Оқушылар ұжымының ерекшеліктері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқушылар ұжымының ерекшеліктері

Кәсіптік мектептегі педагогикалық ұжым мына 2 үлкен топқа бөлінеді:

1. Өндірістік оқыту шебері – оқушыларды практикалық (өндірістік) оқыту жұмыстарымен щұғылданады;

2. Оқытушылар  теориялық білімді игертіп, мына салаларға бөлінеді:

а)арнайы пәдер оқытушысы;

ә) жалпытехникалық пәндер оқытушысы;

б)жалпы білім беретін пәндер оқытушысы;

Инженер – педагог қызметкерлердің ерекшеліктері:

Кәсіптік мектептің педагогтық қызметкерлер қатарында базалық психологиялық және педагогиканың дайындығы жоқ кадрлармен қоса, базалық педагогикалық білімі бар қызметкерлерде жұмыс істейді. Жеке инженер – педагог мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітіріп келгендер, мемлекеттік университеттердің педагогика факультетін аяқтағандар, индустриалды – педагогикалық академиясы түлектері т.б. Сондықтан тәрбиенің түпкі мақсатына жетуде түрлі әдістермен тәрбиелеу құралдарын пайдалануда өзара түсіністіктің жоқтығында кездеседі. Егер жоғарғы оқу орнын бітірген педагог шәкірттерін ғылым негіздерін тереңдетіп оқытқысы келсе, педагогикалық білімі жоқ, орта буын кадрлар күнделікті тұрмыстық тіршіліктер ауқымынан шыға алмайды.

1. Инженер – педагог қызметкерлердің психологиялық – педагогикалық дайындығының деңгейі әртүрлі екендігі (бір – екі айлық дайындық курсын бітіргендер, индустриалды – педагогикалық колледж, инженер – педагог факультетін, жоғарғы оқу орнын бітіргендер). Демек, кәсіптік мектеп оқушыларына тәрбие мен білім беруде түрлі деңгейдегі ғылыми – теориялық дайындықпен келген оқытушылар жиі кездеседі.

2. Олардың айырмашылығы тек білім мазмұны емес, жалпы мәдени деңгейінде де байқалады. Нәтижесі: әлеуметтік, кәсіби және жеке өмірлік құндылықтар түсінігінде көзқарастарының әртүрлігі.

3. Ұзақ жылдар кәсіптік мектеп контингентімен жұмыс істеген мұғалімдер де иедагогикалық қарым – қатынас мәдениеті төмендейді, өйткені жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қарағанда, бұларда көбінесе тәртібі ауытқыған оқушылар келетінін жоғарыда айтып өткенбіз. Нәтижесі: жұмыстардағы әріптестердің бәрі бірдей оқушыларға үлгі бола бермейді.

4. Кәсіптік мектеп оқушыларына бірыңғай басшылықтың жоқтығы: оқыту шебері мен үйлесім жоқтығы, куратор басшылық жасайды. Нәтижесі: бірыңғай педагогикалық талап принципін практикада іске асыруға кедергі келтіреді. Сондықтан кәсіптік білім жүйесіндегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)