Дұрыс жазуға үйретуде грамматиканың ролі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дұрыс жазуға үйретуде грамматиканың ролі.

2. Дұрыс жазуға үйретуде грамматиканың ролі.

Оқушылардың сауатты жазу дағдысының қалыптасуына грамматиканың теориясы мен орфография ережелерін меңгерулері негіз қалайды. Орфография ережелері жеке сөздердің жазылуын қарастырмайды, ол қандай да болса грамматикалық жалпы бірлігі бар сөздер тобының жазылуын бағыттап отырады. Сөйтіп көптеген сөздерді белгіленген орфографиялық норма бойынша жазып үйренуге қолайлы жағдай жасалады. Орфографиялық ережелер сайып келгенде, грамматика, фонетика және сөз түрлендіруші материалдарды білу деңгейіне қарай меңгеріледі. Демек грамматикалық теория емле ережелеріне негіз болып саналады. Сондықтан бастауыш сыныптарда орфография ережелері грамматикалық не сөз жасау тақырыптарының құрамды бөлігі ретінде солармен бірге өтіледі. Мәселен, бірінші сыныпта «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқулықта берілген тапсырмадағы әрбір сөйлемнің не туралы айтылғанын сұрау арқылы сөйлемнің ойды білдіретіні, әр сөйлемде неше сөз бар екені анықталып, сөйлемнің сөздерден құралатыны жөнінде түсінік беру грамматикалық білімге жатса, ал сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылатынын және сөйлем құрамындағы әр сөздің бөлек-бөлек жазылатынын таныту орфографиялық ережелерді меңгерткендік болады. Үндестік заңының емле ережелері «Сөз құрамы» тақырыбын оқытқанда түбірге қосымшалардың жалғануына байланысты, ал зат есімнің септік жалғауларын өткенде олардың сөзге жалғануына орай қолданылады. Яғни түбір сөз жуан не жіңішке болып жалғанады деген бір ғана емле пайдаланылады.

3. Орфография принциптері.

Сауатты жазу дағдысы емле ережелерін жақсы білуге байланысты қалыптасады. Оқушылар емле ережелерін өз бетімен емес, мұғалімнің үйрету нәтижесінде ұғынады.

Қазақ тілінің орфографиясы үш принципке негізделеді. Олар: морфологиялық принцип, фонетикалық принцип және дәстүрлі (тарихи) принцип. Бұл принциптердің сипаттары мен қолданылатын жағдайларына қысқаша шолу жасайық.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)