Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Педагогикалық тестілеу. Теориялық оқытудың сапасын диагностикалау мына көрсеткіштер көмегімен жүзеге асады.Поиск на нашем сайте 3. Педагогикалық тестілеу Кәсіптік оқыту саласын диагностикалау жұмысы мына екі қызметті атқарады: - оқу - өндірістік процесі кезінде ағымдағы педагогикалық бақылауды қамтамасыз етеді; - кәсіптік оқытудың нәтижесін бақылауға септігін тигізеді. Басқаша айтқанда кәсіби оқыту саласын диагностикалау мына екі міндетті шешеді. 1. Кәсіптік оқыту процесін бақылауды жүзеге асырады; 2. Кәсіптік оқытудың нәтижесін бақылауды жүзеге асырады; Кәсіптік оқытудың сапасын диагностикалауда (әсіресе, кәсіптік мектеп жағдайында) мына төмендегі сапа қамтиды: - теориялық оқытудың сапасын диагностикалау; - өндірістік оқытудың сапасын диагностикалау. Теориялық оқытудың сапасын диагностикалау мына көрсеткіштер көмегімен жүзеге асады. 1. Білім тұтастығы арқылы. 2. Білім жүйелілігі арқылы. 3. Білім беріктігі арқылы. 4. Білім жалпылығы арқылы. 5. Білім әрекеттері арқылы. Өндірістік оқыту саласын диагностикалау мына көрсеткіштер негізінде жүргізіледі: 1. Оқу - өндірістік жұмыстарды игеру тәсілдері мен амалдарын, еңбек процесі мен оның нәтижесімен қоса меңгеру. 2. Оқу - өндірістік жұмыстарды орындау сапасы (оқу - өндірістік жұмыстарды сапалы атқаруда техникалық және технологиялық талаптардың сақталуы). 3. Еңбек өнімділігі (өнімді өндіру мен уақыт нормасы). 4. Еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуы, өндірістік санитария мен гигиена, экологиялық талаптардың орындалуы. 5. Еңбекті ұйымдастырудың және жұмыс орнының сапасы. Мұндағы басты өлшем оқушының меңгерген кәсіби білімінің біртұтас болып, оқу - өндірістік қызметте пайдалануы, оны атқарудағы икемділігі болып табылады. Өкінішке орай, кәсіптік білімді диагностикалау кезінде бұл айтылған көрсеткіштер тиісті оқу – материалдық базаның жетіспеушілігіне байланысты, оқытушы не өндірістік шебер өз дәрежесінде толық жүзеге асыра алмайды. Өндірістік оқытуды бағалау өлшемдері туралы Білім және Ғылым министірлігінің № 459 бұйрығында «кәсіптік білімді меңгеру» деп көрсетілсе де, ол толыққанды орындалмай отыр. 12 балдық бағалау шкаласын кәсіптік – техникалық білім жүйесіне енгізу көптеген қиындықтар алып келгенін айта кетуіміз керек. Оқытушы не өндірістік оқыту шебері бір мезгілде 12 балдық бағалау шкаласының сипаттамаларын есінде ұстап объективті баға қоюы қиын. Одан шығатын мына 2 жол бар: 1. Алдымен оқытушы не өндірістік оқыту шебері оқушылардың 4 – деңгейлі жетістігінің сипаттамасын игеріп, жаттап алуы керек. Олар: - Төменгі - Орта - Жеткілікті - Жоғары 2. Әрбір деңгей үш балға ие болғандықтан олардың өзара айырмашылық сипатын біліп, ажыратуы қажет. Сонда объективті, әділ баға қойылуы мүмкін. Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық сипаттамаларын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері пән бойынша кәсіби теориялық және практикалық дайындығының жетістік деңгейін мына кестеден көруге болады. Жоғарыда айтылған деңгейлердің көрсеткіштері де келесі кестеде көрсетілген.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |