бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері

Поиск

18-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері

Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін алған кезде заң талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты бір сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына жүргізуді тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуын, жүргізілетін зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығын, объективтілігі мен ғылыми негізділігін бақылауды, сондай-ақ сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

3) зерттеулер аяқталғаннан кейін сарапшының қорытындысын, зерттеу объектілерін және зерттеуге ұсынылған басқа да материалдарды сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жолдауға;

4) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;

5) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

19-бап. Сот сарапшысы

1. Сот сараптамасын жүргізу:

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғаларға;

3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығында тұруға тиіс.

3. Біржолғы тәртіппен сот сараптамасын жүргізу:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған;

2) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын тиiстi мамандықтағы сот сарапшыларынан, сондай-ақ лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiмен айналысатын адамдардан уәжді бас тарту қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден уәжді шеттетiлген;

3) осы Заңның 62-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.

4. Сот сарапшысы біліктілік талаптарына және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келуге тиіс.

5. Мынадай:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған;

2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

3) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам сот сарапшысы бола алмайды.

6. Тиісті заңдық факт басталған сәттен бастап үш жыл ішінде:

1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алынған;

2) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін оған қатысты айыптау үкімі шығарылған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық теріс қылық немесе ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

3) мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан, әскери қызметтен, сот сараптамасы органдарынан тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

4) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айрылған адам сот сарапшысы бола алмайды.

5) алып тасталды - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)