Буын мен тасымалды оқыту 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Буын мен тасымалды оқыту

1. Буын мен тасымалды оқыту

Буын мен тасымал бірінші сыныптан бастап танытылады. Буын ұғымымен және оны сөзден ажырату дағдысымен балалар әліппе кезінде үздіксіз жұмыс жасап үйренген болатын. Әсіресе, оқуға үйрету барысында оқу бірлігі етіп буын оқу, сөзді буындап оқу алынатыны белгілі. Осындай практикалық жұмыстар нәтижесінде оқушыларға буын, сөздің буын жігін айыру, буында оқу, буында сөз құрау дағдылары беріледі. Ал қазақ тілі курсында оқушылар буын ұғымы, мәні, оның жасалуы, құрамы туралы ғылымға негізделген түсінік алады. Бағдарламаға сәйкес оқушыларға буында бір дауысты, бір немесе бірнеше дауыссыз дыбыс болатыны, сөздер бір буынды да, көп буынды да болатыны, ашық, тұйық, бітеу буын түрлері жөнінде ұғым беріледі. Оқулықтарда осы білім мазмұнына сәйкес анықтамалар, мысалдар келтіріледі.   

Буын ұғымына анықтама бергенде, Қ. Жұбановтың берген анықтамасын басшылыққа алған жөн: «Сөз ішіндегі екі дауысты дыбыстың арасындағы дауыссыз дыбыс өзінен соңғы дауыстыға ілесіп буын құралады».

Сонда балалар сөзді буынға бөлген кезде мынадай кемшіліктерге жол берілмейді. Атап айтсақ, қай-ық емес, қа-йық. – уақ- ыт емес, уа- қыт, ау- а емес, а-уа т.б.

7.Лексиканы оқыту әдістемесі.

I. Қазақ мектептерінде ана тілінің лексикалық жүйесі (сөздер мен сөз мағыналары) туралы ұғымдардың оқытылуын шартты түрде бес кезеңге бөлуге болады:

а) бірінші кезең — Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы" жарық көрген 1889 жылдан бастап, қазақ мектебіне арналған біртипті оқу бағдарламасы мен "Қазақ тілі" оқулығы жарияланған 1936 жылға дейінгі кезең. Бұл кезеңде ана тіліндегі сөздер мен олардың мағыналары туралы қарапайым ұғымдарды оқушыларға меңгертудің тиімді үлгілері Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсынов оқулықтарынан, басқа да авторлардың алғашқы әліппелерінен мол ұшырасады. Алайда, тіл білімінің бір саласы ретіндегі "лексика" ұғымының ол кезде өлі ғылыми айналысқа түспегендігіне, тілдегі сөз бен оның мағыналары туралы түсініктердің жеке ғылым саласы болып қалыптаспағандығына байланысты жоғарыдағы үлгілер аталған оқулықтарда бөлек — бөлек мысалдар, жаттығулар түрінде жүйесіз берілген;

ө) екінші кезең — 1936—1953 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарда лексикалық ұғымдарға арнаулы сағаттар бөлініп, жеке тақырыптар арналмағанымен сөз жөне оның машиналық ерекшеліктері (мағыналары ұқсас, дыбысталуы өзгеше сөздер, дыбысталуы ұқсас, мағыналары өзгеше сөздер т.б.) туралы оқушыларға теориялық мағлұматтар айтылып, жаттығулар беріліп келді;

II. Осы кезеңдерден өту процесінде оқу бағдарламалары мен оқулықтардағы оқушыларға берілетін лексикалық ұғымдар мен дағдылар көлемі бірте — бірте кеңейіп, ғылыми сипаты тереңдей түскенін байқаймыз. Алайда, бұдан қазіргі оқу бағдарламалары мен оқулықтарда ана тілінің лексикалық жүйесін оқытудың қазіргі жағдайын мінсіз деген пікір тумауы керек. Әсіресе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуынан кейінгі тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамында (жаңа терминдер жасауға, көнерген сөздердің қайтадан қолданысқа енуіне байланысты) болып жатқан өзгерістер оқулықтағы "Неологизмдер", "Терминдер", "Кәсіби сөздер", "Архаизмдер" тақырыптарына жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Оның үстіне, қазіргі қолданылып жүрген оқулықтарда осы ұғымдарға қатысты теориялық мағлұматтарды пысықтау үшін берілетін жаттығулар ғылыми дәлдік талабына жауап бермейді. Мысалы, қазіргі 6-класс оқулығындағы архаизмдерге берілген анықтаманы алайық: "Кейбір сөздердің белгілейтін заттары мен құбылыстары ескірмеген, жоғалмаған, бірақ олар бұл күнге басқа сөздермен (атаулармен) аталады. Мұндай заттар мен құбылыстардың бұрынғы, көне атаулары архаизмдер делінеді. Мысалы: алдаспан, шоқпар, қауға, тулақ, зындан, жеркене, күпі деген сөздер..." /20-бет/.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.)