Бап. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларына еңбекақы төлеу және оларды өзге де қамсыздандыру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларына еңбекақы төлеу және оларды өзге де қамсыздандыру

Поиск

59-бап. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларына еңбекақы төлеу және оларды өзге де қамсыздандыру

Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларына еңбеқақы төлеу, еңбек демалыстарын беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8-тарау. СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

60-бап. Сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Сот сараптамасы органдары бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-әдістемелік ақпарат алмасу, сот сарапшыларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында шет мемлекеттердің сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын органдарымен және қызметтерімен халықаралық байланыстар орнатуға құқылы.

61-бап. Шет мемлекеттің құзыретті органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын жүргізу

Сот сараптамасы Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органының тапсыруы бойынша жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданылады.

62-бап. Сот сараптамасын шет мемлекеттің сот сарапшыларын тарта отырып жүргізу

Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) заңда белгіленген тәртіппен өзінің бастамасымен не сот сараптамасы органы басшысының өтінішхаты бойынша сот сарапшысы ретінде шет мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы маманын тартуға құқылы.
Шет мемлекеттердің сот сарапшыларының қатысуымен сот сараптамасын жүргізу сот сараптамасын орындаушы елдің процестік заңнамасында, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)