Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Аталық без шемені (сулануы)Поиск на нашем сайте Орхит Орхит – аталық бездің қабынуы. Орхиттің жедел және созылмалы, бір жақты және екі жақты түрлерін ажыратады. Нәрестелерде екіншілік түрінің дамығаны өте сирек кездеседі. Ауру негізінен баспа, тұмау, пневмония, фурункулез кезінде, немесе солардан кейін дамиды. Аталған жағдайларда инфекция аталық безіне гемотогенді жолмен түседі. Орхит өте жиі жарақаттан кейін дамиды. Клиникалық көріністері. Ауру біртіндеп басталады. Балаларда ұманың бір жақты ауырсыну және ұлғаюы анықталады. Кейіннен ұманың гиперемиясы және ісінуі дамиды. Науқастың жалпы жағдайы аса нашарламайды. Дене қызу жоғарылайды, қалтырайды, жалпы әлсіздік болады. Ауырсыну кейде ұрық бауы ( семенной канатик ) арқылы мықын аймағына беріледі. Пальпация кезінде аталық безі ұлғайған, ауырсынады, тығыз, теріге жабысқан. Аурудың кеш кезеңдерінде аталық безінде босаңдау ошақтар анықталуы мүмкін, үрпі жолы тығыздалады. Диагноз. Диагноз қою қиындық тудырмайды. Орхитті босану кезіндегі ұма жарақатынан (қан құйылу тән), аталық бездің айналуынан (аурудың жедел басталуы, кенет ауырсынуы тән), аталық бездің жедел қабыну кистасынан және туа пайда болған сифилистен ажырату керек. Емдеу. Орхиттің емі консервативтік. Жарақатты орхиттің емі тыныштық, суық тамақ тағайындаудан басталады. Кейіннен сорғыш препараттар тағайындалады (бұлшық етке лидаза, алоэ). Орхиттің басқа түрлерін кең спектрлік антибиотиктермен, үрпі жолын жансыздандыру блокадасымен емдейді. Аурудың өршу кезеңінде – суық, аурудың тынышталуында – жылу, майлы компрестер, тыныштық тағайындалады. Сонымен қатар, науқасқа суспензория тағу, сорғыш заттар – лидаза, йодты калимен ионофорез беріледі. Аталық бездің іріңдеуінде абсцесті ашып, жараны дренаждайды. Егер үрдіс созылмалы түрге ауысса, ұзақ уақыттық сору терапиясы жүргізіледі. Егер бұл ем нәтижесіз болса, онда аталық безін алып тастайды. Эпидидимит Эпидидимит – аталық бездің қосалқы тінінің қабынуы. Қабыну жарақаттану, сонымен қатар оның микробтармен инфекциялануы нәтижесінде дамиды. Инфекция уретра және басқа мүшелерден лимфогендік, гемотогендік жолдармен түседі. Инфекцияның уретрадан аталық бездің қосалқы тініне түсуіне уретраны буждау кезіндегі дөрекі шаралар және катетеризация әсер етеді. Аталық бездің қосалқы тінінің гемотогендік инфекциялануы тұмау, баспа, пневмониясы бар науқастарда жиі болады. Клиникалық көріністері. Жедел эпидидимит кенет басталады. Қосалқы тіннің ұлғаюы, олардың ауырсынуы, дене температурасының жоғарылауы, жалпы әлсіздік көрінеді. Ауырсыну мықын аймағына беріледі. Қосалқы тін ұлғайған, ауырсынады, оның аталық безімен шекарасы айқын емес (орхоэпидидимит), қосалқы тін үстіндегі тері қызарған, инфильтрацияланған, үрпі жолы тығыздалған. Кейбір балаларда аталық бездің шемені анықталады. Диагноз. Ауырсынудың мықын аймағына берілуі аппендициттің қате диагнозын беруі мүмкін. Сондықтан қарап тексергенде өте мұқият болу керек. Емдеу. Тыныштық, жылыту компрестерін, жасқа сәйкес дозада бұлшық етке антибиотиктер тағайындалады. Жедел көріністер басылғаннан кейін сору процедуралары (парафин, йодты калиймен ионофорез, УВЧ, лидаза) көрсетілген. Абсцестену жағдайында абсцесті ашады. Қосалқы тінінің ұзақ тарамайтын тығыздануы, ауырсынуы, аурудың қайталануы эпидидимэктомияға көрсеткіш болып табылады. Екі жақты эпидидимиті бар науқастарда бедеулік дамиды. Сондықтан оларға жасына қарай кейде ұрық шығару жолының реконструкциясын жүргізеді (вазонеостомия). Ісінген ұма синдромы Қызарып ісінген ұма синдромы – жарақаттар, аталық бездің немесе қосымша тінінің (придаток) бұралуы, Морганьи гидатиды-ның некрозы, орхоэпидидимит нәтижесінде пайда болатын жағдай. Клиникалық көрінісі. Синдромның жетекші белгілері ұманың жарты бөлігінің ауырсынуы, ісінуі және қызаруы болып табылады. Клиникалық көріністердің жалпылығына қарамастан, айтылған әрбір аурудың ағымында өзінің ерекшелігі бар.Аталық бездің жабық жарақаты жарақаттаушы агенттің әсерінен кейін пайда болған белгілермен сипатталады. Жарақаттың дәрежесіне байланысты (соққы, аталық бездің жыртылуы, езілуі) ауырсынудың айқындылығы аздаған мөлшерден жарақаттық шоққа дейінгі аралықта болуы мүмкін. Аталық бездің соққысы кезінде жарақат байқалмай қалуы мүмкін және дамып келе жатқан жарақаттық орхит белгілері сезілмей өршиді. Ұманың ісінуі, әдетте ішкі патоморфологиялық бұзылыстардың тереңдігін көрсетеді, және аталық бездің, немесе оның қосалқысының (придаток) қабынуы кезінде, терінің қызаруымен, температураның көтерілуімен жүреді. Диагностика. Ұманың ісіну синдромы кезінде операцияға дейінгі нақты диагностика әрқашан мүмкін бола бермейді. Ауырсыну, басымырақ және ұрық бауының бойымен орналасс, аталық бездің немесе қосалқының бұралуы туралы ойлауға болады. Аталық бездің бұралуы кезінде ол әдетте жоғарыға тартылған, айқын үлкейген және ауырсынады. Лимфаның іркілуіне байланысты екіншілік гидроцеле байқалады. Морганьи гидатидының некрозы да аталық без қабықтарында сұйықтықтың пайда болуымен сипатталады, бірақ кейде ең қатты ауырсынатын нүктені табуға немесе гидатидтің өзін пальпациялауға болады. Аталық бездің паренхимасының жыртылуы кезінде - ауырсыну жайылмалы, ұманың жартысы айқын үлкейген, көкшіл түсті, ісінуі әдетте барлық ұмаға таралады. Аталық бездің қабықтарындағы сұйықтықтың сипатын (қан, экссудат) анықтау мақсатында диафоноскопия мен диагностикалық пункцияға жүгінеді. Ажыратулық диагноз. Инфекциялық паротиттің асқынуы болатын орхитпен, Квинке ісінуімен жүргізеді. Квинке ісінуі кезінде әдетте, барлық ұма ісінген, тегіс және жұқарған терінің астында сулы көпіршік түзіп, сұйықтық оның барлық қабығына сіңеді. Осыған қарамастан ұманың пальпациясында ауырсыну аз. Емі. Ұманың ісіну синдромы кезіндегі ем - белсенді хирургиялық. Өйткені, аталық без ишемияға өте сезімтал және тез өлуі мүмкін. Аталық бездің қабықтарын тіліп ашқаннан кейін диагнозды нақтылайды. Аталық бездің нәтижесінде пайда болған гематоманы шығарады, қан ағуды тоқтатады, ақ қабығына дейін капрон тігістерін салады. Аталық бездің бұралуы анықталғанда оны қалпына келтіреді және ақ қабығы арқылы үш капрон тігіспен жалпы қынаптық қабыққа бекітеді. Некрозданған гидатидті аталық безден шыққан жерінен байлайды да кесіп алып тастайды. Іріңді орхоэпидимит кезінде аталық бездің өзіндік қабығының қуысын жуғаннан кейін жараны резиналы шығарғыш қалдырумен тігеді. Аталық безді, тек некроз белгілері болғанда ғана (бұралуы қалпына келтіруден, жылытудан, ұрық бауының новокаиндік блокадасынан кейінгі өзгермейтін қою түс) алып тастайды. Ағзаны сақтауға бағытталған операциядан кейін, аутоиммунды реакцияны төмендету үшін, ацетилсалицил қышқылын бала жасына сәйкес дозада күніне, 3 рет 1 ай бойы тағайындайды. Ұманың айқын ісіну синдромы кезінде операциялық араласуды дер кезінде жасамау аталық бездің атрофиясының дамуымен қауіпті. Аталық бездің айналуы. Қалыпты жағдайда аталық безі ұмаға түскеннен кейін гунтер байламымен оның түбіне бекиді. Байлам тым ұзын болса, немесе жоқ болса, аталық без патологиялық қозғалысқа икем болады. Әсіресе, ол шап арнасында тоқтаса немесе ұмаға тым кеш кезенде түссе. Мұндай аталық без жарақат, құрсақ пресінің қатаюы нәтижесінде өзінің тік немесе көлденең осінің маңында 180-3600 дейін айналып кетуі мүмкін. Клиникалық көрінісі. Аталық безінде аяқ астынан күрт ауырсыну пайда болады. Іштің төменгі жағында аталық бездің ісінуі, ұма терісінің қызаруы, жүрек айну және құсу, ал аталық безі жоғары орналасса, ішастардың тітіркену синдромы анықталады. Диагноз. Аталық бездің айналуын жедел орхоэпидидимиттен және қысылған жарықтан ажырату өте қиын. Қысылған жарығы бар науқастарда ұма терісінің өзгеруі айқын емес. Орхоэпидидимиттің басталуы, аталық бездің айналуымен салыстырғанда, неғұрлым баяу болады. Аталық бездің айналуының басында, пальпация кезінде, оның дұрыс орналаспағанын сезуге болады. Емдеу. Аталық бездің айналуынан 24-40 сағат өткеннен кейін аталық бездің гангренасы дамитындықтан шұғыл операция көрсетілген. Аталық безін ашқаннан кейін оның жағдайын бағаланады. Егер гангрена белгілері болмаса, аталық безін қалдырылады, ал гангрена басталған болса, онда аталық безін алып тастаймыз (орхидоэктомия). Аталық бездің шемені – аталық бездің қынапты қабатының меншікті жапырақшаларының арасында сұйықтықтың жиналуы. Аталық бездің шемені туа пайда болған және жүре пайда болған болады. Аталық без, ішастардың арты кеңістігінде, бүйрек бекіген аймақта қалыптасады, кейін біртіндеп ұмаға түседі. Ішастар өсіндісінің ұмаға бұлтыюы аталық бездің қозғалысына ықпал етеді. Аталық без ұмаға түскеннен кейін ішастар өсіндісінің саңылауы жабылады. Кейбір жағдайларда, генезі белгісіз себептер әсерінен, ұрықтың дамуы кешігіп, өсінді саңылауы не өспейді, немесе баяу өседі. Саңылау бойында сақталған сұйықтық құрсақ қуысынан ұмаға түседі. Егер арна босаң жабылса, күшенгенде немесе айғайлағанда жабысқақтар (кейде) бұзылады да, арна қалпына келеді. Осылайша аталық бездің туа біткен шемені қалыптасады. Жүре пайда болған шемен аталық бездің қабыну аурулары немесе жарақаты әсерінен аталық бездің қабығының қуысында қабыну эксудатының нәтижесінде дамиды. Туа пайда болған шемен, әдетте жиі кішкентай балаларда, ал жүре пайда болған шемен - жасөспірімдерде (жарақат әсерінен) және үлкендерде (қабыну нәтижесінде) болады. Нәрестелерде жүре пайда болған шеменнің сирек себептерінің бірі – туу жарақаты болып табылады. Клиникалық көрінісі. Туа біткен шеменнің клиникалық көрінісіне: ұманың жартысының ұлғаюы, ісінуі, флюктуация жатады. Аталық без төмен және артқа ығысқан. Жүре пайда болған шемен қабыну және жарақат нәтижесінде дамиды және жедел және созылмалы түрде өтеді. Шемен құрамы – негізінен фибринді эксудат, бірақ кейде ірің немесе қан болады. Сұйықтықтың жиналуы айқын ауырсыну синдромымен үйлеседі. Шемен жабысқақтардың, камералардың түзілуімен, тас жиналуымен, кейде аталық бездің атрофиясымен асқынады. Диагноз. Аталық бездің шеменін шап-ұма жарығынан, аталық бездің ісіктерінен ажырату керек. Емдеу. Туа біткен шемен, 1-3 жасқа дейінгі балаларда жиі өздігінен қайтады. Айқын ауырсынуы бар, шемені ұлғайған балаларға хирургиялық ем көрсетіледі. Туа біткен аталық без шеменінде Росс операциясы жасалады. Жедел, жүре пайда болған шемен консервативтік емделеді: тыныштық, суық, антибиотиктер тағайындалады. Аталық бездің созылмалы шемені хирургиялық жолмен емделеді. Осы мақсатпен 2 әдіс қолданылады – Винкельман және Бергман операциялары. Винкельман әдісі, шемен асқынбаған науқастарға қолданылады. Тіндер аталық безіне дейін тілінеді, сұйықтық шығарылады. Аталық без жараға шығарылады, қынаптық қабықша аталық безіне айналдырыла тігіледі де, ұмаға түсіріледі. Жара тігіледі. Бергман әдісі, ұзаққа созылған шеменнің нәтижесінде аталық бездің қабаттары тығыздалған науқастарға жасалады. Бұл әдіс кезінде қабаттар айналдырылмайды, керісінше кесіледі. Аталық бездің шемені кезінде қолданылатын пункциялық әдістер уақытша ғана нәтиже береді. Крипторхизм Крипторхизм – жұмыртқаның (аталық бездің) ұмаға түсу үрдісінің бұзылуына байланысты өз орнынан ауытқып, ұмаға түсіп келе жатқан жолында тоқтап қалуы (ретенциясы). Крипторхизм 75%-дық жиiлiкте басқа ағзалардың диспластикалық үрдістерiмен қабаттасып кезiгедi. Крипторхизм, анатомо-механикалық себептердiң немесе жұмыртқаның бiрiншiлiк дамымауынан, гормондық жетiмсiздiктiң салдарынан дамиды. Оның шаптық (ингвинальдық) және абдоминальдық түрлерi бар. Крипторхизмде, жалған крипторхизммен, жұмыртқа эктопиясымен ажыратулық диагноз жүргiзедi. Екi жақтылы абдоминальдық крипторхизмді анорхизмнен ажыратуға тура келедi. Бұл үшiн хориогониндi организмге енгiзiп, оның әсерiн байқайды. Түбегейлi диагнозды операция жасау арқылы қояды. Крипторхизмді ауруы бар науқасты қарап, пальпация жасап қана анықтауға болады. Қоныс аударып орналасқан жұмыртқалар, пальпация жасау кезінде тері асты майына орналасқан, ісік тәрізді сәл ғана ауырсынатын, консистенциясы серіппелі жұмсақ, аз қозғалатын құрылым түрінде болады. Ұманың осы жақтағы бөлімі жиырылып дамымай қалады.
а) крипторхизм (1-жұмыртқаның қалыпты орналасуы; 2-шап крипторхизмі; 3-құрсақ қуысы крипторхизмі) б) жұмыртқаның эктопиясы (1-шаптық; 2-симфиздік; 3- сандық; 4- шат аралық; 5-қарама-қарсылық (перекрестная) Жұмыртқалар құрсақ ішінде тоқтап қалса (абдоминальдық ретенцияда) алақанға білінбейді, ал шап арасында тоқтап қалса, баланы жатқызып тексергенде алақанға білінеді. Шап арнасынада тоқтап қалған жұмыртқа қозғалмалы болғанымен ұманың түбіне дейін түспейді. Жалған шап крипторхизмінде жұмыртқалар жоғары-төмен қозғалып тұрады.Шын шап крипторхизмін жалған шап крипторхизмінен ажырату үшін баланы жатқызып шап өзегінің үстінен қатты баса отырып, алақанға білінген жұмыртқаны төмен сығымдап итеру керек. Кремастер рефлексі өте белсенді балаларда жалған крипторхизмнің белгілері жиі ұшырасады. Жұмыртқалардың сперматогендік функциясының бұзылуы, құрсақ қуысы температурасының ұмадағы температураға қарағанда 1,5-60 жоғары болатындығына байланысты, температура әсерінен ағза паренхимасы склерозданып семе бастайды. Бұл өзгерістер 10-11 жастан кейін қайта қалпына келмейді. Крипторхизмнiң негiзгi асқынулары: оның iсiкке айналуы, бұралып қалуы және бедеулiк. Шын крипторхизм екі жағынан болғанда инфантилизм және дисфункция анықталады. Крипторхизм кезінде, құрсақ астарындағы қынап өсіндісінің қуысы әлі жабылып үлгермегендіктен, кей ауруларда шап жарығы қоса кездеседі. Емдеу. Крипторхизмі бар нәрестелерде, жыныс ағзасы жетілгенге дейін жұмыртқасының орнына түсу мүмкіндігі бар екендігін ескере отырып, тым ерте операция жасау тек көрсеткіштер болғанда (орнына ауытқуына байланысты жұмыртқаның айналып кетіп өлі еттенуі, қысылуы, семуі сияқты асқынулар) ғана жасалады. Операция негізінен 1,5-2 жаста жасалады. Операцияның түрi крипторхимнiң түрiне байланысты: абдоминальдық немесе инвагиналдық. Операция бірнеше тәсілмен жасалады (Китли-Тороко-Герцен, Джавад-Заде, Петривальский, Шумахер т.б.). Ғылымның соңғы жылдардағы жетiстiктерiне қарағанда орнына түспеген жұмыртқаны орнына түсiру шараларын баланың 2 жасынан бастаған жөн. Операция жасауға байланысты көрсеткiштер: 1) баланың жасы 2 жасқа дейiн болу керек 2) гормондық емнiң нәтижесiздiгi 3) ауырсыну 4) крипторхизм жарықпен қабаттасуы 5) ЛГ (лютеинзациялаушы гормон) мөлшерi 124,8 СИ/л 6) Жұмыртқа эктопиясы 7) Асқынған түрi.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.011 с.) |