Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің бір саласы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің бір саласы.

    

Кәсіптік мектеп – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.

Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие.

Кәсіптік мектептің құрылымдық компонентері, педагогикалық жүйесі іспеттес (жоғарыдағы сұлбаға назар сал).

Оның мақсаты – азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даяарлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.

Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми – техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.

Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы – оқушыларға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет. Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және басқа да жолдармен берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді.

Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына – жалпы білім беретін орта мектептегіден басқа оқу құрал жабдықтарымен қатар (машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар, аспаптар т.б.) нақты заттық бөлшектер, кескіндер, макеттер сондай – ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу тренажерлері де жатады.

Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп саласына қызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар.

Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін – 1,5 жыл. Бұл жөнінде кейінгі тарауларда «Кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» және «Тәрбие жұмысының ерекшеліктері» деген тақырыптарда толығырақ сипаттама беріледі.

Кәсіптік мектеп педагогы – бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық меңгерген инженер – педагог.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)