азақ тілін оқыту әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақ тілін оқыту әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері.

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі маңызды міндеттердің бірі – олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Бастауыш сыныптарда бұл мақсат көбінесе оқу сабақтары, әсіресе қазақ тілі пәні арқылы іске асады.

Тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсінісу және адамның сезімі мен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады.

Сондықтан, мектептің төменгі сыныптарының өзінен бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттігі мақсатты түрде алға қойылды. Қазақ тілін оқытудың тағы бір қажеттілігі қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техникалық, ғылым мен мәдениеттің және қоғамның, қоғамдық саяси өмірдің барлық саласын қамтиды және бай лексикасымен, қалыптасқан жазу үлгісімен және әр түрлі стильдік тармақтармен сипатталады. Қазақ тілі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.

Тілдің тәрбиелік мәні де күшті. Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызығып оқуға, көркемөнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табысуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.

 Ана тілін оқытудағы негізгі мақсат – баланың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту. Сол үшін бала айналадағы затты, құбылыс болмысты танып білуі тиіс. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады.

Балалар ана тілі арқылы адамгершілік, мораль рухында тәрбиеленеді. Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы ойды да дәл түсінеді. Грамматика, оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан білімдік, екінші жағынан тәрбиелік маңызы бар. Бастауыш мектепте қазақ тілінен оқушыларға білім-тәрбие беруде мынадай қағидалар басшылыққа алынады:

1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік жағынан құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға міндетті.

2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде үнемі дағдыландыра беру қажет. Тіл пікір алысудың қуатты құралы болып, біздің санамызды толық та дәл бейнелеуге тиіс.

3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, олардың сезімдеріне әсер етіп адамгершілік қастиеттер мен мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызылады.

Бастауыш сынып бағдарламаларында ана тілінен қамтылған материалдар оқушыларды өздерінің ана тілін ардақтауға және оны құрметтеуге тәрбиелейді.

Әдістеме гректің “методос” деген сөзінен алынған. (Ол алған бір нәрсені зерттеуде немесе белгілі бір мақсаттарды орындау үшін қолданылатын тәсілдердің жиынтығы мағынасында қолданылған).

Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ тілін оқыту тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесі-ана тілін үйретудің заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.(Рахм.С.)

 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пәні – оқыту жағдайында ана тілін меңгерту процесі. Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетіп берсе, әдістеме соны қалай оқытқанда тиімді болатынын анықтайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.)