Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі

Шығармашылық жұмыс  - адам қызметінің жемісі, ол материалдық және рухани игіліктердің саналы жаңа көрінісі.

Адам шығармашылық жұмыспен шұғылданған кезде оның бойындағы барлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік, пайымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктеріғ, әсіресе, қиял арқылы ойлау процесі шығармышылық жұмыста өз нәтижесін береді.

Техникалық шығармашылық – бұл тиімді әрі жаңашыл техникалық нысандарды жасау, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген құралы.

  Кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығының нәтижелері – жеке тұлғаның саналы шығармашылық жұмыстарының кешенді сипаты болып, оны дамытудың негізгі жолдары:

v  ойлау белсенділігі;

v практикалық жұмыстарды орындауда білім мен икемділікті шыңдауға апаратын жол;

v міндеттерді өздігінен шеше алуға;

v еңбексүйгіштік қабілетін дамытуға;

v өнертапқыштық қасиетін қалыптастырады.

Оқушылар мен өндірістік оқыту шебері, үйірме жетекшілеріне әрбір оқушының творчестволық мүмкіндігінің деңгейін анықтайтын мынадай көрсеткіш келтіріледі:

I – деңгей. Оқушылар техникалық құжат бойынша сызбаларға аздаған өзгерістер енгізу арқылы деталдар орнын өзгертіп бұйым дайындай алады.

II – деңгей. Техникалық құжат бойынша сызбаларға өзінше өзгерту жасап, құрастыруды жетілдіріп, өнім жасай алады.

III – деңгей. Өнімді оқушылар технологиялық процестерді түпнұсқасын сақтай отырып, жетілдіре алады.

IV – деңгей. Оқушы өз жетекшісінің ұсынысы бойынша технологиялық процестерді өзі құрастырып, өнім дайындай алады.

V – деңгей. Оқушы өздігінен бұйым сызбаларын негіздеп, идечларын өнертапқыштық жолмен жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Техникалық шығармашылық түрлері:

v өнертапқыштар бригадасы;

v техникалық үйірме;

v шығармашылық тапсырма;

v оқушылар конструкторлық бюросы;

v бітіру алдындағы өндірістік практика;

v ғылыми жетістіктер көрмесіне топ саяхат.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)