Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis (Саркодиналар класы) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis (Саркодиналар класы)

Поиск

Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis (Саркодиналар класы)

Trichomonas tenax (Талшықтылар класы)

б. Ащы ішекте мекендейтін қарапайымдылар:

Лямблия - Lamblia intestinalis (Талшықтылар класы)

в. Тоқ ішекте мекендейтін қарапайымдылар:

Дизентерия амебасы -Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.)

Балантидия - Ваlantidium соlі (Инфузория класы)

г. Жыныс мүшелерінде мекендейтін қарапайымдылар:

Қынап трихомонадасы - Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)

д. Өкпеде мекендейтін қарапайымдылар:

Пневмоциста– Pneumocystus carinii (Споровиктер класы)

 

2.Ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар.

а. Трансмиссивті емес берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:

Токсоплазма — Тохорlasmа gondіі (Споровиктер класы)

б. Трансмиссивті берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:

Лейшманиялар – Leishmаnіа (Талшықтылар класы.)

Трипаносомалар – Trypanosoma brucei gambiense, Trypanosoma brucei

rhodesiense (Талшықтылар кл.)

Безгек плазмодиясы – Plasmodium (Споровиктер класы)

ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ТИПІ (PROTOZOA)

Өкілдері

Тудыратын аурулары

Мекендейтін орны

Берілу жолдары

 

Саркодиналар класы Sarcodina

Дизентерия амебасы (Еntamoeba histolytica)

Амебиаз

Ішекте

Ауыз - нәжістік

Ауыз амебасы Entamoeba gigivalis

Шартты - патогенді

Ауыз қуысында

 

Ішек амебасы Еntamoeba coli

Шартты - патогенді

Ішекте

 

 

Талшықтылар класы Flagellata

1.Лейшмания

(Leishтапіа)

а. дерматропты

б. висцеротропты

Лейшманиоз

Тері

Ішкі мүшелерде

Трансмиссивтік

2.Трипаносома

 

Трипаносомоз

Қанда

Трансмиссивтік

3.Трихомонада

(Trichomonas)

 

Трихомониаз

Несеп – жыныс жүйесінде

Жыныстық

4. Лямблия

Лямблиоз

Ішекте

Ауыз – нәжістік

 

Споровиктер класы Sporozoa

1. Плазмодия

(Plasmodium)

Безгек

Қанда

Трансмиссивтік

2. Токсоплазма

Токсоплазмоз

Тінде, несеп – жыныс жүйесінде

Вертикалдық

3. Саркоциста

Саркоцистоз

Тінде

 

4. Кокцидия

Кокцидиоз

Ішекте

 

5. Пневмоциста

пневмоцистоз

Тінде

Аэрогендік

Инфузориялар классы Infuzoria

1. Балантидия

Балантидиаз

Ішекте

Ауыз – нәжістік

 

                                    

                                           

 

                                         Лямблиоз

Лямблиоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін,ішек жұмысының бұзылуымен,латенттік паразит тасымалдаушылықпен сипатталатын қарапайымдылар тудыратын,антропонозды инвазия.

Этиология.Қоздырғышы- Lamblia intestinalis. 1859жылы Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты. Паразит вегетативтік түрінде (трофозоит) өмір сүреді. Денесі алмұрт тәріздес, оң және сол бөліктерге бөлінген. Лямблиялар циста түзе алады, олар нәжіспен сыртқа шығып, қоршаған ортаға тарайды.

 

Лямблия цисталары қоршаған ортада сақталады:Суда 11-22 -та 16-18 күннен 2 айға дейін,ылғалды нәжісте 16-20 -та 1-4күн, 2-4 -та 21күн сақталады. Өлшемі 10-18 мкм. Барлық органоидтары мен ядролары жұпты. Ядроларының арасында екі тіректі жіпшелер жатады. Төрт жұп талшықтары бар. Трофозоиттар аш ішектің жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.

Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады. Өт жолдарында өттің әсерінен тез өледі. Вегетативтік түрлері нәжіспен бөлінбейді, бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады. Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп, цисталарға айналады. Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі. Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылық пен температураға байланысты 1 айға дейін жақсы сақталады. Құрғақтылық цисталардың жойылуына әкеледі. Адамның залалдануы ластанған қол, ойыншықтар, тағам және су арқылы іске асады. Олар арқылы ішекке түскен цисталар вегетативтік түрлерге айналады, бір циста 2 вегетативтік түр құрайды.

      

Эпидемиялық процесстің сипаттамасы.Инвазия көзі-ауру немесе тасымалдаушы адам.

Берілу механизмі- нәжіс-ауыз механизмі,берілу факторы-су,тағам,тұрмыстық заттар. Лямблиялар цистамен ластанған су,тағам,әсіресе көкөніс,жемістер,құрал-саймандар болып табылады.

Лямблия тасымалдаушылық кең тараған,ол 2-4 жастағы тексерілген бададардың 20%-да,ересектердің 3-5%-да кездеседі.АҚШ-та ішек ауруымен науқастанғандардың 4%-ң нәжісінде лямблиялар цисталары табылған.

 

Патогенезі және клиникалық белгілері. Инфекциялық процестің даму ықтималдығы организмге түскен цисталардың санына, асқазанның қышқылдығына және адамның иммундық статусына байланысты.

Аш ішектің шырышты қабатында паразиттік өмір сүретін лямблиялар ішекті жауып тастайды, ішек қабырғасындағы ас қорыту қимылын бұзады, тамақ ингредиенттерін сіңіруді төмендетеді. Лямблиялар өттің әсеріне өте сезімтал, сондықтан олар өт жолдарына патологиялық процестерді тудыра алмайды.

Аурудың клиникалық көріністері негізінде асқынған энтероколит түрінде (бірақ қанды диарея ретінде емес) байқалады және де жаман иісті сұйық нәжіс,метеоризм, іштің ұстамалы ауруды, құсу, кекіру болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)