бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы

Поиск

2-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Сот-сараптама қызметінің міндеті

Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді сот сараптамасының нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.

4-бап. Сот-сараптама қызметінің мазмұны

Сот-сараптама қызметінің мазмұны:

1) қылмыстық, азаматтық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді;

2) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды және жүргізуді;

3) сот сараптамасын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

4) сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды;

5) сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтиды.

5-бап. Сот-сараптама қызметінің қағидаттары

Сот-сараптама қызметі:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

3) сот сарапшысының тәуелсіздігі;

4) сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы, толықтығы, объективтілігі және ғылыми негізділігі;

5) сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды, әдістер мен әдістемелерді пайдалануға жол берушілік;

6) сот сарапшысының әдебін сақтау қағидаттарына негізделеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)