша тәжірибе жасау. Бұл үшін тәжірибе жасауды үйрену керек.

Ішкі түйсікпен жұмыс істеу әдісін, бүкіл үлгілерді, бұл кітапқа енбегендерді де меңгерместен бұрын, жұмысты барынша жеңілдету үшін Сіздің тұрғыңызды қалыптастыруды бастаймыз.

Тұрғы - өмірден алған тәжірибемізден ішкі түйсігімізде орнығып қалған байлам.

Формула бойынша ол әрқашан бірнеше  құбылыстарды байланыстырады: «Егер... ,онда...» .

Біз жоғарыда тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздың басындағы жағдайды талқыладық.  Оның тұрғысы былай: «Мен тұрмысқа шықсам, бостандықтан айрыламын, күйеуім үнемі бақылап отыратын болады». Формуланың бірінші бөліміне қарасақ, біздің саналы тілегіміз көрсетілген, ал екінші бөлімінде оны болдырмаудың себебі көрсетілген.

ТӘЖІРИБЕ 4

«Не үшін?» деген сұраққа жауаптарыңыз бен өз мінсіз қарым- қатынасыңыздың сипатының тізімінен өзіңіз армандаған қарым-қатынасты болдырмайтын тұрғыны жазып шығыңыз. Бірінші бөлімінде 1-тәжірибедегі тізімнен саналы тілегімізді, екінші бөлімде  3-тәжірибедегі «Не үшін?» деген сұрақтардың жауабынан болдырмаудың ішкі түйсіктегі себептері көрсетіледі.

1) Егер

Онда

 

2) Егер

Онда

 

3) Егер

Онда

 

4) Егер

Онда

 

5) Егер

Онда

 

6) Егер

Онда

 

7) Егер

Онда

 

 

 

Біздің қолымызда қандай да нәрсенің болмауы біздің ішкі түйсігіміздегі маңызды себепке байланысты.  

Жоғарыда айтып өткендей ішкі түйсік тұрғысы әруақыт жұмыс істейді, ол шексіз дәл механизм. Біз қарсылық көрсету арқылы оның тілегін жүзеге асыруға жол бергіміз келмесе де тұрғы, өкінішке қарай, жұмыс істейді. Ішкі түйсігімізді қалай алдай аламыз? Ерік күшімен ғана.

Өмірімізде бір нәрсені орындағымыз келмесе де өзімізді қинап істеп шығатынбыз. Бұл кезде тұрғы өзгермесе бәрі жамандыққа бастайтын да, «неге ішкі интуицамды тыңдамадым, сезіп едім ғой», деп өкінеміз. Біздің тұрғымыз тек тәжірибемен ғана емес, өмірден көргеннен, оқыған кітаптан, көрген фильмдерден, тыңдаған әндерден өзгереді. Бірақ еш бақылаусыз өзгеріске түседі. Өзгеруі де мүмкін, өзгермеуі де. Қоршаған ортаны ауыстыру да сол сияқты. Егер біз аяқ астынан қоршаған ортамызды өзгертсек, мысалы, басқа жерге көшіп кетсек біздің көптеген тұрғыларымыз өзгере бастайды. Бірақ бұл әруақыт жүйкенің қатты ширығуымен бірге эйфория сәті одан инсайт кезеңі пайда болады. Ондай сәттер өміріңізде болғанына сенімдімін.

Әдіс - тұрғының өзгеруін бақылайтын құрал.  Ол біздің қабылдауымызды кеңейтеді. Осылай болуы мүмкін, басқаша болуы да мүмкін. Айыптаусыз, бағалаусыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.007 с.)