азақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.

Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.

Жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғарғы сатысы болып табылады және ол жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрлар дайындауда өз алдына белгілі бір мақсат қояды. Азаматтардың жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім алуы үшін арнайы жоғары білікті мамандығы мен академиялық «Магистр» дәрежесі болуы керек. Медицина саласында ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрларды дайындау клиникалық ординатураларда, аспирантурада, адъюниктурада жоғарғы оқу орнының докторунтурасында, ғылыми – зерттеу мекемелерінде, сондай – ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер, ізденуші есебінде жұмысқа алу арқылы жүргізіледі. Оқу мерзімі аспирантура мен адъюнктурада күндізгі бөлімде 3 жылға дейін, сырттан оқыту бөлімі үшін 4 жыл, ал «Магистр» дәрежесі барлар үшін тиісінше 2-3 жыл көлемінде Ассистентурадағы өтіл мерзімі күндізгі бөлімде 2 жыл, сырттай бөлімде 3 жылдан аспауы керек. Докторантура мерзімі 3 жыл, ал аға ғылыми қызметкерлерді докторлық диссертациясын қорғау мерзімі 2 жыл. Жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру туралы Ережесі Қазақстан Республикасы білім беру саласы бойынша орталық атқарушы орган бекітеді.

Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы

Дәріс жоспары:

  1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
  2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері

 

1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас

Білікті жұмысшы мамандығының қалыптасуы және оның кезеңдеріне тоқталатын болсақ әлеуметтік жағдайлар мен кәсіби қызметтің сипаттамасына қарай маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің мынадай 5 сатысы бар: (Э. Ф.Зеер пікірі бойынша).

Оптация – адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай кәсіп таңдауын қалыптастыру;

Кәсіптік білім беру - жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау арқылы жетілдіру;

Кәсіби бейімделу  - өз бетінше кәсіби бағдар айқындауда игеруі тиіс әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет дағдыларын үйренуге өз бетінше тәжірибе жинақтау;

Кәсібилену  - кәсіби ұстанымды қалыптастыру, маңызды кәсіби қасиеттер мен дағдыларды ұштастыра білу, кәсіби қызметті жоғары біліктілікпен атқара алу;

Кәсіби шеберлік – жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік деңгейіне жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен ұштастыруы. Автролық қызмет жүйесіне ену. Осы аталған кәсіби біліктіліктердің ең жоғарғы шегі – кәсіпті игерудің түпкі мақсаты – кәсіби шеберлік деңгейіне жетіп, өз ісінің маманы атану.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)