жылғы Амангелді Иманов бастаған көтеріліс 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

жылғы Амангелді Иманов бастаған көтеріліс

Поиск

Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916 жылғы 28 маусымда жетті. Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз, бұлжытпай орындау жөнінде шешім қабылдады. Алайда халық назарлығы күн санап өсе түсті. Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды. Көтерілусішілер тау шатқалдарына топтасып, пошта бекеттеріне шабуыл жасады, темір жолды бұзды, болыстык басқармаларды талқандап, болыстарды өлтірді. Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.

Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды. Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы, отарлық тәртіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді. Ол бірнеше рет түрмеге де түсті, заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке те сапар шекті.

1916 жылы шілдеде Амангелді шашыранды қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады. Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас колбасшысы — сардарбек, Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп, Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді. Сарбаздар ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Кеңес жанында барлық әкімшілік мәселелерді шешіп отыратын хатшылық жұмыс істеді, пошта орналасты. Басшы орталық жанындағы әділқазылар алқасы әр түрлі заңдық мәселелерді шешумен, арыздарды, шағымдарды қараумен айналысты. Бейбіт халық пен сарбаздардың арасындағы даулы мәселелерді басшы орталық әрбір мың шаруашылыққа тағайындаған елбегі (әкімшілік жетекшісі) шешті. Көтерілісшілер үшін салықтар мен азық-түлікті жасакшылар жинады, қаражат жөніндегі жұмыстарды арнайы тағайындалған казынашы атқарды.

Көтерілісшілер жасағын мойындаған халық битамал — 4 сомдық салықтан өзге салықтардың барлық түрінен босатылды, пошта жүйесі жолға қойылды. 1916 жылғы қазан айына карай Торғай және Ырғыз уездерінде әрқайсысында 2-3 мың адам болған 20-дай көтерілісшілер жасағы болды. Көтерілісші жасактар үш ірі жасаққа топтасты.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.008 с.)