Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары.

Осы заманғы кей мектептер тəжірибесінде оқуды ұйымдастырудың басқа да формалары қабылданған. Батыс елдерінде шектері нақтыланбаған (неградуированные) сыныптар сақталған: кей оқушы бір пəн бойынша жетінші сынып бағдарламасымен оқыса, қалған пəндерден алтыншы не бесінші сыныптық білім алып жүруі мүмкін.
Жер-жерде ашық мектептер ұйымдастыру эксперименттеріде жүріп жатыр. Оқу мұндай мектеп жағдайында қоры бай кітапханалар, шеберханалар орталықтарында өткізіледі, яғни бұл болашақта “мектеп” деген жүйенің жалпы керек болмасына мегзеп тұр.
Оқу ұжымдастырудың ерекше формасы шомдыру (погружение): оқушы белгілі уақыт (бір не екі апта) аралығында бір немесе екі пəнді игерумен ғана айналысады. Осыған сəйкес Вальдорф мектептерінде дəуірлер бойынша оқу ұйымдастырылған.
Оқуды ұйымдастыру формалары дамуының қысқаша тарихы осылайша.
Жоғарыда аталған барша жаппай оқыту формаларының арасында үлкен тұрақтылығымен сақталғаны сынып-сабақтық оқу жүйесі. Шынымен де, осы оқу формасы педагогикалық ой мен жаппай мектеп озық тəжірибесінің аса құндылықты жемісі.

•Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері.

Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді.

•Сабақтың негізгі компоненттері

•1. Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.

•2. Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

•3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.

•4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

•Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу

• Сынып деңгейі.Оқушылардың пәнге қызығушылығы.Сыныптың жұмыс қарқыны. Білім, білік, дағдының қалыптасуы, әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынас, оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы, оқушылардың жалпы тәртібі

2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:

•жүйке жүйесінің типі, тіл табысушылығы, көңіл- күйінің өзгеруі, эмоционалдығы, оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы, көңіл- күйдің төмендеуін жеңе білуі; өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі,.

3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.

•1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

•2) Сабақ тақырыбынақатысты үш түрлі:ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;

•Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері

•1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

•2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

•3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

•4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

•5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

•6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

•7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

•8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;

•9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

•10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;

•11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

•12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

•13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

•14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

•15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

•Әр түрлі үлгіде көрсетілген сабақ талаптары

Аралас сабақ

Үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық және тәжірибеде оларды қолдану, жаңа сабақты бірінші бекіту, жаңа материалды баяндау,үй тапсырмасының орындалуы және ертерек оқылған материалдармен білімдерін тексеру,ұйымдастыру бөлімі: өзіне келесі элементтерді қосу, күрделі құрылымдағы сабақтар осы үлгіде болады.

Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау,үй тапсырмаларының орындалуын;оқушылардың дағдыларын және іскерлігін; өткен материалдармен білім деңгейін сұрау жолымен бағалау және әшкереленген білім нәтижесін тексеру. Тексеруде және білім бағасына қабылданады:

• Жеке ауызша жауап алу;

•карточкамен жауап алу;

• жазбаша жауап алу;

• тақтада жауап алу;

• басқа да жауап алу жолдары және тапсырма шешімі

•Алынған білімді жинақтау және қайталау сабақ.

 

•Пәнді бөлу немесе осындай сабақ түрі тақырыпты оқығаннан кейін өткізіледі.

•Оның белгілері болып табылады:

•- тапсырманың берілуі және проблема құрылымы;

•- жұмыс қортындысының бағасы және жауап қортындысы ;

•- қортынды өткізу;қатені түзету;

•- үй тапсырмасының нұсқаулық бойынша орындалуы

•Сабақта білім, дағды, шеберлік қолдану

•Сабақтың осы түріне кіргізіледі:

•- Ұйымдастыру бөлім;

•- білім мақсатын түсіндіру және анықтау;

•- алдыда оқылған материалдармен байланысты айқындау; - орындалған жұмыс бойынша нұсқаулық;

•- оқушылардың өздік жұмысы;

•- оның қортынды бағасы;

•- үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық.

•Оқушының өздік жұмысы- сабақты оқытуда негізгі әдіс. Сабақта білімділік,іскерлік және дағды пайдалану пән бөлімі немесе тақырыпты оқып білудің аяқталуында қолданылады. Бұл өткен білім бойынша тәжірибелік дағды және теориялық материал біліміне ереже сияқты тексеру өткізілмейді.

•Дағды және шеберлік өндіру, білімді бекіту сабағы

•- үйымдастыру бөлім;

•- сабақ мақсатына түсінік және анықтама;

•- оқушы білімін жаңғырту;

•- алдыңғы жұмыстың мазмұнымен байланысты;

•- оның орындалуы туралы нұсқаулық және тапсырма мазмұнын хабарлау;

•- оқушыға оқытушылардың жетекшілігімен өздік жұмыс;

•- орындалған жұмысқа баға және жинақтау;

•- үй тапсырмасының орындалуы бойынша нұсқаулық.

•Еңбек, оқушылардың өздік жұмысы осындай сабақта оқытудың негізгі әдісі болып табылады. Оқушы тапсырма шешеді,есептеулерді орындайды, басқа материалдармен және кітаппен өзі жұмыс істейді.

•Сабақты өзіндік талдау

Оқушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде орындалған мен жоспарланғанды салыстыру арқылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау мақсатында жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)