айырымдылық бағдарламалар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

айырымдылық бағдарламалар

Поиск

3 Табыс факторлары

Табыс – қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін қоғам алдында қадірінің артуы. Кез келген кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісінде табысқа талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше мынадай факторлардың ықпалымен жетуге болады:

1. сәттілік немесе бақ, «керек кезде керек жерде болу», «өз мүмкіндігін жібермеу»;

2. байқап көру және қателер тәсілімен белсенді іздену, әр түрлі нұсқаларды қолдану;

3. білікті есептеу және қолайлы нұсқаны таңдау;

4. өз қорларын пайдалану: білім, ептілік, қабілеттер жеке қасиеттер;

5. өз алдына қойған мақсаттарға жетуді қалау.

Кәсіпкердің оптимистік бағытын сақтай алуы, ертеңгі күнді көріп, оған бүгін әсер ете алуы үлкен шеберлік. Сіздің оптимизміңіз сіздің қызметіңіздің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Ширақ және көңілді болыңыз, стратегиялық ойлануды үйреніңіз, болашақты көріп, болжалдап, жоспарлаңыз. Позитивтік бағыт – табыс кепілі.

Әзіл сіздің міндетті серігіңіз болуы керек. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар күлімсіреу, күлкі, әзіл болған жағдайда сәттірек өтеді. Бірақ есте сақтаңыз, сіз күлкілі емес, жеңіл және көңілді болуыңыз керек.

Табыстың тек сізге ғана емес, сізді қоршаған адамдарға да тәуелді екенін ұмытпаған жөн. Отбасының, достарыңыздың, жақындарыңыздың қолдауы сізді қанаттандырып, кез келген қиындықтарды жеңуге күш береді. Отбасының әл-ауқаты мен саулығы – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.

Кәсіпкерлік пайда – кірістің ерекше бір түрі, жеке бизнес саласында коммерциялық табыс алып келетін жаңа идеяларды жүзеге асыру, техникалық және ұйымдық жаңалықтар енгізумен байқалатын іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік және жаңашылдық үшін сыйақы.

 Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.

Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

* Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),

* Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақгы көмек беруге үмтылу).

Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылық жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр-садақа берумен де корініс табады. Қазір

біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.

Қазір еліміздегі ірі компаниялар қайырымдылық шарасын өткізуге жыл сайын қаржы бөлеп отырады. Қоғамдық өмірге байыппен қарасаңыз, компаниялар бірінші кезекте жетім балалар үйіне қаржы бөліп жатады. Жетім-жесірге көмектесу бұл өте орынды іс екені даусыз.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 34; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)