Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері

Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.

 

Автоматты реттеуші

Адам

Қызыметі

Органы

Қызыметі

Органы

Ақпаратты жинау

Өлшеу аспаптары (датчиктор, монометр, термом, амп)

Сезім

 

Сезім органдары (құлақ, көз, тіл т.б.)

Ақпаратты жеткізу

Байланыс каналдары (сым, рычаг, баспа)

Қабылдау

Нерв жүйелері

Ақпаратты сақтау

Есте сақтағыш құрылғылар (ішкі және сыртқы электронды ақпарат жинағыштар,сандық станоктар т. б.)

Есте сақтау (көру, есту, қимыл т. б.)

Бас және ми

Ақпаратты өңдеу

Бағдарлап өңдеу құрылғылары (реттеуіш, есептеу машиналары, жад)

Парасат (ой түю, таңдау және шешім қабылдау)

Бас және ми

Басқару әрекетін сезіну

Атқару органдары рычагтар, қозғалтқыштар, клапандар

Қимыл - әрекеті (реакция, қозғалу әрекеті

Қол, аяқ, бұлшық еттер

 

Мұнда өз бетінше қызмет атқара алатын екі жүйенің ұқсас әрекеттері берілген.Машина мен адамның қызмет атқаратын органдарының ұқсас екендігі көрініп тұр.

Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.

Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына төмендегідей:

1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді,ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.

2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.

3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.

4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.

5. Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс – тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.

6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.

 Бұл қоғамдық компоненттер – оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың үйлесімділігі оны басқа салалардан өзгешелендіріп тұрады.

Ол компоненттер: оқу ақпараты, мақсаты, педагогикалық байланыс тәсілдері, оқушылар, педагогтар.

Төменгі сұлбада педагогикалық жүйенің компоненттерінің өзара байланыстылығы көрсетілген.

 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.)