Оқу жылының басындағы қайталау. Күнделікті қайталау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқу жылының басындағы қайталау. Күнделікті қайталау

27.Оқу жылының басындағы қайталау. Күнделікті қайталау

Өткен материалды қайталау біріншіден, ұмытпаудан сақтандырады, екіншіден, ұмытқанды қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді, үшіншіден, білім, білік, дағдыны саналы және берік қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Сондықтан мұғалім оқу жылы бойына өтілген материалды жүйелі және тиімді қайталауға көп көңіл бөлуі керек, сонда ғана ана тілі бойынша оқушыларды нақты біліммен қаруландыру, берік орфографиялық және тілдік дағдыларды қалыптастыру міндеті ойдағыдай шешіледі. Өтілген материалды қайталау әр сабақтан жүзеге асып, грамматика мен орфография, тіл дамыту бойынша барлық жұмыс түрін қамтуы керек.

Қайталауды ұйымдастыру барысында мына жағдайларды ескерген маңызды:

1. Оқушылардың білімін тереңдету мен кеңейту, олардың зейіні мен қызығушылығын арттыру мақсатында грамматикалық – орфографиялық құбылыстарды қайталау кезінде оларды оқыту кезіндегі дидактикалық материалдар, мәтіндер, әдістер мен тәсілдер қолданбаған жөн.

2. Қайталау кезіндегі жаттығулар мен көрнекі құралдар бұрын алынған білімді өздігінен қайта жаңғыртуға бағытталуы керек. Қайталау материалы жаңа әрі күрделірек болғаны дұрыс.

3. Қайталау кезінде творчестволық жұмысқа жаңа білімді хабарлаудан гөрі көбірек көңіл бөлінуі керек.

28.Тақырыптық қайталау. Қорытынды қайталау

Күнделікті тексеру мақсаты К.Д.Ушинский атап көрсеткендей, біріншіден, сабақтағы жаңа білімді саналы түрде меңгертуге бағытталады және сол материал бойынша білімді бекіту, тереңдету және кеңейту, екіншіден, жазу тілі білігі мен дағдысын дамыту, бекіту, жаттықтыру, әсіресеорфографиялық және сауатты ауызша тіл дағдысын, үшіншіден, оқушылар біліміндегі кеміс жақтарды анықтап, оның себебін ашуға мүмкіндік береді.

Күнделікті тексеруді ұйымдастыруда келесі әдістемелік талаптарды есте тұтқан жөн:

- қайталауға арналған материалды мерзімдерге дұрыс бөлу;

- қайталау материалы сабақ мазмұнымен сабақтасып, оның құрылымына еш нұсқан келтірмейтін жағдайда енуі керек.

Жылдық қайталауға арнайы сабақтар бөлінеді:1-сынып –с, 2-сынып –с, з-сынып---с, 4-сынып—с.

Мектеп мұғалімдеріне қайталау сабақтарын жоспарлағанда мынадай кестені пайдалануына болады:

Қайталаудың кез келген түрінде әр түрлі қайталау әдістерін пайдалануға болады: жедел қайталау, қажетті, жаттықтыру үшін қайталау, көрнекілік арқылы қайталау, нақты қайталау, іскерлік пен дағдыны жетілдіру үшін қайталау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)