Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Шағын және орта бизнесСодержание книги
Поиск на нашем сайте 1 Жеке кәсіпкерлік Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады. Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке құқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа құқықтары бар. Біріккен кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік құқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуінен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу құқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады. Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін де жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі басқа коммерциялық емес құрылымдардан ерекшелігі табыс пен шығын арасындағы айырмашылықтан пайда табуы. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады: 1. өндіріс ресурстары 2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту 3. кәсіпкерліктің өнімін нарыққа шығаруға тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру. 4. нәтижесінде пайда табу. Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады: 1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығы мен өзектілігін протенциалды зерттеу. 2. бизнес жоспар құрастыру. 3. қажетті ресурстарды іздестіру. 4. қалыптасқан кәсіпорынды басқару. Бұл кезенде басқару стилі мен құрылымды ұйымдастыру, жеңіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап оларды жою жолдарын қарастыру және бақылау. «Кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің 3 түрі бар: шағын, орта және ірі. Өзінің мәртебесін кәсіпкерлер өздері анықтап, растауы керек. Шағын кəсіпкерлік субъектілері – бұл жеке кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, олардың 50 адамнан көп емес жұмысшылары бар жəне орташа актив құны жылына белгілі бір минималдық есеп көрсеткішінен аспайтын теңгені құрайды. Орташа кəсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғалық білімі жоқ жеке кəсіпкерлер, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан кем емес жəне жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп емес болуы керек. Ірі кəсіпкерлік субъектілері – жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан жоғары. Төмендегідей қызметтерді жүзеге асыратын жеке мен заңды тұлғалар шағын кəсіпкерлік субъектілері болып танылмайды: 1. есірткілік заттарды, психотроптық заттардың айналымына байланысты қызметтерді жүргізетін; 2. акциздік өнімдерді шығаратын жəне (немесе) көтерме саудада сататын; 3. астық қабылдау орындарында астықты сақтау қызметін жүзеге асыратын; 4. лотерея ұйымдастыратын; 5. ойын жəне шоу-бизнес саласындағы қызметпен айналысатын; 6. сапаны басқару саласындағы қызметпен айналысатын; 7. мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, электр жəне жылу қуатын өндіру, өңдеу жəне сату қызметімен айналысатын; 8. радиобелсенді материалдардың айналымымен байланысты қызметпен; 9. банкілік қызметпен (немесе оның жекелеген түрлерімен) жəне сақтандыру нарығындағы қызметпен (сақтандыру агентінің қызметінен басқа); 10. аудиторлық қызмет; 11. құнды қағаздар нарығындағы кəсіби қызмет.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 34; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.) |