Сабақтың жоспарланған кезеңдері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Пәнаралық байланыс

Сабақ мазмұны тарих, елтану салаларымен байланысады

Алдыңғы білім

Оқушылар 5,6, 7-сыныптан мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы –

5мин.

Ширату жаттығуы «Қара жәшік» әдісі

1. «Ғ»әрпінен басталатын қандай сөз?

2. 12-сәуірде тойланатын күн?

3. Алғаш рет итті қайда ұшырды?

4. Скафандр киімін не үшін киеді?

Қара жәшік пен таратпа қағаз

Сабақтың ортасы

30 мин

 

Топтастыру:оқушыларды аспан, күн, ғарыш таратпа қағаздарын таңдауына байланысты3 топқа бөлу.

1-топ.«Аспан»

2-топ. «Күн»

3-топ. «Ғарыш

Тыңдалымалды тапсырмасы

ТЖ. «Бір сурет, бес сөйлем»» әдісі

Тоқтар Әубәкіров туралы ақпарат беріңіз.

Бағалау критерийі:иллюстрациялар арқылы тақырыпты көтерілетін мәселені болжайды;

Дескриптор:

- тұлға туралы 5 факті келтіреді;

- сабаққа тақырып ұсынады;

ҚБ.Өзара бағалау. «Бағдаршам» әдісі

Тыңдалым тапсырмасы

С.Т.Әубәкіров туралы аудионы тыңда.

Қажет сөздер:

ұшқыш- лётчик

бос уақыт – свободное время

батырлық –героизм

сынақ-испытание

ғарыш-космос

рекордтар кітабы-книга рекордов

әскери ұшқыш-военный лётчик

арман-мечта

 

Жас кезінен қалай да ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының «Бірінші Мамыр» ауылында туған.Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді.Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды.Ол,ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып,парашюттен секіруге әуестенді.Осылай асыл арман аясында жүріп,ол орта мектепті бітірген соң,Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті.

Инженер-ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар Қиыр шығыста жұмыс істеп жүріп 1-дәрежелі әскери ұшқыш атағын иеленді.Өз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол аса жауапты да қиын жұмыстар атқарды:түрлі маркадағы бірнеше әскері ұшақты сынақтан өткізді.Албырт жастың әлі де алдына қойған мақсаттары көп еді,ақыры ол өз арманына жетті.1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып,сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты.Осы батырлығы үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылды.

Тоқтар 50-ден астам жаңа ұшақты сынақтан өткізді. Осындай өміріне аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырғаны үшін ержүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақ жігіті Отан алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығына осылай дәлелдеді.

Ресейдегі әскери қызметтен босаған соң, Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекетіміздің ғарыш саласындағы істеріне басшылық жасады. Елбасының ғарыш істері жөніндегі кеңесшісі болды. Тоқтар Әубәкіров –техника ғылымдарының докторы (1988), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры(1995). Тоқтар Әубәкіров-Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.009 с.)