Бірінші бағыт: Дарынды балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бірінші бағыт: Дарынды балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері.

Интеллекттік тапсырманы орындаудағы жетістіктер мен орталық жүйке жүйесі қызметі арасындағы корреляциялық тәуелділікке бағытталған тұжырым (А.Н.Лебедев, В.Д. Небылицин, Р. Стернберг). Бұл тұжырымдарға сүйенсек дарындылықтың төмендегідей физиологиялық негіздерін анықтауға болады:

· оң жақ ми нейропсихологиялық басым болса, жаратылыстану-математикаға бейім болады;

· сол жақ ми қызметі басым балалар қоғамдық-гуманитарлық бағытқа бейім болып келеді.

Осы орайда, балалармен жұмыстарды жүргізуде психофизиологиялық ерекшеліктері ескеру басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Екінші бағыт: Психогенетикалық- интеллектінің дамуында генотип пен ортаның детерминантын негіздейді (Ф. Гальтон, М.С. Егорова, Т.М. Марютина, И.В.Равич-Щербо).

Үшінші бағыт: Тестология- интеллекті мен когнитивті функцияларды психологиялық өлшеу (Бине, Г.Айзенк, Р. Амтхауэр, Д. Векслер, Дж. Равен).

Төртінші бағыт: Жалпы психологиялық- дарындылықтың қайнар көзі ретінде ойлауды және когнитивті функцияларды зерттеуге басым бағдарланады. Бұл бағыт гештальпсихологиядан (М. Вергеймер, К. Дункер, Л. Секей) бастау алады. ХХ ғасырда шетел (Дж.Гилфорд, Г.Клюке, А.Осборн) және кеңес психологиясында                                      (А.В. Брушлинский,Л.Ф. Бурлачук, Л.С. Выготский, З.И. Калмыкова, С.Л.Рубинштейн, Я.А. Пономарев, Д.Б. Эльконин) дамыды. Осы бағыттың бір арнасы- дарындылықты қабілет құрылымында зерттеу (Э.А. Голубева, В.А.Крутецкий, Б.М. Теплов,                            Е.М. Торшилова).

Бесінші бағыт: Әлеуметтік-психологиялық- интеллекттік қабілеттердің аффективті даму деңгейімен және индивидтің әлеуметтік статусымен корреляциялау мәселесін қарастырады (А.Г. Асмолов,В.С. Мухина).

Мектеп педагог-психологы дарындылықты диагностикалауда белгілі бір принциптерге сүйенуі тиіс. Білім беру дәстүрлеріне сәйкес дарындылықты психодиагностикалауда мынадай принциптерге сүйену қажет: кешенді бағалау принципі; ұзақ уақыт принципі; тренингтік әдістерді пайдалану принципі; баланың мүмкіндік әлеуетін ескеру принципі.

Дарынды балаларды пилотажды зерттеу арқылы психодиагностикалауды төмендегі төрт деңгейде ұйымдастыру керек.

 

1-кесте. Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдаламасы

 

Деңгей

Сипаттамасы

Анықтау деңгейі

Бала туралы алғашқы мәліметтер жинақталады. Бұл жерде мәліметтер педагог-психологтардан, педагогтардан, ата-аналар мен балалардан жинақталады.

· Педагог-психологтарға ұсынылатын тесттер:

1. Интеллекттік дамуды анықтауға арналған Д.Векслер, Дж. Равен тестілері;

2. Креативтілікті бағалауға арналған «Шығармашылық ойлаудың қысқаша тестісі (мүсін форма)» (И.С. Аверин, Е.И. Щебланова бейімдеген П. Торренс тестісі); «Ерекше пайдалану» (И.С. Аверин, Е.И. Щебланова бейімдеген Дж. Гилфорд тестісі);

3. Психоәлеуметтік дамуды бағалауға арналған әдістемелер (Р. Кеттелдің «16PF» тестісі)

· Педагогтарға:

1. «Дарындылық картасы»;

2. «Бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған қызығушылық картасы»;

3. «Анкета-мінездеме» (Дж. Рензули бейімдеген);

4. «Интеллекттік портрет» әдісі;

· Ата-аналарға ұсынылатын әдістер:

1. «Дарындылық картасы»;

2. «Ата-аналарға анкета»;

3. «Бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған қызығушылық картасы»;

4. «Баланың жалпы дарындылығын бағалау әдісі».

Бағалау-коррекциялық кезең

Бұл кезеңде алынған алғашқы мәліметтердің нақтылауға бағытталады. Бұл жерде тренингтік әдістер пайдалану ұсынылады.

Өзіндік бағалау кезеңі

Балаға өзбетінше жұмыс жасау үшін тапсырмалар ұсынылады.

Қорытынды таңдап алу кезеңі

Бұл кезеңде баланы зерттеу барысындағы мәліметтер жинақталып, дарынды балалар іріктеледі.

 

Дарындылықтың теориялық зерттеулеріне талдау жасай келе, оның түрлерін зерттеу әдістерін жүйелеп отырмыз.

 

2-кесте. Дарындылық түрлерін психодиагностикалау әдістері

 

Дарындылық түрі

Диагностикалау әдісі

Психомоторлық дарындылық

· 11 субтесттен тұратын тұратын Пурдье тестісі- перцептивті-қозғалыс қабілетін анықтау;

· Крауфордтың ұсақ заттармен манипуляциялау икемділігі тестісі;

· Д.Арнхеймнің және У. Синкердің негізгі қозғалыс дағдыларына негізделген тест-баланың көз, қол қозғалыстарын орталықтандыру қабілеті;

· К.Беррптің көру-қозғалыс координациясы тестісі-арнайы аппараттың қажеттіліг жоқ, мұнда тек қағаз және карандаш ғана қажет. Балаға біртіндеп күрделеніп салынатын 24 сурет салу сұралады.

2-кестенің жалғасы

 

Интеллекттік дарындылық

· А.Биненің интеллектіні анықтауға арналған тестісі;

· Л.Терманның ақыл дарындылығын анықтауға арналған тестісі;

· Когнитивті ептілік тестісі;

· Р.Кеттелдің «Мәдени тәуелсіз» интеллектік тестісі;

· Векслер тестісі;

· Р. Амтхауэрдің интеллект құрылымы тестісі;

Шығармашылық дарындылық

· Дж.Гилфордтың креативтілікті анықтауға арналған тестісі;

· Бейнелік шығармашылық ойлауды анықтауға арналған П. Торранс тестісі;

· Вербальді шығармашылық ойлауды анықтауға арналған П.Торранстың тестісі;

· С.Римм ұсынған талантты анықтауға арналған қызығушылық тестісі.

Қарым–қатынас аймағындағы дарындылық

· Психологиялық-педагогикалық тренингтер;

· Қарым-қатынас тренингтері

 

Осы бөлімде дарынды балалардың даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу бағытындағы жұмыстарға тоқталып отырмыз. Дарындылар дегенде біз үлгірімі жоғары, тәртіпті, ұқыпты және тиянақты және т.б. жағымды қасиеттер тән бала назарға алынады. Дегенмен, дарынды балаларға барлық жас ерекшеліктерде кездесетін жағымды және жағымсыз психологиялық ерекшеліктер тән. Осы орайда, дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде ғалымдар жағымсыз ерекшеліктерді де атап көрсетті. Олардың топтамасын төмендегіше береміз:

 

3-кесте. Дарынды балалардағы жағымсыз психологиялық ерекшеліктер

 

Автор

Жағымсыз қасиеттер

К.Тэкэкс

Әсіреленген қорқыныш сезімі

Әңгімелесушіні соңына дейін тыңдамау, қайта-қайта бөле беру

Басқаларды түзетуге әдеттену

Айналасындағыларға талап қою

Л. Холлингуорт

Мектепке жағымсыз қатынас

Философиялық мәселелерге бой ұсыну

Дж. Уитмор

Шынайы емес мақсаттар қою

Шектен тыс сезімталдық

Ересектердің назарында болуға ұмтылу

Шыдамсыздық

 

Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық бағытын зерттеу кезінде, олардың осы жастағы қызығушылығы тұрақсыз болатындығын ескеріп отыру керек. Дегенмен, бұл зерттеу жұмысынан бас тартуы себепкер болмауы тиіс. Баланың қызығушылығы мен бейімділігі анықталмай, педагогикалық іс-әрекет нәтижелі болмайды.

Қорыта келе, дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінде де өзгерістер байқалды. Олар бұған дейін ешбір ескертулерді көтермей, тек балалардың алды болуға, өзгелер алдында өзімшілдік қасиеттерімен сипатталса, эксперименттен кейін айналадағылармен санаса білетін, берілген ескертпелерге қалыпты қарай білетін, достарының алдында өзін адекватты бағалайтын тұлға ретінде танылды. Себебі, педагог-психолог қызметі жүйелі түрде жүргізіліп, жоғарыда айтылған талаптар педагогтар тарапынан орындалуы шарттардың бірі ретінде алдыңғы қатарға шығады.

   Дарындыларға оқуда қиындық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын балалар жатаны белгілі. Мұндай балалар барлық педагогтарға ұнайтыны сөзсіз. Дегенмен біз жұмысымызда дарындылық тұжырымдамаларына негізделе отырып, жағымсыз қасиеттерін жүйелеп отырмыз. Осы жағымсыз қасиеттерін назарда ұстай отырып, олармен педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Жұмысымызда дарындылықты психодиагностикалау бағыттары қарастырылды. Осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, педагог-психолог дарындылармен жүргізілетін жұмыстары жүйеленді.

   Білім беру жүйесінде педагогтардың дарындылармен жүргізілетін жұмыстарының басты мақсаттарының бірі олардың шығармашылық жұмыста өзінің әлеуетін жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру болып табылады.Оқу-тәрбие процесінде қойылған мақсатқа жету үшін дарындылардың оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оның когнитивті белсенділігін дамыту үшін кешенді бағдарламалар құрылу керек.

Бұл бөлімде біз дарындылармен жұмыс түрлеріне, педагог тұлғасына қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарға, педагог-психологтың психодиагностикалық жұмыстарына, дарынды балалармен жұмыста кездесетін келеңсіз жағдайларға тоқталып өттік. Сонымен эксперимент нәтижелерін қорыта келе мына жағдай анықталды:

1. Мектепте дарындылықты анықтауда және оны дамытуда педагог- психолог қызметінің рөлі ерекше;

2. Бастауыш сынып жасы когнитивті әрекеттердің сензитивті кезеңі болып табылады. Сондықтан қабілет құрылымындағы дарындылықты ерте кезден анықтап, оны дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі мазмұныға келтіру басты мәселелердің бірі;

3. Қабілет құрылымындағы дарындылықтың өзіндік сипаты мен ерекшеліктері бар;

4. Дарындылықты кешенді әдістер арқылы дамыту әлеуетін жоғарылатуға болады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)