Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі. Грамматикалық және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері.Поиск на нашем сайте 10.Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі. Грамматикалық және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері. Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі. 1. Сөз құрамын оқытудың, морфемаларды және сөз жасау жаттығулары оқушылардың логикалық ойы мен тіл байлығын дамытуға әсерін тигізеді. 2. Сөз құрамы жөнінен теориялық материалдармен танысу балалрдың тіл туралы білімдерін кеңейтеді. 3. Сөз құрамын оқып-үйрену оқушылардың орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, себебі қазақ тілінен түбір сөздерін жазу морфемалық процеске негізделеді. 4. Оқушылардың сөздің мәнін терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формасының ара қатынасына зейін аударуға дағдыланады. 5. Балалардың сөздік қорын байытып, сөз тіркесінің байланысын табуға, өз ойынан сөз тіркесін жасауға, сөйлем құрау дағдысына машықтандыру, орфографиялық норманы сақтап, мәнерлеп оқуға, таза сөйлеуге үйретуде де маңызы зор. Сөз құрамын (морфемаларды) меңгерту төмендегідей міндеттерге жетуді көздейді. 1. Жүйелі практикалық жұмыс процесінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгеруі қамтамасыз етіледі. 2. Оқушыларды сөзді бөлшектерінде талдай алу іскерлігіне машықтандыру, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын тану, берілген бір сөзге түрлі-түрлі жұрнақ жалғап түбірлес сөздер жасау, бір ғана жұрнақ жалғанған әр алуан түбірі бар сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары атқарылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден, ал, түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы сөздерден ажырата білуге үйренеді. 3. Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принципті мәнімен танысады. 4. Оқушыларға дұрыс жазу ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз сөздерінде өте жиі қолданылатын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады. 5. Балаларға жаңа сөз жасату, лексикалық жаттығулар жүйесінде олардың актив сөздігін байыту, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар орындату, байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді. Қосымшаларды таныстырғанда, мына кестені пайдалануға болады. Оның бірінші бөлімі бір сөзге әр түрлі қосымша жалғанатынын, ол қосымшалар өзі жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа бір сөзбен байланыстырып тұратыны байқатылады. Екінші мысалдан түбірге қосымшалардың жалғану тәртібі көрінеді. Түбірге алдымен жұрнақ, одан соң жалғаулар үстемелеп жалғанатыны талданып, таныстырылады: 1. Шопан жайлау -ды көрді. -ға шықты. -да болды. -дан қайтты. 2. Біз кеме -ші -лер -мен кездестік. Сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша дейміз. Екінші сыныпта өтілетін сөз құрамы тақырыбы бойынша үйретілетін білім мазмұны мынадай: түбір сөз, яғни негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, бір түбірге қосымшаның жуан не жіңішке болып жалғанатын емлесі, қосымшаның жұрнақ және жалғау болып екі түрге бөлінетіні, туынды сөз, қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі. Түбірмен таныстырғанда, мысалға алынатын сөздің оқушыларға таныс заттың атын білдіретін сөздер болуы ескертіледі ал, қосымшалардан оқушылардың тез түсінуге қолайлысы-көптік жалғаулар. Бұл арада көптік жалғау деген термин әзір аталмайды. Бірақ көптік жалғауды таныту қызметіне дайындық жасалып, балаларға оны практикалық тұрғыда байқату, түсіндіру мақсаты жүзеге асырала бастайды. Одан әрі қарай қосымшалардың түр-түрі кездесетін сөздер арқылы қосымшалы сөз жасалатыны көрсетіледі. Қосымшалардың сөзді түрлендіретіні және сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауға қызмет ететіні бірте-бірте танытылады. Сонымен, бұл тақырыптан оқушылар сөздің өзгермейтін бөлігін негізгі түбір (түбір сөз), сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша деп атайтынымыз жөнінде екі ереже үйренеді. Жаттығу тапсырмаларын орындатқанда, түбір сөзді қосымша сөзге айналдыру, қосымшалы сөзден түбірді таптыру немесе берілген сөздерде лайық қосымшаларды тауып жалғап жазу міндеттері орындалады. Осы жұмыстарға байланысты түбір мен қосымшаға байланысты емле мәселесі де ескеріліп, үйретіледі. Демек түбірдегі дауыстылардың жуан не жіңішке дыбыс болуларына қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғанатыны, ал түбірдің соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болуына сәйкес қосымшалардың алдыңғы дыбысының сондай дыбыстан басталып, үйлесіп жалғанатынына мысалдар арқылы бақылатып, жаздырып түсіндіріледі. Мысалы, ән, оқу, аң сөздеріне –шы, -ші қосымшаларының, біл, айт, жаз сөздеріне –қыш, -ғыш, -гіш қосымшаларының лайықтысын жалғау – жөнінде тапсырма беріледі. Үшінші сыныпта оқу жылы басында сөз құрамы тақырыбынан екінші сыныпта оқылған түбір мен қосымша қайталанады. Оқушыларға сөздің түбірін танытуға ерекше көңіл бөлінеді, себебі олар жалғауы жасырын тұрған сөздерді және туынды сөздерді негізгі түбірден ажырата алмай шатастырады. Оқушыларға түбірді толық танытқанда туынды сөздердің мағыналары қанша түрленсе де, олардың бастапқы түбірі өзгермей, сол тұлғасын сақтап тұрғаны түсіндіріледі. Мысалы: үй-үйшік, үйден, үйші, үйлі, үйсіз. Жаз-жазу, жазғыш, жазушы, жазғыз. Біл-білім, білгіш, білу, білдір. Сөйтіп, осындай түбірлес сөздердің мағына, тұлғасын салыстыра келіп, олардың бәрі ортақ бір түбірден тарап тұрғаны танытылады. Одан әрі сөз құрамында түбір, жұрнақ, жалғау жеген бөлімдері болатыны еске түсіріледі. Жұрнақ және жалғау жалғанған сөздердің мағыналары салыстырылып, жұрнақ сөз мағынасын өзгертіп, жалғау сөз бен сөзді байланыстырып тұратыны ойдан сөз жасау, сөйлем құрау, сөз тұлғасын талдау тәсілдерімен бекітіледі. Мәтіннен тіркесіп тұрған сөздер таптырылады. Сөзге тиісті жұрнақ не жалғау жалғатқанда, олардың жазылу емлесіне де оқушылардың зейіні аударылады. Түбірдің жуан, жіңішкелігіне немесе соңғы дыбысына қарай үндесіп, бір түрлі қосымшаның бірнеше формада келетіні ескертіледі. Берілген грамматикалық анықтама, түсініктер мысалдар келтіру жолымен бекітіледі. Төртінші сыныпта сөз құрамынан өтілетін негізгі бағдарламалық тақырыптары: біріккен сөздер, қос сөздер және қысқарған сөздер. Бағдарлама біріккен сөздердің жасалуы, оның жиірек кездесетін түрлері және біріккен сөздердің жазылуы жөнінде практикалық дағды бойынша білім беруді талап етеді. Ал, оқулықта «Екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз» дейміз. Олар бірігіп жазылады,-деген анықтама айтылады да, «аққу, күнбағыс» сөздері мысалға беріледі. Бұл сөздердің тиісінше «ақ» және «қу», «күн» және «бағыс» деген екі-екі сөзден бірігіп жасалғанын айтып түсіндіріп, жазып көрсету арқылы үйретіледі. Бірақ әрбір екі сөзден бірігіп үшінші жаңа мағыналы сөз пайда болғанын таныту міндеті көзделмейді. Өйткені біздің орфографиямызда біріккен сөздер сөздің өзөіне тән айырым белгісі әлі егжей-тегжейлі дәлелденіп біте алмай келеді. Егер төртінші сынып оқушыларына «Екі түрлі мағыналы сөз бірігіп, үшінші бір жаңа мағыналы сөз пайда болады» деген ереже берілсе, онда тоғыз жасар бала кез келген екі сөз тіркесіп келген жағдайда оларды біріккен сөзге есеп етіп қосып жаза беріп, қате түсінікке ұрынады. Ал, ең бастапқы түсінік дұрыс, айқын болуы тиіс. Өйтпесе оқушының не қате, не жаңсақ ұққан түсінігін қайталап жөндеп алу өте қиынға түседі. Сол себепті жас балаларды жаңсақтыққа кезіктірмей, оларға біріккен сөзден дүдамалы жоқ, танымал мысал көрсету, жаздыру жолымен есте сақтау арқылы түсінік беріледі. Ол үшін бақылау әдісі қолданылып, мысалға келтірілген біріккен сөздің қандай-қандай сөздерден екені талданып көрсетіледі. Одан әрі мәтінмен біріккен сөздерді өздеріне таптыру тәсілі қолданылады. Немесе біріккен сөздер жасату тапсырмасы орындатылады. Үшінші сыныпта берілетін білім көлемі, негізінде оқулыққа ендірілген сөздерді ғана меңгерту принципін ұстанады. Онда да сөздің ішкі мәніне теориялық жағынан үңілмей, тек сырт көрінісін танып, қалай жазылатынын есте сақтауды талап етеді. Сол талапқа орай 56 біріккен сөз ендірілген. Олардың елу сөзі адам, жер, су, жануар, өсімдік секілді деректі заттардың аттарын білдіретін – зат есімдер. Алты сөз әр, әлде, бір, еш сөздерінің есімдіктермен қосылып біріккен сөздердің пайда болуына арналған. Мұндай біріккен сөздерді түсіндіргенде мысалы, «әр» және «кім», «бір» және «неше» деген екі-екі сөз бірігіп, «әркім», «бірнеше» деген жаңа сөздер жасалған деп айтып, жазылу үлгісін көрсетіп қана қоймай сонымен бірге ондай сөздерді есте сақтау тапсырылады. Әйтпесе, олар қай-қай сөз таптарынан бірігіп тұрғандығын білімдік жағынан түсіндіруге оқушылардың дайындығы жоқ. Біріккен сөздерді оқытқанда, ерекше көңіл бөлінетін мәселе – олардың жазылу емлесі. Біріккен сөздердің жазылу емлесі бойынша бұл сыныпта төмендегі төрт жағдай ескеріледі: Балалар кітап оқығанда не сөйлегенде біріккен сөздерді сол өзгеріске түскен қалпында айтып дағдыланады. Сөйтіп балалар мәтінді жазылуынша теріс оқымай, дыбысталып айтылуын дұрыс келтіріп, мәнерлеп оқуға машықтанады. Бағдарламада белгіленген біріккен сөздердің жазылу емлесі төмендегідей мәселелерді қамтиды: жалпы біріккен сөздердің қосылып, ал, кісі және жер-су атауларының бас әріппен жазылатыны, біріккен сөздер сыңарларының арасында екі дауысты дыбыс қатар келгенде екі түрлі жазылатыны (егер жер-су атаулары болса, екі дауысты дыбыс әріптерінің сақталып, ал, егер кісі аты болса, біреуінің түсірілетіні, яғни естілуі бойынша бір дауысты әріппен жазылатыны) меңгертіледі. Бұл ережелердің ішінде кісі аты және жер – су аттарының бас әріппен жазылатындығы ІҮ сынып оқушыларына тың мәселе емес. Балаларға бұл ереже бірінші сыныптан-ақ таныс. Сондықтан ол тек жаттығу жұмысы үстінде қайталау есебінде еске түсіріледі. Сонда ІҮ сынып үшін жаңа білім біріккен сөз туралы ұғымды, оның бірге жазылатынын, екі сөз аралығында көрші келген дауысты дыбыстардың сөйлеуде бір дыбыс арқылы айтылатынын, ал, бұларды жазғанда, жер-су атауларында бастапқы түбірлері сақталып, морфологиялық принциппен жазылатынын, кісі атының фонетикалық принцип бойынша бір дауыстымен жазылатындығын меңгерту ғана болып саналады. Мұғалім мемлекеттік бағдарлама мен оқулық материалдарын жан-жақты зерттеп, олардың бір-біріне сәйкестігін және не олқы, не жетіспейтінін әбден анықтап алуы тиіс. Содан кейін үйретілетін білімнің мазмұнын жете түсіндіру үшін, сабақтың оқу материалын тілдік фактілермен (лайықты мысалдармен) байытып оқыту әдістері ойластырылады. Біріккен сөз тақырыбынан ІҮ сыныпта берілетін білім мазмұны мен көлемі бағдарламада қалай белгіленгенін ілгеріде сөз еттік. Енді осы сыныптың қазақ тілі оқулығындағы біріккен сөздер мағыналарына қарай саралағанымызда төмендегідей мәлімет алынды. Оқулықта «Кейбір сөздер екі түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады: көкқұтан, итмұрын», - деген ереже берілген.(74-бет) Сонымен қатар біріккен сөздерді мәтіннен табу, оларды тауып астын сызу, біріккен сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру, жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтарды түсіндіруге байланысты жаттығулар берілген.(76-77б.) Біріккен сөздер бойынша материалды меңгертуге байланысты оқулықта он төрт түрлі жаттығулар берілген. Оқушыларға біріккен сөзбен аталатын өздері білетін аң, құс, шөп аттарын жазу, немесе таныс бірнеше сөз беріледі де, солардың жаңа мағына беретіндей етіп екі-екі сөзді біріктіру тапсырмасы орындатылады. Немесе оқушыларға бірнеше жеке сөздер беріліп, сол сөздердің әрқайсысына біріккен сөз құрайтын жаңа сөз қосып, белгілі бір тақырыпта шағын шығарма жазу тапсырылады. Көптеген жаттығу жұмыстарын орындау кезінде, сөз жоқ, бағдарлама белгілеген ережеге сәйкес әлденеше жаңа біріккен сөздер туындап, сабақ материалы кеңейе түседі. «Қос сөздер» тақырыбын өткенде ІҮ сынып оқушылары қос сөздердің анықтамаларын меңгеріп, олардың жазылу емлесімен және үш түрлі жасалу жолымен: бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және күшейтпе буын арқылы жасалуымен танысады. Олардың дефис арқылы бөлек жазылатын емлесі үйретіледі. Қос сөздердің бір сөз сияқты бір түйдек екпінмен тұтас оқылатыны, айтылатыны байқату, бақылату, жаттықтыру әдістерімен меңгеріледі. Мұғалімдер сабақ материалын өздері байытып, қос сөздерді қатыстырып көрнекі құралдар, карточкалар жасап пайдаланған тиімді. Бұл оқулық материалын байытып, оқушылардың танымын кеңейтеді. Бастауыш сынып бағдарлама сөздің тек формасын білдіруді ғана емес, мағыналық белгісін танытуды мақсат етеді. Осыған орай сабақта қос сөздердің семантикалық, лексикалық мәндерін ашып көрсетілуі керек. Мұның бәрі оқушылардың сөздік қорын байытады, тіл байлығын арттырады, логикалық ойлауы мен дүниетанымын жетілдіреді. Жаңа бағдарлама бойынша қысқарған сөздер тақырыбы төртінші сыныпта оқытылады. Бағдарлама сөздің бірінші әріптерінен бірінші сөздің басқы буынынан келесі сөздердің бас әріптерінен, сөздердің басқы буындарынан жасалатын түрлерін тануды және олардың жазылу емлесін үйретуді талап етеді. Қысқарған сөздерді өткенде, әдістемелік жағынан ескерілетін кейбір мәселелер мыналар. Біріншіден, оқушыларға сөзді қысқартып қолданудың артықшылығын аңғарту керек. Ол үшін сөзді толық жазуға оны оқуға көп уақыт кететіні қысқарған сөзді жазудың, оқудың жеңілдігімен салыстырылады. Екіншіден, қысқарған сөздердің бас әріптерден жасалатын түрлерін әріп аттарымен айтып, оқытып жаттықтыру арқылы практикалық дағды беріледі. Үшіншіден, бас әріппен жазылатын және кіші әріптермен жазылатын сөздің бірінші әріптерінен қысқарған сөздердің емлесін түсіндіру үшін жаттығу жұмыстары орындатылады, мұндай сөздер оқушылардың сөздіктеріне жаздырылады әрі жаттатылады. Төртіншіден, қысқарған сөздердің мағыналарын дұрыс ұқтыру үшін олардың толық түрін айтқызып, жазғызып білім бекіту жұмысы іске асырылады. Толық сөздерден қысқарған сөздер жасатып дағдыландырған дұрыс.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |