Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысуыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 35-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысуы 1. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады. 2. Сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысатын процеске қатысушылар зерттеулердің барысына араласуға құқылы емес, бірақ сот сараптамасының мәніне қатысты түсініктемелер бере алады. 3. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде оған қатысатын процеске қатысушы сот сарапшысының қызметіне кедергі келтірсе, сот сарапшысы зерттеуді тоқтата тұруға және процесті жүргізуші орган (адам) не сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында процеске аталған қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысу үшін рұқсат беруден бас тарту туралы өтінішхат беруге құқылы. 4. Сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ сот сарапшыларының кеңесуі және түйіндерді тұжырымдауы сатысында, егер сот сараптамасын сот сарапшыларының комиссиясы жүргізсе, процеске қатысушылардың оған қатысуына жол берілмейді. 5. Процеске қатысушылардың тірі адамдардың сот сараптамасы кезінде оған қатысу ерекшеліктері осы Заңның 51-бабында айқындалады. 36-бап. Жеке-дара және комиссиялық сот сараптамалары 1. Сот сараптамасын жүргізуді сот сарапшысы жеке-дара не сот сарапшылары комиссиясы жүзеге асырады. 2. Комиссиялық сот сараптамасы күрделі сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сот сарапшысы жүргізеді. Адам есінің дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін құрамында кемінде үш сот сарапшысы бар комиссия тағайындалады. 3. Комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сот сараптамасын жүргізу туралы шешімді дербес қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. 4. Комиссия құрамына кіретін сот сарапшыларының қызметін үйлестіру үшін сот сараптамасы органының басшысы үйлестіруші сарапшыны тағайындайды. 5. Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы тәуелсіз және дербес түрде зерттеулерді толық көлемде жүргізеді. 6. Сараптама комиссиясының мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, сарапшы қорытындысына не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда, пікірі комиссияның қалған мүшелерінің түйіндерімен сәйкес келмеген сот сарапшысы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |