Бастауыш сыныптарда сөз таптарын (етістік, есімдік, үстеу, шылау) оқыту жүйесі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бастауыш сыныптарда сөз таптарын (етістік, есімдік, үстеу, шылау) оқыту жүйесі.

12.Бастауыш сыныптарда сөз таптарын (етістік, есімдік, үстеу, шылау) оқыту жүйесі.

1. Етістікті оқыту жолдары.

Ы.Алтынсариннің кітабы — "Орыс тілін қазақтарға оқытудың бастауыш құралында" автор балалардың тілді меңгеруі кезіндегі жеке сөз мағыналарын үйретудің маңыздылығын атап өтеді." ...по нашему мнению, для киргазских (казахских — Г.У.) детей, прежде, не жели они приступят к чтению русских книг с обьяснением прочитанного, — деп жазады автор осы кітаптың алғы сөзінде, — необходимо некоторая систематическая подготовка к пониманию как отдельных слов, так и основн ых грамматических правил без такой предварительной подтотовки, понятия учеников могут спутаться; дети не будут в состоянии составить себя определенного представления ни какой о грамматической особенности".

Етістік — семантикалық мәні жөнінен тіліміздегі бай сөз табының бірі. Ол — қимыл процесін білдіреді. Бастауыш мектеп көлемінде қимыл процесі деген ұғым жалпылық, жинақтылық мағынада алынады. Әйтпесе, етістік білдіретін қимыл процесінің мәні әр алуан. Мәселен, адамның еңбек әрекетін (ағаш кесу, тас қашау,) адамның қозғалысын (еңбектеу, жүру), сезім күйін (есту, көру), ойлау процесін (ойлау, білу), түрліше табиғи жай-күйді (отыру, ұйықтау, күлу) білдіреді. Бірақ бастауыш кластарда етістік осыншалықты кең және әр талап мәні бойынша зерттелмейді. Тек кана заттың қимылын, ісін білдіреді деп жинақ мағлұмат беріледі.

Бастауыш сыныптарда етістік тым қарапайым түрде өтіледі. Сонда да бұл тақырыптың оқытылуына бағдарлама ерекше талап қояды. Оқушылар етістік туралы үйренген ережелерді айтып берумен бірге, етістік сөздерді, оның формаларын өз сөзінде, жазуда еркін қолдана алатын болуы тиіс. Етістік қатыстырып сөз тіркесін қүру, сөйлем қүрастыру дағдысын меңгеріп, етістік сөздерді қатесіз жаза білуі керек.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)