Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
МҰСТАЯПОВА ГҮЛЖАЙНА БОЛАТҚЫЗЫПоиск на нашем сайте
ӘӨЖ 371.015.3:371.12:159.928 Қолжазба құқығында
МҰСТАЯПОВА ГҮЛЖАЙНА БОЛАТҚЫЗЫ Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
6М010300 – «Педагогика және психология»мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012 ж. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Музыка-педагогикалық» факультеті, «педагогика және психология»кафедраларында орындалды.
Ғылыми жетекші: психология ғылымдарының кандидаты А.Ж. Аяғанова
Ресми оппонент: Пс.ғ.д., профессор С.Қ. Бердібаева
Диссертация 2012 жылдың «____»маусымында сағат ____Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №36 А, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық» факультеті, 4 қабат, №_____ дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, дарынды балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі анықталды. Сонымен қатар, дарынды балалардың қабілеті талданып, олардың танымдық процесстерінің ерекшеліктері талданды. Дарынды балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда қабілет ерекшеліктерінің категориялары мен критерийлерін ескеру қажеттігі дәлелденді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда болып жатқан қоғамдық-тарихи бетбұрыстар жеке тұлға туралы көзқарасты қайта қарауды талап етіп отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған ҚР 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес жарлығымен бекітілген «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» байланысты білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басым бағыттары мен тетіктерін қамтиды. Бұл бағдарлама ҚР «Білім» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде тұңғыш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллекттік дамуы, тұлғаның ерекше қабілеті, яғни, дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Себебі, ғылым мен техниканы және өндірісті бүгінгі әлемдік стандарттағы деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар, білікті мамандар қажет. Міне мұндай мамандар дарынды балалардың ішінен шығатыны сөзсіз. Тұлға дарындылының ерте көрінуі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда, психологиялы ғылымындағы дарындылық туралы жеткілікті пайымдаулар болса да әлі жүйелі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Себебі, “дарынды балалар” ұғымының астарында жатқан психологиялық мәселелерге терең үңілу қажет. Бүгінгі күні дарынды және талантты балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру Қазақстандық білім беру жүйесінің жетілуіне жаңа міндеттерді қояды. Дарынды балаларды тұлғалық дамыту мен тәрбиелеу мемлекеттің шығармашылық әлеуеті қалыптасуының мүмкіндігін шешеді. Сонымен қатар, қарқынды ғылыми- техникалық және әлеуметтік прогресс, өндіріс пен әлеуметтік өмірдің барлық салаларының, білім мен мәдениеттің әрі қарай даму мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Психология ғылымында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу адамның шығармашылық дамуының тамаша үлгілерін құрайды. Көптеген зерттеулер мен тәжірибелер көрсеткендей дарындылықтың дамуы қандай да болмасын дамудың бір кезеңінде тоқталып қалуы, ал кей жағдайда тереңдетілетінін көрсетеді. Осы орайда, дарынды тұлғаны дамытуда арнайы ұйымдастырылған психологиялық көмек және қолдау қажет. Бүгінгі күні дарындылық мәселесінің феноменін зерттеуде «төңкеріс» немесе «жарылыс» кезеңі байқалуда. Психология ғылымында бұл мәселені зерттеуге көптеген шетел ғалымдары Г. Мелхорн, Х.Мелхорн, Дж. Гилфорд, Т.Мейснер және Ресей психологтары А.М.Матюшкин, В.С. Юркевич, Б.М.Теплов, В.Э.Чудновский, Ю.Д.Бабаева, сонымен қатар, Қазақстандық зерттеушілер У.Б.Жексенбаева, Л.М.Нарықбаева елеулі еңбек сіңірді. Зерттеушілердің анықтауынша үстіміздегі ғасыр шығармашылық дамуының өзектілігінің себебі: қазіргі кездегі қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайларымен шешіледі. Дарынды да талапты жас ұрпақ-бүгінгі мемлекеттің келешегі. Осы адам ресурстары мен капиталын тиімді пайдалану үшін дарынды балаларды өз мүмкіндігін толығымен пайдалана алатын тұлға ретінде қалыптастыру үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру қажет. Жоғарыдағы айтылған мәселелерге қойылған міндеттерге орай мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін ғылыми тұрғыда негіздеп, оны дұрыс ұйымдастырғанда ғана қол жеткізіледі. Қоғамдағы тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарындылық аса жоғары бағаланатыны белгілі. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты - дарындыларды жастайынан анықтай білу. Кез-келген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі елімізде өзінің алдында түрған міндеттерді өзбетімен шешім қабылдауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Тұлғаның білімге құмарлығы немесе ми қызметінің белсенділігі, жалпы түрде ми қабілеттілігінің мотивациялық факторлар ретінде ұсынылады. Білімге құмарлықтың тұруы тағы да бір маңызды ерекшелікке байланысты, зерттеулер қатарында белгіленген. Қазіргі өскелең ұрпақ еліміздің болашақ зиялы қауымы мен өкілдері болып табылады. Сондықтан, дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиеттері мен әлеуетін бағалап, психологиялық ерекшеліктерін тиісті деңгейде зерттеп, білу, өмірде өз орындарын табуға педагогикалық және психологиялық жағдай жасау – ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе жалпы білім беретін орта мектептерде әлі де болса зерттеулер жүргізуді талап етіп отыр. Осы орайда, дарынды балалардың қабілетін анықтауда мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыстар бағдарламасын жасау қажеттігі туындайды. Аталмыш мәселелер бойынша қазіргі қоғамның қажет етіп отырған бәсекелестікке қабілетті тұлға қалыптастыру мен мұның негізінде теориялық және әдістемелік бағдарламалардың арасындағы қарама-қайшылық тақырыпты «Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі» деп таңдауымызға негіз болды. Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу. Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады: · психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми теориялық талдау; · дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық жүйелеу; · дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін анықтау; · дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық ұсыныстар жасау. Зерттеудің жетекші идеясы: дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері бойынша зерттеулер мазмұны байытылып, олармен жүргізілетін жұмыс түрлері жүйеленіп, сол арқылы педагог-психолог қызметі ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделеді. Зерттеу пәні:дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі. Зерттеу нысаны: дарынды балалармен ұйымдастырылатын жұмыстар. Зерттеудің болжамы: егер, дарынды балалар психологиясы ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, олармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі жүйеленсе, онда қабілет құрылымындағы дарындылықты дамыту әлеуеті жоғарылайды. Зерттеудің жаңалығы: · дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері теориялық талдау негізінде зерттелінді; · дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі жүйеленді: · Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдаламасы ұсынылды; · Дарынды балалармен жұмыстарда кездесетін келеңсіз жағдайлар анықталды. Қорғауға ұсынылатын жағдайлар: · дарынды балалардың танымдық процесстері мен тұлғалық ерекшеліктеріне тұпнұсқалық тән; · дарындылықты дамытуда педагог-психологтың рөлі ерекше; · психология ғылымында педагог-психологтың дарынды балалармен психодиагностикалық жұмыстары жүйеленген; · дарынды балаларға тұлғалық жағымсыз қасиеттер де тән. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бiздiң зерттеуiмiзге дарындылықты зерттеудің теориясы мен тұжырымдамасының негізі (Ю.З.Гильбух, К.А.Хеллер, К.Юнг, Н.С. Лейтес), жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық іс- әрекеттің рөлі (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин) мен ерекшеліктері туралы (И.П. Волков, А.И. Савенков, В.В. Давыдов), Қазақстандық ғалымдар У.Б. Жексенбаеваның, Қ. Әбдібекқызының, Л.М. Нарықбаеваның ғылыми зерттеулері құрайды. Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу проблемасы бойынша психологтарының, педагогтарының, философтардың ғылыми еңбектерi.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.006 с.) |