Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
бап. Сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы, толықтығы, объективтілігі және ғылыми негізділігіСодержание книги
Поиск на нашем сайте 9-бап. Сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы, толықтығы, объективтілігі және ғылыми негізділігі 1. Сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшысы объектілерді арнайы ғылыми білімге негізделген жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті. 2. Сарапшының қорытындысы жалпыға бірдей қабылданған ғылыми және практикалық деректер негізінде жасалған түйіндердің негізділігі мен анықтығын тексеруге мүмкіндік беретін ережелерге негізделуге тиіс. 10-бап. Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды, әдістер мен әдістемелерді пайдалануға жол берушілік 1. Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды, әдістер мен әдістемелерді қолдануға, егер олар: 1) заңда тiкелей көзделсе немесе олардың нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе; 2) ғылыми жағынан дәлелді болса; 3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса; 4) қауіпсіз болса, жол беріледі. 2. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізген кезде Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген әдістемелерді қолданады. Егер өзге әдістемелер осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келсе, оларды қолдануға жол беріледі. Бұл ретте, оларды қолданудың ғылыми негіздемесі сарапшының қорытындысында көрсетілуі тиіс. 11-бап. Сот сарапшысының әдебін сақтау Сот сарапшысы сот-сараптама қызметін жүзеге асырған кезде Сот сарапшысының әдеп кодексін сақтауға міндетті. 2-тарау. СОТ-САРАПТАМАСЫ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 12-бап. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыреті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыретіне: 1) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 3) сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту; 4) сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 5) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 6) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту; 7) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту; 8) сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 9) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту; 10) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 11) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту; 12) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; 13) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды әзірлеу және бекіту; 14) сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын әзірлеу және бекіту; 15) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 16) сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; 17) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау; 18) сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 19) сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; 20) сот сарапшыларын аттестаттау; 21) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 22) Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту; 23) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу; 24) сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту; 25) сот-сараптама қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру; 26) Сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту; 27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.) |