Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІПоиск на нашем сайте А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН Мамандық аты, шифры: 5В010300 – Педагогика және психология Оқу формасы: күндізгі Курс: 2 Семестр 3 Тобы: СПП-211дж
Силлабусты құрастырған: п.ғ.к., доцент.м.а Рысбекова Айман Мекен жайы, тел және Е-mail: Түркістан қаласы 20 үй 19 пәтер. 87770953407; s.s.4@ilt.ru Кафедрадағы жұмыс уақыты. 9.00 - 17.00 СӨЖ қабылдау мен кеңес беру күндері, уақыты және орны: Бейсенбі, сағат 10.00-11.00, N 7 оқу ғимараты 100 ауд.
Түркістан - 2013
Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым Кәсіптік педагогика – жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сөзінен «пайдос» - бала және «аго» - жетелеу ұғымын береді. Сөзбе – сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грецияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте дәріс беретін құлды ғалым деп атаған. Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын «баланы өмірге жетелеуші» ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны оқытып, тәрбиелеп жаны мен рухын дамытатын өнер деп қалыптасты. Атақты адамдардың қасына оны тәрбиелеген ұстаздарының аты да қоса айтыла бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды. Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптаса бастады. Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіле басталды. Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы – адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым екендігінде. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада берілген, ол: оқыту, білім беру, тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Сөйтіп, «тәрбие» түсінігінің аясының кеңуі оның ғылым ретінде қалыптасқан бастапқы мағынасына қайшы келіп отыр.Сондықтан, әлемдік педагогика лексиконына жаңа термен: «андрогогика» (грек сөзі «андрос» - ер, «аго» - жетелеу) немесе «антропогогика» - адам жетелеу деген ұғым пайда болды. Кәсіптік педагогика немесе кәсіби білім беру педагогикасы деп, адам баласының жасын, білім деңгейін және оның еңбегі мен кәсіптік іс-әрекетінің сипатын ескермей-ақ, оның кәсіби даярлығын жетілдіруге қажет теориялық, практикалық білім жүйесі десе болады. Бұл анықтама адам баласының қалыптасуына қажет жалпы білім жүйесіндегі кәсіптік даярлықтың рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.) |