Мазмұндама мен диктант жұмыстары. Оқушылардың мазмұндама мен диктант жұмыстарындағы қателерді түзету жолдары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мазмұндама мен диктант жұмыстары. Оқушылардың мазмұндама мен диктант жұмыстарындағы қателерді түзету жолдары.

20.Мазмұндама мен диктант жұмыстары. Оқушылардың мазмұндама мен диктант жұмыстарындағы қателерді түзету жолдары.

5.Мазмұндама мен шығарма жұмыстары.

Мазмұндама мен шығарма жұмыстары өз кезегінде, балалардың психикалық процестері (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял) мен сезімін, еркін күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығындағы өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін тездетеді. Мидың жарты шарлар қабығында өтіп жататын әрекетті үздіксіз күшейтіп, анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататынуақытша нерв байланыстарын жасайды және жетілдіре түседі.

Оқушыларды шығарма мен мазмұндама жазуға үйретуде психологиямен қатар біз дидактиканың негізгі талаптарына сүйенеміз. Бастауыш мектептерде мазмұндама мен шығармаға үйрету жұмыстарында, басқа пәндердегі сияқты оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы, көрнекілік, саналылық, оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік пен беріктік принципі ескеріледі.

6.Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарындағы қателерді түзету жолдары.

Бастауыш сынып оқушылары мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынандай педагогикалық білік, дағдыларға үйренулері тиіс:

1) Мазмұндамадан оқушылар оқылған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғырта алуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау шеберліктеріне жаттығады. Осы жұмыстың барысында бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер автоматталып, оқушының есінде қалады. Оқылған мәтінді жазып бері үшін сөздер, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады. Мұндай процестерге жаттығу балаларды шығарма жазуға дайындайды.

2) Шығармада ұсынылатын тақырыпқа түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы мен шеберлігі қалыптасады.

3) Шығарма жазу үшін материал жинау дағдысы мен шеберлігі. Яғни материал жинау барысында бақылаудың кейбір тәсілдеріне дағдылану, оны меңгере білуге үйрену.

Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді:

1. Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра отырып, оларды ажырата білу, өз беттерімен қорытынды жасай білу.

2. Оқушылардың қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс.

3.Қазақ тіл ғылымының зерттеу жұмысының негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігітиетін жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай да тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындау.

4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

5.Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырп сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау жолына бағыттталады. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жұмыстарының негізгілері – мазмұндама мен шығарма жұмыстары.

Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама. Дайын әңгіме бойынша мазмұндаманың 5 түрі бар:

Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін алынатын мәтін оқушылардың бұрын өз көздерімен көрген немесе оқыған материалдары шеңберінде болғаны жөн.

Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Оқушы тақырып бойынша мәтінді өзінше құрап, өзінше жазады.

 «Шығарма» терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына түсіріп, түсінікті түрде, жүйелі түрде әңгімелеп берулерін айтамыз. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топтарға жіктеуге болады:

1) оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;

2) экскурсия бойынша;

3)  өнер саласына байланысты;

4) оқушының өз іс-әрекетіне байланысты тақырыптар.

Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола тұрғанымен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасы мына сияқты: ІІ сыныпта 20-30 сөз, ІІІ сыныпта 30-60 сөз, ІҮ сыныпта 60-130 – ға дейін барады.

21.Бастауыш сыныптарда сөз тіркесін оқыту ерекшелігі.

Бастауыш мектепте хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді өткенде бұл сөйлемдердің мағынасы мен интонациялық, пунктуациялық белгілерінің арасында себепті байланыстылық болатынын, сөйлемнің мағынасы оның интонациясына әр алуан әр беріп, әр түрлі пунктуацияның қойылуына себеп болатынын оқушыға түсіндіріп отырған жөн.

Сөйлем түрлерінің мағынасын, интонациясын, тыныс белгілерін танытуда баланың ойдүниесін қозғап, эмоциялық сезімін оятуда оқушының көру анализаторларының қызметі көріп қабылдаудан гөрі естіп қабылдауының басым болатыны ескеріледі.

Бастауыш сыныпта оқушылар сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы практикалық дағдылар алады. Бұл материалдарды анықтаудың лингвистикалық ерекшеліктеріне және жүйесіне мұғалімдердің өздері де көңіл бөле бермейді.

Сонымен бастауыш сыныпта синтаксистік материалдарды оқытуда:

- оқушыларға алғашқы синтаксистік түсінік бергенде тиісті синтаксистік фактілердің семантикалық мағынасы мен грамматикалық формасы (морфологиялық формалық белгілері) бірге танытылып, олардың негізінде оқушылардың ұғымына сай анықтамалар берілгені дұрыс.

- Синтаксисті және пунктуацияны оқытуда тілдің дыбыстық табиғаты интонациямен көрінуі тиіс және ол интонацияның сөйлем мағынасына бағынышты екені ескеріледі.

- Практикалық жұмыстарды орындауда оқу материалының синтаксистік фактілерді бір-бірімен және басқа грамматикалық фактілермен салыстыруға мүмкіндік туғызарлықтай әр жақты, әр сипатты болғаны жөн.

Бастауыш сыныптарда негізгі тақырып — сөйлем. Балалар сөйлем материалдары арқылы дұрыс сөйлеу, сөз формаларын өзгерту, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын табу жолдарын үйренеді, сонымен бірге грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық және орфоэпиялық дағдыларды меңгереді. Сөйлем тіліміздегі синтаксистік құрылымынық негізі айтылатын ойдың ұйытқысы болу қызметін атқарады. Жеке сөздер мен сөздердің өзара байланысты тіркестері ойды білдіретін сейлемнің күрылыс материалы ретінде жұмсалады. Өзінің ойын айтып немесе жазып білдіру үшін, оқушылардың сөйлемді саналы түрде пайдалана аларлықтай білікпен қарулануының ерекше маңызы бар.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)