Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктеріПоиск на нашем сайте Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді. Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық. Педагогикалық құбылыстар деп – тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады. Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білідіретін заңдылықтар жатады. Тәрбиенің заңдылқтарына. 1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық. 2. Баланы ңөзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы; 3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; 4. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; 5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі; 6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс. Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады. Олай болса, тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді. Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан: 1. Тәрбиенің мақсаттылығы; 2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы; 3. Еңбек арқылы тәрбиелеу; 4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі; 5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін еспке алу, 6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету; 7. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; 8. Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы;
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |