Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Оқушылардың білімін бағалау жолдары.Поиск на нашем сайте 1. Оқушылардың білімін бағалау. Білімдірді, іскерліктерді және дағдыларды бағалау деп оқушылардың оларды меңгеру деңгейлерін оқу бағдарламаларында көрсетілген эталондық көріністермен салыстыруын айтады. Отандық дидактикада Білімдірді, іскерліктерді және дағдыларды бағалаудың 4-баллдақ жүйесі қалыптасқан. «5» - толық меңгерген (үздік); «4» - жеткілікті меңгерген (жақсы); «3» - жеткіліксіз меңгерген (қанағаттанарлық); «2» – меңгермеген (қанағаттанарлықсыз). 1. Оқушылардың білімін тексерудің маңызы. Оқушылардың білімді берік және дұрыс меңгеруін білу білім, білік және дағдыны тексеру арқылы жүзеге асады. Тексеру ұмытудан сақтандыру ғана құралы емес, білімді берік меңгерту құралы да. Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, іскерлігі мен дағдысы есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі белгісіз болады. Үлгерімі нашар балаларды бағалау кезінде мұғалім өте мұқият болғаны жөн. Бұл мезетте оқушының тек кемшіліктерін ғана айтпай, кейбір жетістіктеріне көңіл бөліп, мадақтаған дұрыс. 2. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің жаппай сұрау (фронтальды) және жеке дара түрлері бар. Фронтальды тексеру немесе жаппай сұрау бұл көптеген оқушыларды орындарын отырып сұраау – жаңа материалды оқыту және оған дайындық кезеңінде қолдану кең тараған. Ол міндетті түрде есте сақтауға арналған білімді тексеру үшін қолданылады. Фронтальды тексеруді жоспарлай отырып, мұғалім үйде оқушыларға ұсынылатын сұрақтарды ойластырған жөн. Сонымен қатар қай оқушылардан бүгінгі сабақта сұрайтындығын да алдын-ала жоспарлап алу керек. Фронтальды тексеруді жеке дара тексерумен байланыстырған жөн. Жекелей тексеру – оқушыларды жеке сұрау – оқу материалын толық әрі терең меңгерудің обьективті көрсеткіші. Осындай жолмен тексеру кезінде өтілген материалдарды қайта жаңғыртумен бірге грамматикалық құбылыстарды дәлелдеу, түсіндіруге де көңіл бөлінеді. Әр сабақта 2,3 оқушының білім, білік және дағдысын жеке-дара тексеру керек. Жекелей тексеру байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру үшін де маңызды. 3. Фронтальды және жеке-дара тексеру де жазбаша және ауызша болуы мүмкін. Ауызша сұрау сабақтан сабаққа жүзеге асырылып отырылады. Жеке дара ауызша тексеру формасына: белгілі ереже бойынша жауап беру, тақырып бойынша хабарлама, өтілген материал бойынша мысалдар келтіру, сөйлемге түсінік беру. Ауызша жаппай тексеруге сигнальды карточкалармен жұмыс жатады. Көбінесе сигнальды карточкалар өзіндік жұмысты тексеру немесе материалды бекіту, сөздік жұмысын тексеру кезінде қолданылады. Оқытушы сөздерді оқиды, оқушылар орфограммасы бар карточканы көтереді. Сөз құрамдарын тексеру кезінде оқушылар екі сигнальды карточканы көрсетеді: біреуі жұрнақ, жалғау; екіншісі түбір. Сигнальды карточкалар мұғалімге оперативті тұрғыда барлық сыныптың жетістігі жайлы мәлімет алуға көмектеседі. Тексерудің жазбаша формасы – бір мезгілде барлық оқушыларды қамту, мұғалімнің ұсынған сұрақтары бойынша олардың білімдерін тексеру. Бірақ оқушылардың білімі жайлы ақпарат кешірек анықталады, себебі тексеру жұмыстары тақырып өтілген соң жүргізіледі. Диктант үшін «байланыстырып сөйлеуге үйретуге» арналған мәтіндерді қолданған маңызды. Диктант жұмысын бағалау өлшемдері төмендегідей: Диктантқа қойылатын баға нормалары: «5» деген баға қатесіз, түзетуі жоқ, өте ұқыпты, каллиграфиялық талаптарға сай жазылған жұмыстарға қойылады. «4» деген баға оқушының жіберген емле қатесі екіден аспаған, 2 пунктуациялық қате жіберілген, 1-2 каллиграфиялық қатесі немесе түзетулері кездескен жағдайда қойылады. «3» деген баға 3-тен 5-ке дейін емле қатесі бар немесе ол қателер мынадай варианттарда кездескен жағдайда: а) 3 емле, 2-3 тыныс белгі; ә) 4 емле, 2 тыныс белгі, б) 5 емле, 1-2 тыныс белгі қатесі болғанда және ұқыпсыз орындалған, каллиграфиялық нормадан айтарлықтай дәрежеде ауытқыған жұмыстарға қойылады. «2» деген баға емле қатесі 6-7 дейін болса, жұмыс ұқыпсыз орындалып, сөздер мен әріптер ауыстырылып жазылса, бағдарлама көлеміндегі тыныс белгілері бойынша қателер кездессе қойылады. Диктантта жіберілген мынадай қателер есепке алынбайды: а) өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілері болса; ә) сөйлем соңына нүкте қоймай, бірақ келесі сөйлемді бас әріптен бастап жазса. Бір қате ретінде есептелетін қате түрлері: а) бір сөзде бір қате қайталанып кездессе; ә) екі ұқсас жіберілген тыныс белгілік қате; б) бір әріптің қайталанып жазылуы; в) тасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда бар бір бөлшегі жаңа жолда қайталанып кездесуі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |