Орытынды. Резюме. Мустаяпова гулжайна болаткызы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Орытынды. Резюме. Мустаяпова гулжайна болаткызы

ҚОРЫТЫНДЫ

   Бұл ғылыми зерттеу жұмысының жоғарыдағы екі тарауында қарапайым балалардан ерекшеленетін дарынды балалар мәселесі қарастырылды.  

   Осы уақытқа дейін елімізде небір дарынды да, талантты адамдар шықты. Дарынды адамдар өзінің қандай да әрекет сферасында қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, қоғамымызға қаншама жаңалықтар енгізіп отырғаны белгілі. Шын мәнісінде дарынды балалар қарапайымдар сияқты, қоршаған ортадан ойымен, ісімен, ықыласымен ерекшеленетінін түсінбей қалатын жағдайлар кездесіп отыр.     Дарындылар үшін басшылық, жетекшілік, көсемдік және озаттық іс секілді қасиеттер үлкен рөл атқарады. Олар өзімен жасты балалармен көбінесе топтағы жетекші және ұйымдастырушы рөлді өз қолына алады. Мұндай бақылауларға негізделе отырып, көптеген зерттеушілердің көзқарасы бойынша дарынды балаларда басқа балалар үстінен басшылық ету бейімділігі бар деуге болады.

   Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагог-психолог мамандардың атқаратын рөлі бір бөлек. Тұлғаның қалыптасу заңдылығын білу педагог үшін объективті түрде оқу-тәрбие процесінде мақсаттар қоюға және оның жұмыстарының нәтижелі болуына өз жәрдемін тигізері сөзсіз. Педагог-психологтың дарындыларды зерттеу жұмыстарын психологиялық тұрғыдан бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады.

   Дарындыларды зерттеудегі педагог-психолог қызметінің құрылымындағы басты бөліктер төмендегідей:

· оның бағыттылығы, яғни, өмірлік позициясы, сенімі, талғамы мен қызығушылығы;

· тұлғаның танымдық-психикалық қасиеттері (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау және қиял, яғни танымдық процесстері);

· адамның сезімі және ерік-жігері;

· тұлғаның темпераменті, яғни, мінез-құлқының табиғи ерекшелігі;

· тұлғаның мінезі (психикалық сипаты);

· тұлғаның қабілеті (іс-әрекет мүмкіншілігі).

   Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен абстрактылы ойлауға негізделген есте сақтауы жақсы жетілгендігі туралы жоғарыда айтылған болатын. Олар топтастыру қабілетінде және мәлімет пен тәжірибені категориялауда бар білімді кең көлемде қолдану ерекшелігімен байқалады. Сонымен қатар, топтастыру мен шешімге бейімділігі басым болады. Дарынды балалардың сүйікті ісі көп жағдайда коллекция жинау. Балаларға өз коллекциясын жүйелеп жинау мен қайта жасау жоғары қуаныш сезімін әкеледі, дегенмен, әсемдеу, тәртіппен жинау олар үшін мақсат болып табылмайды.

   Қорытындылай келе, дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті - мыңды жығатын білімде бола отырып, оны дамытуды педагогтардың дұрыс үйлестіре білуі басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

     Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде біз төмендегідей ұсыныстарды ұсынамыз:

· дарынды балалармен жұмыстарды жүргізу бағыттары бойынша педагог-психологтардың тәжірибесі насихатталса;

· дарынды балаларда кездесетін жағымсыз қасиеттерді психокоррекциялау жұмысы жүйеленсе;

· дарынды балалардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бойынша мектеп педагогтарымен және ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілсе;

· дарынды балаларды психодиагностикалау бағытында кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілсе.

 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі.

 

1.      Дарынды балалар- ел болашағы.  

       «Жас ғалымдардың жинағы» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік   

        университетінің 75 жылдыққа арналған (баспада).//

    2.     Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері.

       //«Жаңа формациядағы педагогтарды даярлау мақсатында

         инновациялық технологияларды оқу -тәрбие үрдісіне енгізу 

         мәселелері» атты Халықаралық ғылыми –тәжірибелік интернет-

         конференцияның материалдары. І том.-80-83 б.  

                  Шымкент-Мәскеу, 2012.//

 

                                                               РЕЗЮМЕ



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)