Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі ошақтары мен жетекшілері.Содержание книги
Поиск на нашем сайте 1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды. Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді. Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды. Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады. Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған. Амангелді Иманов туралы Жамбыл «Амангелді тойында», Сүлеймен Сәдуақасұлы «Амангелді туралы»,Омар Шипин «Амангелді айбаты», «Торғай соғысы», Нұрпейіс Байғанин «Амангелді туралы жыр», Сәлімгерей Оңайбекұлы Сәлімгерей «Батыр», Ықылас Адамбеков «Амангелді», Қарабалин «Амангелді», Есенби Омарұлы «Ел батыры», Бақыт Иманов «Амангелді анасымен қоштасқаны» т.б. ақын-жазушылардың атты өлеңдерін атап өтуге болады. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж ұлт — азаттық қозғалысы көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан оның оңтүстік облыстарын (Жетісу және Сырдария облыстары) айтпағанда бір ұлттық сипатқа ие болды. Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында-ақ бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза-сүңгілермен, аңшылық мылтықтармен, суық қарулармен қаруланған көтерілісшілердің жасақтары ұйымдастырылып жатты. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Патша үкіметі орындары мұнда ірі әскери күштерді жеткізе бастады, әскери горнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерілісшілерінің жазалау үшін Жетісудың қоныс аударған халқының дәулетті топтарынан қарулы жасақтар құрып жатты. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауларында, Салымсы станциясы маңында, Қастек , Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Лепсі оязының Садыр Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Қыркүйек пен қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілердің едәуір бөлігі табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып- жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар дәлелдейтіндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Әрбір бөлімшенің басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сардарбасы -бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. А.Имановтың көтерілісшісі әскерлері бақылауындағы аудандарда төменгі ауылдық- болыстық әкімшілік басқару қызметінен шын мәнінде шеттетілді, азаматтық үкімет көтерілісшілердің қолына өтті. А.Иманов пен ол басқаратын әскери кеңес арнайы тағайындалған адамдарға (ел бегі) көтерілісшілерді азық түлікпен және аттармен қамтамасыз ету тапсырылған тыл қызметін ұйымдастырды, ұстаханаларда қолдан жасалатын мылтықтар,қылыштар, қанжарлар, найзалар және басқа қарулар әзірлеу ісі жолға қойылды. 22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы қүрсау бірнеше күнге созылды. Сол арлықта қалаға қарай үш бағыттан генерал — лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы келе жатты.Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалған туралы хабар алып,көтерісшілер Торғайды қоршауын қойды және патша әскерлері отрядтарының алдынан шықты. 16 қазанд А .Иманов бастаған жалпы саны 12 мыңға жуық адамнан құралған сазбаздар Топқойма почта станциясы ауданында подполковник Катоминнің жазалаушы отрядтарына шабуыл жасады.Көтерілісшілердің негізгі бұқарасы адам күшін сақтап қалу мақсатында қараша айының екінші жартысында Торғайда 150 шақырым жерге әкетіліп,Батпаққара ауданында шоғырландырылды. Осы арада 1916 жылы қараша айының екінші жартысынан бастап, 1917 жылы ақпанның орта шеніне дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалып тұрды. Көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасындағы айқастар Татырда, Ақшығамда, Доғал үрпек, Күйікте болып өтті. А.Имановтың штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы ұрыстар шиеленісті. Ол ұрыстар 1917 ж ақпан айының екінші жартысында кең құлаш жайды. Сол шайқастарда А.Имановтың көтерілісшілері ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясын қарсы алды. Қазақстанның басқа аймақтарында көтерілісшілерге патша жазалаушы отрядтарының басым күштерімен кекілескен ұрыстар жүргізуге тура келді. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалерия жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады. Ал, Торғай көтерілісшілеріне қарсы патша өкіметі құрамына 17 атқыштар ротасы, 18 казактар жүздігі , 4 кавалерия эскадроны, 18 зеңбірегі, 10 пулеметі және басқалары болған экспедициялық корпус жіберді. Алайда жазалаушылар тура ақпан революциясына дейін көтерілісті сол бойы басып- жаншй алмады. Тек царизм құлатылғаннан кейін ғана Торғай облысындағы көтеріліс тиылды.
Жетісудағы көтерілісті басу үшін 8750 найзалы 95рота , 3900 қылышты 24 жүздік, 16зеңбірек пен 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, бейбіт тұрғандар құдалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкімет орындары сондарына түскен 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1/4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбір болды. Тек генерал- губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан өлкесінде1917 ж 1 ақпанына дейін өлім жазасына 347 адам, каторглық жұмыстарға 168, түрмеде тұтқындалуына 129 адам кесілді. Ал оның сыртында сотсыз және тергеусіз атылып, жазалаушылар мен қоныс аударған селолар тұрғындарынан жасақталған отрядтардың қолдарынан қазақ тапқандары тағы бар.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |