Халықаралық ұйымдардың қалыптасу тарихы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Халықаралық ұйымдардың қалыптасу тарихы

Поиск

9 ЕХРО-2017 көрмесі

Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді.

Елорданының және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Бұл шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады.

Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. ЕХРО өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі мәдениеттер үні шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізіледі.

ЕХРО-2017 ірі коммерциялық емес жоба, ол аймақтың және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесіне салынатын инфестициядан түсетін кірісті былай қойғанда, көрменің мұрасы Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болады. Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне және бұрынғыдан да өршіл мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпін алады. Ал қазақстандықтар өз күштеріне және өз елінің мүмкіндіктеріне тағы да көз жеткізе алады.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ҚР елордасының үздік брендтерінің бірі және аса әдемі нысан болады.

10 Ақша жүйесі

Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.

Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкноттар мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

 

11 Банк туралы не білеміз?

«Банк» Италияның «banco» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Банко-үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Алғашқы банк 1407 жылы Генуяда пайда болды. 15 ғасырда ең ірі танымал банк Флоренциядағы Медичи банкі едi. Оның Европада 16 филиалы болған.

Банктің ең негізгі қызметтерінің бірі – несие беру. Банк несиені қысқа мерзімге (1 жылға), орта мерзімге (1,3,5 жылға), ұзақ мерзімге (3,5,6 жылға) бере алады. Біздің елімізде банктің 2 түрi бар. Олар: ұлттық және коммерциялық банк. Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдаған және осы ақша бойынша пайыз төленген. Мұндай операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да болған. Ертеде шіркеулер мен храмдарда ақша мен басқа да құндылықтар сақталды. Храмдар ақшалай оперциялармен бірге қарыз (ссуда) берді. Қарыз бергені үшін пайыз өндіріп алды. Осындай операция нәтижесінде банктер пайда болды. Банк – бұл аса ірі несие орны.

12 Ұлттық валюта

Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі – ұлттық валюта. Оның адамзат қоғамындағы маңыздылығын айтып тауысу мүмкін емес. Әлемдік экономикадағы тауар айналымы мен халықаралық сауда-саттықтың валютасыз жүзеге асуы да мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттіміздің ұлттық валютасы – теңге туралы айтып өтейік.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығаруды шұғыл қолға алды. Теңгенің туған күні – 15 қараша. Өйткені 1993 жылы дәл осы күні теңге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен теңге айналымға шыққан болатын.

Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі – мықты, тез тозбайтын қағаздан, дайындалды және жалған ақшаға қарсы оннан аса белгісі көрсетілген. Теңгенің алғашқы шығарылымы елімізде емес, арнайы тапсырыс арқылы сонау Англияның атақты «Харисон және балалары» деп аталатын фирмасында дүниеге келді. Ал Қазақстанда ақша шығаратын фабрика тек 1995 жылы ашылды.

Алғашқы теңгелердің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғалары – әлемдік философияның атасы, ұлы ғалым әрі ақын, музыка танушы Әбу Насыр әл-Фараби, халық ақыны әрі жырау Сүйінбай, ұлттық музыкамыздың классигі, күйші-сазгер Құрманғазы, тұңғыш ағартушы ғалым, этнограф Ш. Уәлиханов, ұлттық әдебиетіміздің классигі, ұлы ойшыл, философ, ақын А. Құнанбаев, жоңғар шапқыншылығы кезінде ел басқарған Әбілқайыр хан, үш жүздің басын қосқан білгір хан Абылайдың бейнелері басылған. Екінші беті ою-өрнек, табиғат көріністері және елтаңбамызбен безендірілген.

Теңгенің алғаш шыққан күнінен бастап, оның сыртқы көрінісі бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Уақыт өте келе инфляция әсерімен тиындар айналымнан шығып, орнына металл теңгелер келді. Оның да номиналы жыл сайын өсуде. 2003 жылы жаңа 10 мың теңгенің номиналдық купюрасы жарыққа шықты.

 

Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті. Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйымдар қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 ж), «Дүниежүзілік почта одағы» (1874 ж), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 ж) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 ж) жатқызуға болады.

Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Олар:

> әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;

> халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;

> халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;

> ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс.

Халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық нормаларына қайшы бағыт ұстанатын жағдайда, мемлекеттер арасындағы жанжалдарға жол ашуы әбден мүмкін. Бұл жағдай дүниежүзіндегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Халықаралық деңгейде саяси тұрақсыздыққа жол ашпау үшін, мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық тәсілдер арқылы (бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.)