Кәсіптің өндірістік сипаттамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәсіптің өндірістік сипаттамасы

2. Кәсіптің өндірістік сипаттамасы

  Еңбек мақсаты

  Еңбек пәні

  Еңбек құрал – жабдықтары

  Еңбек мазмұны: негізгі өндірістік операциялар

  Еңбек шарты

  Еңбекті ұйымдастыру

  Қажетті кәсіби білім, білік және дағды.

3. Кәсіптің санитарлық – гигеналық сипаттамасы.

3.1 Еңбектің ауырлығы мен күрделі деңгейі

3.2 Жасы мен жынысына байланысты шектеулер

3.3. Жұмыс және демалыс режимі

3.4. Ауысымдығы

3.5. Талдағыш жүктемесі

3.6. Жағымсыз факторлар

3.7. Медициналық қарсы көрсетілімдері

4. Кәсіптік байланысты маманның жеке – психологиялық ерекшеліктеріне қойылатын талаптар.

    4.1. Нейродинамика

    4.2. Тәуліктік биоритмика

    4.3. Психомоторика

    4.4. Сезгіштік аумағы

    4.5. Есте сақтау қабілеті

    4.6. Зейіні

    4.7. Ойлауы

    4.8. Парасаттылығы

    4.9.  Еркіндігі

    4.10. Мінез – құлқы

    4.11. Тұлғаның кәсіби сапалық қасиеттері.

5. Кадр дайындау

5.1. Оқу орнының түрі

5.2. Оқыту мерзімі

5.3. Жалпы білім беретін пәндерді игеруі

5.4. Кәсіби шеберлігін шыңдау

Профессиограмманың бұл келтірілген құрылымдық мазмұны әрине, кәсіби біліктілікке қазіргі қойылып жүрген талаптар деңгейінен әрі биік, әрі ауқымды екені көрініп тұр. Бірақ, оны қазір жүзеге асырып, практикада қолдану қиын болып тұр, өйткені, жұмыс ауқымын айтпағанның өзінде, қарапайым, әрі тиімді талдау жүргізу мүмкіндігі жоқ.

2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері

Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл адам тану саласында жаңадан дамып келе жатқан жас ғылым саласы. Ол «акме» деген латын сөзінен алынған «шың» деген мағынаны білдіреді.

Пәннің зерттеу нысанасына мыналар жатады:

- ересек адамдардың өз бетінше даму заңдылықтары;

- Кәсіби шыңға я белгілі бір табысқа жету факторлары;

- өзін -өзі тәрбиелеуге, білім беруге және бақылай білуіне үйретуге қызықтыру;

- кәсіби шеберлік шыңына жету үшін ересек адамдардағы түзету, жетілдіру және қайта құра алатын қасиеттерді тиімді пайдалана білу;

Акмеология пәнінің нысанасы - ол ересек адамдарға өз кәсібін ғұмыр бойы жетілдіруге бағытталған проблемалар.

Олар:

- Кәсіпке кірісу (оқу орнын таңдау);

- Өз бетінше кәсіби қызметке кірісу;

- Кәсіптік қызметте ұжыммен араласу;

- Бір қалыпты жұмыс ырғағына еніп, кәсіп шыңын игеруге кірісу;

- Қызмет құрылымындағы жас ерекшеліктерді ескерту;

Демек, акмеология ғылымы ересек адамдардың кәсіби оқытудағы басқару мәселелерін, оның жас ерекшелігіне әсерін,қызығушылығын, оны өз бетінше жетілдіру, шығармашылық қабілетін кәсіби қызметтің шарықтау шегіне дейін жеткізетін саланы зерттейтін ғылым болды. Авторлық қызмет жүйесі (АҚЖ) және оны қалыптастырудың негізгі заңдылықтары жоғарыда айтылғандағыдай кәсіби даяарлық процесінде білім, білік және дағдылық қасиеттерді қалыптастырумен қатар типтік кәсіби міндеттерді шешу тәжірибелері де жинақталады. Болашақ не жұмыс істеп жүрген мамандардың шығармашылық қабілетін өз бетінше жүзеге асырудың маңызды формалары жобалау, авторлық қызмет жүйесі (АҚЖ) тиімді әрі нақты құру арқылы кәсіпті өмір бойы игеру болып табылады. Жеке тұлғада кәсіпті игерудің шыңы кәсіби шеберлік – яғни, кәсіби қызметте авторлық жүйені иемдену. АҚЖ – бұл субъектінің өзіне қажетті әрі түпкі қолжетілді мақсатына бағытталған жеке қасиеттерінің өз қызметі жолындағы өзара біртұтас байланысы, элементтердің бірлескен іс - әрекеті. Ол қандай нәтижеге жете алатынын өзі ғана шешеді. Авторлық қызмет жүйесінде субъектінің кәсіпті игеру бағыты, қабілеттілігі, жеке таланты, дарындылығы басқа салалармен байланыстыра қарым – қатынаста дамыта білушілігі жүзеге асады. Оның қысқа сұлбасын былай көрсетуге болады:

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)