Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы және оның саяси-әлеуметтік маңызы.Содержание книги
Поиск на нашем сайте 23. Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан және қазақ жерлеріндегі әскери іс-қимылдар. Қызыл Армияның және Алашорданың Ұлттық әскери бөлімдерінің құрылуы Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты. Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
24. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Әскери коммунизм»(1918-1921) саясаты: оның қазақ өлкесіндегі жүргізілуі мен салдарлары. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.. Оның негізгі белгілері: ü Азық-түлік салғырты ü Жеке саудаға тыйым салу ü Азық-түлікті теңгерме ұстанымы бойынша бөлу ü Ірі,орта және ұсақ өнеркәсіпті мемлекет меншігіне көшіру ü Еңбек міндеткерлігі ü Басқаруды орталықтандыру ü Жергілікті бюджетті жойып,бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосу Бұл саясаттың басты шарасы азық-түлік салғырты болды. Оның мәні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Салғырт 1919 қаңтарда енгізілді.Әскери коммунизм саясаты шаралары: ü Өлкеге азық-түлік дайындауға орталықтан 11500 жуық жұмысшы келді. ü Қостанай уезінен 6млн пұт астық жиналды. ü Қарғалы шұға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. ü 1920 жылы Атыраудан Орталық Ресейге 600 мың пұт мұнай әкетілдіъ ü 1919 жылы сәуірде майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес Ресейде алғашқы сенбіліктер өткізілді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті: ü 1920-1921 жылдар еңбек армиясында 6 мыңға жуық адам болды. ü 1919 жылғы желтоқсан Александров-Гай-Ембі темір жол желісі салынды.Маңызы: Орал-Ембі мұнайлы ауданын Орталық Рессеймен жалғастырылды. ü Жетісу темір жолының Петропавл-Көкшетау темір жолы желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.
25. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің құрылуы мен оның ұлттық мемлекет құру идеясына қарсы іс-әрекеттері. 1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Қазревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Революциялық комитеттің бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді. 1920 жылы 9 наурызда Қазревком «Алашорда» үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды. Қазревком міндеттері: ü Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу ü Өлкеде Кеңестерінің Құрылтай съезін әзірлеу 1920 жылы 9 наурызда «Алашорданы тарату» туралы Қазревком шешімі қабылданды. Қазревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды: ü «Ұшқын»газетін шығарды. ü Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды. ü Қалаларда мұғалім даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.
Қазревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен халық шаруашылығындағы басты сала – отын өндіру бағытында Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қарағанды мен Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңесстік Республикасы — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды. ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді. Алғышарттары: ü РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР дамыған индустриялы аграрлы республикаға айналды. ü Жұмысшы табының көп ұлтты отряды жедел қалыптасты. ü Шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгерді ü Халық зиялыларының елеулі тобы құрылды ü Қазақ әйелдері қоғамдық және шаруашылық өмірге белсене аралысты. Нәтижесі: ü Еңбекке жарамды 3,3млн адамның 1млн жуығы жұмысшылар мен қызметшілер болды ü Олардың 20% түсті металлургияда ü 120 мыңы тасымал жұмысында ü 46 мыңы құрылыстарда еңбек етті. ü Ауылда механизаторлар өзекті тұлғаға айналды. Осылайша,Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мемлекетті қалыптастыру жолымен жүріп өтті. 1936 жылғы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезінде КСРО Конститутциясы қабылданды. 1937 жылғы наурызда Қазақстан Кеңестерінің төтенше Х съезінде Қазақ КСР Конститутциясы қабылданды. ü Республиканың саяси негізі еңбекшілер депутаттарының Кеңестері ü Республиканың экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі ü Өндіріс құралдары мен құрал жабдықтары социалистік меншік болып табылады. 1937жылы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді.Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды. ü Шахтер Т.Күзембаев ü Мұнайшы С.Зұрбаев ü Комбайншы И.Логвивенко ü Сауыншы С.Оңғарбаева ü Паравоз машинисті Л.Березняк құрамында болды. 1938 жылы маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді.Оған барлығы 300 депутат сайланды: ü 112-сі жұмысшы ü 116-сі колхозшы ü 152-қазақ ü 60-сы әйел,оның 27-қазақ әйелі 1938 жылы 15 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып,оны Ж.Жабаев ашты. 1939 жылы желтоқсанда жергілікті Кеңестер сайлауы өткізіліп.оған 48762 депутат сайланды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.01 с.) |