Бастауыш сыныптарда сын есім мен сан есімді оқыту әдістемесі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бастауыш сыныптарда сын есім мен сан есімді оқыту әдістемесі.

13. Бастауыш сыныптарда сын есім мен сан есімді оқыту әдістемесі.

3. Сын есімді оқыту ерекшелігі.

Сын есім — тілімізде зат есімнен кейінгі көп ұшырасатын сөздердің лексика — грамматикалық қатары. Сын есімнің семантикалық негізі заттың сындық ұғымын білдіреді. Грамматикалық категория ретінде сын есім өзінің лексикалық мағынасы бойынша заттың әр алуан сапа белгілерін көрсетеді. Сын есімдер морфологиялық құрамы жөнінен негізгі және туынды түбір болып бөлінеді. Туынды сын есімдер сын есімнен, зат есімнен, ішінара етістік сөздерден жұрнақ арқылы жасалады. Бұлармен қатар күрделі сын есімдер де кездеседі. Сын есімдер қандай құрамда болса да заттың сыртқы, ішкі сапа-қасиет белгілерін жан-жақты анықтап, өрнектеп, оған сұлулық сымбат бітіреді. Тілімізде сын есім сөздің көп болуы айтайын деген ойды ажарлы етуге мүмкіндік береді. Сын есімнің осындай маңыздылығына қарай ол мектепте бірінші сыныптан бастап оқытылады.

4.Сан есімді оқыту әдістемесі.

Қоршаған заттардың, заттық атаулардың сандық ұғымын, сан мөлшерін таныту процесінде балалардың ойлау қабілеті жетілдіріледі. Оқушылар заттар арасындағы сан — мөлшерлік қатынастарды айырып, зат пен сан атаулыларының байланыстылығын түсінеді. Балалар сан есімді оқу арқылы өздері күнделікті өмірде көріп, ұстап, пайдаланып жүрген заттардың, есебін, сол сандар арасындағы мағыналық қатынастарды табады. Зат саны, заттың сандық мәні сұрақ қою арқылы анықталатынын ұғынады. Сан есімдерге, көбінесе Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтардың қойылатынын біліп, оларға сұрақ қою тәсілін үйренеді. Сан есімдердің жазу емлесін де практикалық жолмен меңгертеді.

Бағдарлама бойынша сан есім тақырыбы бастауыш сыныптардың бәрінде де оқытылады. Бірінші сыныпта заттың санын білдіретін сөздер деп аталып, ал, II—IҮ сыныптарда грамматикалық термині бойынша «Сан есім» сөз табы ретінде қарастырылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 87; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)