ж.ж. ашаршылық және оның салдарларымен күрес.
Содержание книги
- азақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің зерттеу объектісі, пәні, зерттеу әдістері
- азақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні бойынша негізгі деректер мен зерттеулер.
- ХХ ғасыр басындағы Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасуы мен ахуалы.
- ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның аграрлық жағдайы мен оның отаршылдық сипаты. П. А. Столыпин реформалары.
- ХХ ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы және Олардың қызметі мен шығармашылығы.
- ж. бірінші орыс революциясы және оның өлкедегі қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері.
- азақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі.
- жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
- жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі ошақтары мен жетекшілері.
- жылғы Амангелді Иманов бастаған көтеріліс
- жылғы көтеріліс және оның нәтижелері мен қорытындылары.
- ж. шілдедегі I жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- ж. Қазан төңкерісі, мәні, сипаты және оның Қазақстанның саяси өміріне әсері.
- ж. қарашадағы мұсылмандардың ІV төтенше съезі. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы.
- ырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы және оның саяси-әлеуметтік маңызы.
- Кеңестер билігінің экономикалық іс-шаралары. Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен жүзеге асырылу ерекшеліктері.
- ж.ж. ашаршылық және оның салдарларымен күрес.
- Азақ жерлерінің Қазақ акср құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж).
- ж. тәркілеу саясаты және оның саяси-экономикалық салдарлары.
- Азақстандағы 1920-30 жж. Кеңестік білім беру ісінің қалыптасуы мен ерекшеліктері, нәтижелері мен қайшылықтары.
- азақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. Әлеуметтік-экономикалық, этнодемографиялық және саяси жағдай.
- Жж. Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің жағдайы. Қазақ кср Ғылым академиясының құрылуы.
28. 1921-1922 ж.ж. ашаршылық және оның салдарларымен күрес.
1921–1922 жылдары ауа райының қуаңшылғына байланысты астық шықпай қалып, елді аштық жайлады. Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған. Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды. Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті. Оның нәтижесі Қазақстанның астық мол шыққан аудандарының аштыққа ұшырауына себеп болды.
Кеңес өкіметі кеш те болса, ашыққан аудандарға көмек көрсетті. 1922 жылы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі берген болса, сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом мемлекеттен қаржы бөлінді. Қазақстан ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға жуық ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халықтарға 14 вагон балық жіберді. 1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға көшіп кетті.
29. Қазақстандағы 1921-22 жж. жер-су реформасы: мақсаты және жүргізілу ерекшеліктері.
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде:
Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жыл – Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921–1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Қай жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айрылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршы-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.
1921 жыл — «Қосшы одағы» құрылды.
1930 жылдан — «Кедей одағы» атанды.
Жетекшілері: А. Асылбеков, Ә. Жангелдин, Г. Коростылев, С. Меңдешев, С. Сейфуллин, Ж. Бөрібаев, А. Розыбакиев т. б. 1921 жылғы наурызда Жетісуда «Қосшы» одағының 17 мыңнан астам мүшесі болды.
Міндеттері:
Еңбек артельдерін құру.
Кедейлерге жер беру.
Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921–1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы:
Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.
Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті.
Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
|