Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.

Инженер – педагогтық кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері мына бағыттарда жүргізілуі тиіс:

1. Кәсіби оқуға алғашқы кіріскен күннен бастап шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттыру;

2. Олардың бойында өз ісіне деген берік сенімділік қалыптастыру;

3. Жаңа ақпарат көздерін тауып, ғылым негіздерін өз бетінше жүйелі жинауға үйрету.

4. Жеке тұлғалық шығармашылық белсенділігінің көзін ашу, одан нәр алуға баулу.

5. Жаңа технологиялық тәсілдерді игерген сайын,шебер оқушы қабілетін лайық жаңа шеберлік көкдиегіне қарай бағыттау ізденіске жетелеу;

6. Жағдаяттық қиындықтарды отбасымен бірлесіп шешу ( материалдар, құралдар, қаражат көздері, уақыт т.б.)

7. Әрбір жұмыста я өнімде жатпай тұрған бөлшекті я технологиялық процесті жете білу, аңғару, оны өзінше ой елегінен өткізу;

8. Техникалық үйірмелердің конструкторлық қызметінде ой бөлісу, пікір алысу, жобасын дәлелдеу;

9. Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, кез – келген бұйымды жетілдіру мүмкіндігі бар екенін ұғындыру, өз кәсіби білім кеңістігін, кәсіби шеберлік деңгейіне жеткізіп, өнертапқыштық жолында өз ізденісін түпкі нәтижеге дейін апару қасиетін қалыптастыру.

Жеке демек, тұлғаның саналық қасиеттері оны белгілі кәсіп саласы аймағындағы қызметінде айқындалып, ашыла түседі. Мысалы:радиоэлектоника аспаптарын (РЭА) жөндеуші шебердің бойына тән өзіндік кәсіби қасиеттері: тұрақтылық, жинақылық, ізденімпаздық, дәл анықтай білу, білім тереңдігі, хабардарлығы т.б. Ал, инженер – педагогика тән сапалы кәсіби қасиеттер: шыншылдық, әділдік, талап ете білушілік, адамгершілік, ұстамдылық, жұртпен тіл таба білушілік т.б. Әрбір сөз соңында айтарымыз жеке тұлға белгілі бір техникалық үйірмелерге қатысып, өз идеяларын жүзеге асыру үшін, ұдайы ізденісте, өз білім қорын танымдық қабілетін ақпарат көдері арқылы үнемі толықтырып отырғандағы кәсіби шеберлік шыңына жете алады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)