Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.

Қазіргі ғылымның дамуы оны дифференциялау және интеграциялау үрдісімен сипатталады. Ғылымның дифференциялануы деп кейбір ғылым салаларының өзі дербес ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болуы. Ғылымның тоғысында олардың құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып, зерттеудің ортақ ғылыми әдіс – тәсілдері саралана түсуін интеграциялану десек болады. Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ, соңғы кезде ғылымның дифференциялануы арқылы педагогиканың мына салалары даралық сипат бере бастады:

- мектеп алды педагогикасы;

- жасөспірімдер педагогикасы;

- жалпы білім беретін мектеп педагогикасы;

- кәсіптік педагогика (кәсіптік мектептер педагогикасы);

- мектептану (білім және оқу – тәрбие мекемелерін басқару); т.б

Осыған орай кәсіптік педагогиканың да өз салалары қалыптаса бастады.

- бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік мектептер мен лицейлердегі тәрбие мен оқыту мәселелерімен шұғылданады);

- орта кәсіптік білім беру педагогикасы (колледждердегі тәрбие және оқу мәселелерімен айналысады);

- жағары білім педагогикасы (институт, университет және академияларда тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысады).

Атап кету керек, кәсіптік педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп, жалпы педагогика аясында қала алмайды.Оның қалыптасуы, техниканың, ғылымның, экономика мен өндірістің өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіптік педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды:

- жалпы және педагогикалық психология;

- инженерлік психология ;

- еңбек психологиясы;

- еңбек физиологиясы;

- акмеология (кәсіптік шеберлік шыңына жету туралы ғылым)

Бұдан басқа кәсіптік педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға да арқа сүйейді.

Кәсіптік педагогиканың пәндік зерттеу нысандары мыналар:

1. Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргізілудің тиімділігін зерттеу;

2. Кәсіптік білім мазмұны;

3. Жеке тұлғаға ғылыми – техникалық білімнің және кәсіптік біліктілік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту;

4. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу – тәрбие үрдісін басқару.

Жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе, кәсіптік педагогика саласына мынадай анықтама беруге болады.

Кәсіптік педагогика – жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын ғылымының негізгі саласының бірі.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.)