Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Dermacentor Ixodes- Жайылым кенесіСодержание книги
Поиск на нашем сайте Бүйі (Lycosa sіngorіensіs) – өрмекшілер отрядының бүйі туысына жататын ірі өрмекші. Қазақстанның Шөл-шөлейтті, далалы аймақтарында кең тараған, әсіресе, ылғалы мол өзен-көл жағалауларында жиі кездеседі. Дене тұрқы 25 – 35 мм, өне бойын түк жапқан, түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден тереңде 50 – 70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш жемтігін, көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Клиникасы. Бүйі шаққанда бірден білінеді.Шаққан жері ісіп,некроздалып бүкіл денеге тарайды. Адамның басы айналып, дене қызуы көтерілуі мүмкін.Мұндай ауруды «тарантизм» деп те атайды. Емі.Тері астына,ауыр жағдайда көк тамырға қарақұрттың уына сарысу енгізіледі.Жүрекке қолданылатын дәрілер көктамырға жіберіледі.
Кенелер Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі. Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады. Эпидемиологиялық тұрғыда маңызды кенелер:иксод кенелері (Ixodes persulcatus),жайылым кенелері (Ixodes dermacentor), аргас және гамаз кенелері. Даму кезеңдері:жұмыртқа-дернәсіл-нимфа-кене Кенелер - дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.Нимфа (гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді) - қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады
Тайгалық кене адамға ең қауіпті ауру - энцефалит (ми ауруы) ауруын жұқтырады.Табиғатта тайга кенесі әр түрлі жануарлардың денесінде орнығады. Сорған қаны арқылы бір жануардан екінші жануарға энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Осылай табиғатта ауру қордасы пайда болады. Кене энцефалитінің вирусы - тасымалдаушы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш. Кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрі белгілі бір аумақта бір жануарлардан екінші жануарларға ұзақ уақыт айналымда болады. Жұқпа қоздырғышы сақталатын осындай аумақ қандай болса да, бір аурудың табиғи қордалы деп аталады. Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны академик Евгений Никанорович Павловский және оның шәкірттері жасады. Қазақстанда бұл салала академик Илларион Григорьевич Галузо (және профессор М. М. Ременцова) көп үлес қосты. Қышыма кене.Адам үшін қышыма кене - өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2-0,5 миллиметрден аспайды. Сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана толық көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады. Бұл құбылыс оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттарының денеге сіңуінен болады. Қышыма кене мал денесінде жайлап, адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Қышыма кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырлан мазасызданіп, арып-талып, әлсірейді. Қотырды денеге дәрі-дәрмек жағу арқылы ем дейді. Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе - бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе - екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе - үш иелі кенелер тобына жатады. «Қансигек» ауруы мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 проценті шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы — пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41—42°С-ге дейін көтеріліп тыныш-сызданады, жүректің және асқазан жолының бұзылуы нәтижесінде қан сиеді, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы — жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі. Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейіп кетеді де, мал осы мезгілде «қансигек» ауруына жиі ұшырайды.Бұл кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады, сондықтан кенелерді кездестірген жайылымнан малды 9 айдай кенесіз басқа табынға ауыстырса, мал пироплазмозбен ауырмайтын болады. Акариформдық кенелер.Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қамба кенесі.Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе -қамба кененің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады. Мамықкенелерқұстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауықта) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Алма кенесі - тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Ол алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7 - 9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2 - 4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады. Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі - өрмеккене. Мөлшері 0,2-1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяқтарында өрмек бездері болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорады. Сондықтан өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген өсімдік солады. ұрықтанған аналық кенелер қыркүйек - қараша айларында қыстамаға жатады. Олар ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі. Қансорғыш кенелер (Ixodіdae) – өрмекшітәрізділер класы, кенелер отрядына жататын тұқымдас. Жер шарында кең тараған мыңға жуық түрі белгілі (соның ішінде ең үлкен маңызы бар топ – Ixodes туысы). Қансорғыш кенелер – ең ірі кене, әсіресе, қанға тойып алғанда дене тұрқы үлкейіп 10 – 15 мм-ге, кейбіреулері 20 мм-ге дейін жетеді, аш кезінде 3 – 5 мм. Буынаяқтылардан айырмашылығы – денесі бас, көкірек және құрсақ болып буындарға бөлінбеген. Қансорғыш кенелер аналығының дене тұрқы аталығынан үлкен. Бұлар негізінен ашық далалық аймақтарда, мал жайылатын жерлерде тіршілік етеді. Ересек қансорғыш кенелер ірі жануарлардың (тұяқтылар, жыртқыштар) қанын, ал дернәсілдері – кеміргіштердің, жәндікқоректілердің, ұсақ жыртқыштардың, құстардың қанын сорады. Қансорғыш кенелер аштыққа өте шыдамды, әдетте, бірнеше айға, кейде тіпті 2 жылға дейін шыдайды. Қансорғыш кенелер жылына бір рет көбейеді. Өсімталдығы өте жоғары. Аналығы бір рет жұмыртқа (15 – 18 мыңдай) салады да, өзі өліп қалады. Қансорғыш кенелер – сарып, туляремия, пироплазмоз, қайталама сүзек, оба, гемоспоридиоз, т.б. ауруларды таратушылар. Олар ауру қоздырғыштарын (спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) кемірушілерден, жәндікқоректілерден, құстардан, жабайы жануарлардан өздеріне жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, адамды шаққанда жұқтырады. Бұдан адам және мал көп зиян шегеді. Мысалы, Қансорғыш кенелер шаққан малдың салмағы төмендеп, сүт беруі азаяды. Қансорғыш кенелердің ең қауіпті өкілдері Ixodes persulcatus және Ixodes rіcіnus – кене энцефалиті ауруын таратушылар. Табиғатта энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, сұр тышқанда және құстарда кездеседі. Ал Dermacentor pіctus және Hyalomma – туляремия, қырым геморрагиялық қызбасының таратушылары
Кенелерді жою шаралары және жинау әдістері. Кенелермен күресу шаралары 4 бағытта жасалады: 1.Көп жылдық егістік жерлерді дамыту. 2.Кеміргіштерді жою-дератизация 3.Жануарларды акрацидтік препараттармен өңдеу-дезинцекция 4.Адам тұратын жерлерді өңдеу. Адамдар арасында кене шағуымен байланысты аурулар тіркелсе,ол аймақтарды гексахлоран,карбофос,трихлофос дустымен немесе суспензия,эмульсиясымен немесе аэрозольдармен залалсыздайды.Өңдеу ерте кқктемде жүргізіледі.Өңдеуден соң 20-25 күнге дейін мал жаюға болмайды.Жергілікті жер қолайлы болса өртеуге де болады.Үлкен аймақтарды ұшақпен өңдейді.Жануарлардағы кенелерді жою үшін 6 % гексохлоран дусты,1% карбофос немесе хлорофос эмульсиясын қолданады. Кенелерден сақтану шаралары: 1.Арнайы сақтандыру киімін кию қажет.Киім кең болмауы,балағы байланатын болу керек. Қара түсті киім болмайды,себебі кенелер көрінбей қалуы мүмкін. 2.Репеленттерді киімге,теріге жағу,акрацидтік препарпттар қолдану. 3.Әр 10-15 мин. сайын кенеге өз-өзін тексеру. 4.Жұмыстан соң киімдерді мұқият тексеру 5.Дем алыс орындарын,лагерлерді кенеге тексеру және мал жайылымдарынан қашықта орналастыру. 6.Жиналған кенелерді керосин құйылған банкаға салып,өртеу.Қатты жабысқан кенелерді май немесе вазелин жағып алу және орнын йод немесе спиртпен өңдеу. Кенелерді жинау әдістері: · Жалау әдісі · Сүйрету әдісі · Жіп немесе ұршық әдісі · Ерлеу әдісі 1.Жалау әдісі ақ түті матадан 80х40см жалау жасалады.Жалауды ұзын таяққа байлайды да шуақты күндері кенелерді жинау басталады.Жалаумен шөптердің,өсімдіктердің үстінен оңға солға сипап жиналады.Әр 7-10 қадамнан соң жалау тексеріледі. 2.Сүйрету әдісі сүйрегіш ретінде 50х100см жұмсақ мата қолданылады,матаның екі шетінен жіп байлайды.Сүйрегішпен шөптің үстінен сүйреп өтеді және әр 20-25 қадамнан соң тексеріледі. 3.Кеміргіштердің індерінен кенелер қалың жіп,арқан қою арқылы жиналады. 4.Елеу әдісінде жиналған топырақ,құмды електеп,жиналған кенелерді тексереді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 87; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.) |