Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» - институттың филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.

Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.

Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.

Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)