азақстанның Қарулы Күштері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстанның Қарулы Күштері

Поиск

16 Көлік логистикасы

Қазіргі кезде жүк тасымалдау тауар тасымалдау үшін қажет болып табылады, автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік қызметтер ерекше сұранысқа ие болуда. Бұл өз жүгін республиканың қай қаласына болсын, ТМД, Еуропа елдеріне және т.б. жедел және сапалы тасымалдаудың барынша тартымды түрлерінің бірі болып табылады.

ТМД мен ЕО арасында жүк тасымалдаудың жетпіс пайызы автомобиль көлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені автомобильмен тасымалдау кезінде оны тасымалдаудың барлық ерекшеліктері ескеріле отырып қандай да болсын көлемдегі жүк тасу мүмкіндігі бар, соның ішінде температуралық режим сақталады, сонымен бірге стандартты емес және қауіпті жүктерді тасымалдауға тек автомобиль ғана қолайлы.

Автомобильмен тасымалдаудың бірқатар артықшылықтары бар, бұл:

- тапсырыс беруші жүкті әрқашанда тікелей жүкті жөнелтушіден оны алушыға дейін қайта тиеп-түсірусіз жеткізе алады;

- жүктің сақталу деңгейі жоғары, оған алаңдамауға болады;

- көлемі аз жүктерді де тасымалдауға болады;

- жүк теміржолға да, өзен және теңіз порттарына да тәуелсіз тасымалдана береді.

Көлік-экспедитор компанияларының дәстүрлі нарығы жоғары, ол серпінді түрде өсуде және көптеген мүмкіндіктерді ұсынуда. Оған деген бәсекелестік күшейе түсуде, осы деңгейде ұстап тұру үшін қазақстандық операторларға ресурстарды барынша шоғырландыру қажет болады. Біздің нарықта аутсорсинг логистикасы енді ғана пайда болуда. Кейіннен ол тез өсетін болады, бірақ қарқынның қашан өрістейтінін айту қиын.

Алайда, нарыққа қатысушылардың барлығының да әлеуеттері бар. Бұл жерде ең маңыздысы - компанияның түрі мен құрылымы емес, оның ұсынатын қызметі болып табылады.

17 Радиобайланыс Радиобайланыс

 — радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан

тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады. Таратқышта қоздыратын тасымалдаушы жиіліктегі тербеліс берілетін ақпарат сигналының заңына сәйкес өзгертіледі, ал қабылдаушы жақта кері процесс жүргізіледі. Байланыс біржақты және екіжақты болуы мүмкін. Радиобайланыс қозғалмайтын объектер мен жылжымалы объект арасында, сондай-ақ жылжымалы объектілер арасында байланыс орнатудың бірден бір тәсілі. 1888 ж. орыс ғалымы Александр Сергеевич Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынды. Бұл проблеманың практикалық шешімін ол 1896 ж. тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика-химия қоғамының мәжілісінде A. С. Попов әлемде бірінші рет 250 м қашықтыққа сымсыз радиограмма арқылы Генрих Герц деген екі сөзді жеткізді.

Поповпен бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италияндық ғалым Г. Маркони да шұғылданды. Ол 1897 ж. электромагниттік толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатыны жөнінде патентті A. С. Поповтан бұрын алды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында электромагниттік толқындар көзі ретінде электр ұшқындары қолданылды. Электр ұшқындарының табиғатта кездесетін түрі — найзағай. Бірақ мұндай ұшқынды разрядтар электромагниттік тербелістердің өтпелі кездері болып табылады. 1913 жылдан бастап үшэлектродты радиошамдарды пайдаланатын өшпейтін мәжбүрлі (еріксіз) тербелістердің генераторлары жасалды. Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап шамды генераторларды транзисторлар ығыстырып шығара бастады.

18 Алматы метросы

Қоғамдық көліктің рельсті түрі дегенді білдіретін француздың «метрополитен» сөзі бүгінгі таңда көптеген елдерде өзгеріссіз қолданылады. Оның 3,6 шақырымдық алғашқы жолы 1863 жылы 10 қаңтарда Лондонда іске қосылды. Еуропа құрлығындағы тарихы ең ұзын метролар Будапешт (1896), Вена (1898), Париж (1900), Берлин (1902) және Гамбург (1912) қалаларында. Ал бұрынғы кеңестік республикаларда тұңғыш метро желісі Мәскеуде 1935 жылы 15 мамырда ашылды. Одан кейін бұл көлік түрі Санкт-Петербург (1955), Киев (1960), Тбилиси (1966), Баку (1967), Харьков (1975), Тәшкент (1977), Ереван (1981), Минск (1984), Нижний Новгород (1985), Новосібір (1986), Самара (1987) және Екатеринбург (1991) қалаларында қосылды.

Алматы метрополитенін салу, салмау мәселесі кеңестік дәуірдің сонау 70-жылдары көтерілген болатын. Қала қарқынды өсіп келе жатқанына қарамастан, сейсмикалық жағынан аса қауіпті аймақта орналасқандықтан, Алматы метрополитенінің салынуына қарсылық білдірушілер аз болған жоқ. Кеңес Одағында ол кезде метро миллион тұрғыны бар қалаларда ғана салынатын. Оның қажеттілігі Алматыда уақыт өткен сайын айқын сезіле бастады. Сондықтан ұзақ пікірсайыстан кейін 1980 жылы КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы А. Косыгин арнайы үкімет қаулысына қол қойды. Ал 1981 жылдың желтоқсанында Алматының миллионыншы тұрғыны өмірге келгені туралы ресми ақпарат таратылды. Бұл метро құрылысын бастауға түрткі болып, Мәскеудегі "Метрогипротранс" институты метроның техникалық экономикалық негіздемесін және оның бірінші желісінің алғашқы кезеңінің жобасын жасауға кірісті.

Бастапқы кезде КСРО Жол және қатынас министрлігі тапсырыс беруші болып, құрылыс жобасын түзету жұмысына Ленинградтағы "Ленметрогипротранс" институты қатысты. Алматы метрополитені туралы ресми мәлімдемені 1982 жылы Қазақстан Компартиясының 60 жылдығына арналған салтанатты жиында КПСС ОК Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев жасады. Д. Ахметұлы республиканың одан әрі дамыту жолдарын айтқан кезде «Л. Брежневтің қолдауымен республика астанасында метро салу да көзделуде», деді. 1982 жылы 14 маусымда метрополтитен бекеттерінің атауы бекітілді. Алматы метрополитенінің алғашқы желісінің құрылысы КСРО Министрлер кеңесінің 1980 жылғы 4 тамыздағы №1537 ұйғарымы мен КПСС ОК-нің 1985 жылғы 21 ақпандағы қаулысында 1986-1990 жылдарға жоспарланды. Ал 1985 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев құзырлы органдарға әзірлік жасап, "Метроқұрылысы" өндірістік базасын құруды аяқтауға тапсырма берді.

Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi

Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:

* әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;

* әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;

* маңызды әскери нысандарды күзету;

* елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;

* халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 27; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)