Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
бап. Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміСодержание книги
Поиск на нашем сайте 13-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау 1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия жеке тұлғаларға беріледі. 2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 14-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта жалғастыру, тоқтату және одан айыру 1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, адамның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының қолданысы: 1) ол мемлекеттік қызметте болған; 2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған; 3) ол сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген; 4) ол мерзімді әскери қызметті өткерген; 5) осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады. Лицензияны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған кезде оның қолданысы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қайта жалғастырылады. 2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден басқа, сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату: 1) адам қайтыс болған; 2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша адам әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған; 3) адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан; 4) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 5) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде адам қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған; 6) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру: 1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел немесе бірнеше рет бұзған; 2) аттестаттау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан адамның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған; 3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. 4. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдар негізінде лицензиар тоқтата тұрады, қайта жалғастырады және тоқтатады. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған адам қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. 1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар адамдар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. 2. Сот сараптамасын жүргізу, осы Заңның 19-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген адамдарға тапсырылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |