айырымдылық қорлары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

айырымдылық қорлары

Поиск

Қазіргі заманда қайрымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға үлкен күш-жігер қажет. Кәсіпкерлерге қайырымдылық іс-әрекеттерінің қоғам үшін маңызы зор екенін түсіндіру өте қиын. Дамыған елдерде кәсіпкерлердің өздері қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға мүдделі болып тұрады. Өйткені, оларда қайырымдылықпен айналысқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы мұндай үрдіс бізде де бар. Мәселен Қазақстанда игілікті шараларға атсалысқан компаниялардың мемлекетке төлейтін салығының 3 пайызы шегеріледі. Дегенмен, салықтық мөлшерлемені бұдан да төмендетуге болады. Айталық, Америкада қайырымдылық істерін қаржыландырған компания жалпы төлейтін салығының 10 пайызынан босатылады. 3 пайыз ғана салықтан босатылу ірі компаниялар үшін қомақты қаржы болып саналады. Ал шағын және орта бизнес үшін бұл соншалықты қомақты сома емес. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері мұндай жеңілдікке қызыға бермейді. Ал 10 пайыздық жеңілдік болса, олар қайырымдылық істерімен үздіксіз айналыса беруші еді. Қайырымдылық ұйымдары — Қазақстанда жалпы қоғамның немесе жеке адамның мүдделері үшін қайырымдылық қызметін жүзеге асыру мақсатымен құрылған бейүкіметтік, бейкоммерциялық бірлестіктер. Ұйымның саяси партияларды, қозғалыстарды, топтар мен компанияларды қолдау үшін өз қаражатын жұмсауға және өз мүлкін пайдалануға құқығы жоқ. Қайырымдылық ұйымдары қаражатының құралу көздері:

1) құрылтайшылардың жарналары;

2) қайырымдылық жылулары, соның ішінде азаматтар мен заңды тұлғалар ақшалай және заттай беретін мақсатты сипаттағы көмектер;

3) бағалы қағаздардан түскен табыспен оларды өткізуден тыс операциялардан түскен табыстар;

4) ақшалай қаражатты тарту жөніндегі қызметтен түскен түсімдер;

5) заңмен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар;

6) республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттерден және бюджеттен тыс қорлардан түскен табыстар;

Қайырымдылық ұйымдарының шаруашылық қоғамдарының, мекемелерінің қызметінен түскен табыстар;

* еріктілер еңбегінің нәтижелері;

* заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер.

Қайырымдылық ұйымдары әкімшілік-басқарушылық қызметкерлердің еңбегіне өзінің қаржы жыл бойы жұмсайтын ақшалай каражатының 20 пайыздан аспайтын молшерінде ғана ақы төлеуге хақылы.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 33; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)