Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ішкі және сыртқы саудаСодержание книги
Поиск на нашем сайте 6 Қайырымды жандар Мать Тереза Мейірімді жүректің иесі Агнес Гонджа Бояджиу (Тереза Ана) аскөк сатумен айналысатын өте қарапайым отбасында дүниеге келген. Отыз алты жасқа келгенде жағдайы нашар әйел өзінің мейірімге толы жүрегі мен ерекше ынтасының арқасында Халықаралық Қайырымдылық Ұйымын құрады. Қазір бұл қордың құрамында әлемнің сексен елінен тіркелген 300 мың адам бар. Ұйым балалар мен жетімдер үйін, ауруханаларды, қарттар үйін қамтиды. Қазір Калькуттадағы бір ғана орталықтың өзінде 10 000-ға жуық адам емделіп жатыр. Диана Спенсер кезінде Ұлыбританияның ханшайымы болған (Чарльз ханзаданың жұбайы). Алайда ақсүйектердің өміріне үйренісе алмаған және күйеуімен жараспаған Диана екі баласының бар болғандығына қарамастан, Чарльзбен ажырасып кетеді. Ол өзінің барлық ғұмыры мен байлығын қайырымдылыққа арнайды: сирек кездесетін жануарлардың құқығын қорғады, әрі қауіпті қаруларды жою шараларын жүргізіп, мыңдаған жетімдер мен ауруларға көмектесіп, көпке үлгі бола білді. Әлемге принцесса Диана деген атпен белгілі. 7 Экономика ғылымы Экономика ғылымы өзінің даму барасында тарихи ұзақ жолдан өтті. «Экономика» терминін сонау ежелгі грецияда философ Ксенофонт енгізген. Термин гректің екі сөзінен тұрады «ойкос»-үй шаруашылық, «номос»-заң. Экономика ғылымы қоғамның экономикалық өмірін зерттеуді алдарына мақсат етіп қойған ойшылдардың, әр түрлі мектептердің бағыттар мен ағамдардың еңбектерінің нәтижесінде қалыптасқан және дамыған. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың базисі болып табылады. Экономика ғылымы ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғаш рет экономия термині III ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксинофонд және Аристотель еңбектерінде пайда болды. Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетіңіздің шаруашылығын басқару үлкен өнер. Сонымен сіздің күнделікті тұрмысыңыздың бәрі экономикадан тұрады. Шет елдерде жастар үйленген кезде некелік келісімшарт жасайды. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Ол келісімшартта көп мәселе қаралады. Болашағымыз бала десек, сол некелік келісімшартта баланың болашағына дейін ойластырылған. Біздің елде бұл жоқ. Яғни ұрпаққа нені қалдырымын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да - экономика. Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру ол да экономика. Сіз баланы жеткізу үшін, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауда ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңізді ойлау, денсаулығыңызды ойлау – бәрі де экономика. Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика байлыққа, бақытқа, таныштыққа барар жол. Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі – сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңыздылығы артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңей түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халықаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық, қарым-қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы жөнінен де жетекші орынға ие. АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік көрсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік жіне тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Сыртқы сауданы халықаралық дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім деп аталатын ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Қазіргі кезде құрамында 130-дан астам ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым құрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы сауда мен даму жөніндегі Комиссия да өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.) |